ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5 тармақтары, 113-бабының 2-тармағы және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінің қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы нысаны;
6) осы бұйырыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы нысаны;
7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы нысаны бекітілсін.
2. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 1 қосымша |
Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 111-бабы 2 және 5 тармақтарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) бақылау-касса машинасын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN арқылы қосу – бақылау-касса машиналарын рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін клиент пен сервер дұрыс сәйкестендірулері бар арнайы қорғалған байланыс арнасы бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосу;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
3) Қызметті көрсетуші – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық аумақтық органдары;
4) Қызметті алушы – салық төлеуші немесе қызмет алушымен еңбек қатынастарында тұрған не оның атынан сенімхат, шарт немесе өзге де заңды негізде әрекет ететін, сатып алушымен (клиентпен) бақылау-кассалық машина қолдану арқылы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмысын қамтамасыз ететін тұлға;
5) қызметтерді көрсету шарты – салық төлеушіге фискалдық деректер операторының қызмет көрсету талаптарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте салық төлеуші мен фискалдық деректер операторы арасында келісім жасалғанын растайтын қағаз және/немесе электронды түрдегі құжат;
6) "Салықтық әкімшілендіруді интеграцияланған жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "СӘИЖ" АЖ) – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есепке қоюды, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді және есептен шығаруды қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі;
7) токен – фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы деркетерді беру кезінде бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері генерациялаған сандық код;
8) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға;
10) фискалдық деректер операторының порталы – мынадай міндеттерді шешу үшін қажетті фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы, фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кіші жүйесі: ұйымды тіркеу, уәкілетті органда бақылау-касса машиналарын тіркеу, ұйымның пайдаланушыларын басқару, бақылау-касса машиналарымен жұмыс істеу үшін токен беру, фискалдық операцияларды, ұйымның кассалары бойынша Х және Z есептерді қарау, фискалдық белгіні немесе бақылау чегінің дербес кодын тексеру;
11) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ;
12) хабарлама – ХML форматындағы хабарламаның тақырыбы мен денесінен тұратын және фискалдық деректер операторының ақпараттық жүйесінен ақпаратты Комитеттің ақпараттық жүйесіне және керісінше беру үшін қызмет ететін құрылым;
13) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
14) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;
15) "SDF" ақпараттық жүйесі – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды қаматамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі;
16) Virtual Private Network (бұдан әрі – VPN) – екі тораптың ақпаратпен алмасуға арналған виртуалды жеке желі;
17) VLAN (ағыл.VirtualLocalAreaNetwork) – бұл виртуалды жергілікті желі (физикалық тұрғыда түрлі сегменттерде орналасқан, бірақ логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты және бір кеңтаралымды доменге біріктірілген желілік ресурстар тобы).
3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілген қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерден тұратын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
5. Бақылау-касса машиналарын қолдану:
1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;
4) бақылау-касса машинасын пайдалануды қамтиды;
5) бақылау-касса машинасын чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың;
6) бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуді қамтиды.
6 . "Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген
7. "Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 12-қосымшада көрсетілген
2-тарау. "Бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. Бақылау-касса машиналарын мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою
8. Салық кодексінің 110-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
9. Осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіде есепке қоюға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасқан жері бойынша мынадай стационарлық емес немесе өзге жылжымалы (мобильді) объектілер арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын көрсетілетін қызметті берушіде есепке қоюға жатады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қоюға арналған мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің "СӘИЖ" АЖ-не фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.
11. Фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру Салық кодексінің 111-бабының 3-тармағына сәйкес көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта бақылау-касса машинасын көрсетілетін қызметті берушіде есепке қою туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі - салықтық өтініш) ұсынады.
13. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы:
1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттардың, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестігін тексереді;
2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн салықтық өтініште көрсетiлген нөмiрмен салыстырады;
3) қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және тауар чектерi кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
4) бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді;
5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына көрсетілетін қызметті берушінің пломбасын орнатады;
6) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;
7) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын, қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыру үшін көзделген мөрмен куәландырады;
8) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы моделінің бақылау-касса машинасының мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;
9) көрсетілетін қызметті алушыға:
фискалдық жұмыс режимі белгіленген және көрсетілетін қызметті берушінің пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын қайтарады;
10) көрсетілетін қызметті берушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.
14. Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлға:
1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттардың, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестігін тексереді;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипатын;
3) салық органында есепке қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты тексереді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасын тіркеу есебіне қоюды фискалдық деректер операторының мәліметтерін немесе Салық кодексінің 111-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Фискалдық деректер операторы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді ұсынған кезде мәліметтерді өңдеу электрондық түрде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбенің 8-тармағында көзделген толық құжаттар топтамасын ұсынбай деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
16. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы көрсетілетін қызметті алушыға бақылау-касса машинасын көрсетілетін қызметті берушіде есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталады және көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының талабы бойынша көрсетіледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
2-параграф. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу
18. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге арналған мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.
19. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді бермей бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту үшін осы бұйрықпен бекітілген "Бақылау-касса машинасын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың" 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге қағаз тасымалдағышта ұсынады.
20. Көрсетілетін қызметті алушы бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген өзгерістер туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 111-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен әрекеттерді жүзеге асырады.
21. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді фискалдық деректер операторының мәліметтерін не Салық кодексінің 111-бабы 3-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3-параграф. Мемлекеттік кірістер органдарында бақылау-касса машинасын есептен шығару
22. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен алу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.
23. Көрсетілетін қызметті алушы осы бұйрықпен бекітілген "Бақылау-касса машинасын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректерді бермей бақылау-касса машинасын көрсетілетін қызметті берушіден есептен шығаруға салықтық өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
24. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезінде көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамы:
1) фискалдық есепті алады;
2) камералдық бақылауды және қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстыруды жүргізеді;
3) қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан көрсетілетін қызметті берушінің пломбасын алып тастауды жүргiзедi;
5) көрсетілетін қызметті алушыға:
бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақшаны есепке алу және тауар чектерi кiтаптарын;
бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасын алуды фискалдық деректер операторының мәліметтерін не Салық кодексінің 169-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
26. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және көрсетілетін қызметті алушыға бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
4-параграф. Фискалдық есепті алу
27. Фискалдық есепті көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) салықтық тексерулер жүргізілген;
2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;
3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;
4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасына жөндеу жүзеге асырылған;
5) қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабы толығымен толтырылған;
6) қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.
28. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге бақылау-касса машинасы мен мынадай құжаттар:
1) нөмірленген, тігілген, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өз қолымен және мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу және тауар чектерi кiтаптары;
2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.
Фискалдық есепті алу кезінде деректері көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
5-параграф. Бақылау-касса машинасын пайдалану
29. Көрсетілетін қызметті алушының жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:
1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың енгізуін жүзеге асырады;
2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауар чегін толтырады және береді;
3) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;
4) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану жағдайын қоспағанда, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырады;
5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін Дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті (Z-есеп) алу жолымен "ауысым соңы" рәсімін орындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану жағдайын қоспағанда, ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы сақтайды.
Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспайды.
30. Ақшалай есеп айырысуларды қайтару операциялары бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес:
деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабында жүргізілген жазба болған кезде;
сатушы (дайындаушы, орындаушы), сатып алу күні, тауар (жұмыс, қызмет) атауы, құны туралы мәліметтен тұратын өзге де құжатты қоса бере отырып деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының бақылау чегінің түпнұсқасы не фискалды деректер операторының сайтынан шығарылған бақылау чегі болған кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес автоматтандырылған тәсілмен ресімделген пайдаланылмаған теміржол, автобус, әуе билеттері үшін ақшалай есеп айырысуларды қайтару операцияларына қолданылмайды.
31. Қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
32. Төлем карточкалары пайдаланылған кездегі төлемдер сомалары ескерілген кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері фискалдық есепті алған сәттегі кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомаларына сәйкес келеді.
Осы Қағидалардың 27-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді көрсетілетін қызметті алушы (оның лауазымды адамы) көрсетілетін қызметті берушінің тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.
33. Бақылау-касса машинасының көрсетілетін қызметті беруші пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы пайда болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ақау пайда болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген көрсетілетін қызметті берушіге:
1) бақылау-касса машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, осы Бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;
2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға рұқсатты алуға құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
34. Көрсетілетін қызметті беруші салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдайды.
35. Бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатын көрсетілетін қызметті берушінің пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
36. Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін көрсетілетін қызметті берушіге табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға көрсетілетін қызметті беруші рұқсат берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
37. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінбей жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ақау пайда болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген және (немесе) оған қызмет көрсету жүргізілетін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бойынша техникалық қызмет көрсету орталығының жөндеу жүргізу мерзімі көрсетілген ақау себептері туралы қорытындысы берілген күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы көрсетілетін қызметті алушыда сақталады.
38. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:
1) басып шығармаса, анық баспаса немесе бақылау-касса машинасының чегін электрондық түрде беру жағдайларын қоспағанда, бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;
2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;
3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында көрсетілетін қызметті берушінің пломбасы болмаса немесе бүлінсе;
4) дайындаушы зауыттың таңбасы болмаса;
5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс болған кезде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.
39. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасы осы Қағидалардың 38-тармағы 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.
40. Көрсетілетін қызметті алушы қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және (немесе) тауар чектерi кiтабын толық толтырған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;
2) нөмiрленген, тiгілген, көрсетілетін қызметті алушының (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) қолымен және (немесе) мөрiмен куәландырылған жаңа қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және (немесе) тауар чектерi кiтабын;
3) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын;
4) бақылау-касса машинасын береді.
Қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасын береді.
41. Көрсетілетін қызметті беруші қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар чектерін есепке алу кітабын ауыстыруды салықтық өтініш көрсетілетін қызметті берушіде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
6-параграф. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
42. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
43. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күнінен бастап 5 (екі) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге негіз бар. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
7-параграф. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру тәртібі
44. Интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылар "СӘИЖ" АЖ және фискалдық декеретер операторларының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ФДО АЖ) болып табылады.
4. "СӘИЖ" АЖ және ФДО АЖ өзара іс-қимылы ЭҮАШ/ЭҮШ және ИШ арқылы жүзеге асырылады.
45. Комитет деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бойынша ФДО мәліметтерінің (бұдан әрі – ДБФ бар БКМ) негізінде Салық кодексінің 111-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көзделген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының мәліметтерін есепке қоюды, өзгертуді және бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
"СӘИЖ" АЖ және ФДО АЖ арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді сипаттауға сәйкес ЭҮСШ/ЭҮШ және Комитеттің интеграциялық шина (бұдан әрі – ИШ) арқылы хабарламалармен жүзеге асырылады.
46. ФДО ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді Комитетке:
1) интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы электрондық түрде, не интеграциялық өзара іс-қимылдың техникалық іркілістері болған жағдайда Комитеттің бөлінген серверіне балама тәсілмен деректерді жүктеу жолымен;
2) ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді электрондық түрде беру мүмкін болмаған кезде қағаз тасымалдағышта, осы Қағидаларда 9 "Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)" және 10 "Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару" қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
47. Комитет ФДО электрондық поштасына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ДБФ бар БКМ модельдер анықтамалығын жібереді.
48. "СӘИЖ" АЖ мен ФДО АЖ арасында өзара іс-қимылы XML хабарламалармен ЭҮСШ, ЭҮШ және ИШ арқылы веб-сервистер технологиясын пайдалана отырып асинхронды режимде жүзеге асырылады.
49. "СӘИЖ" АЖ мен ФДО АЖ арасындағы ақпараттық алмасудың техникалық талаптары "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭҮСШ, ЭҮШ арқылы "СӘИЖ" АЖ-нің ФДО АЖ-мен интеграциясы бойынша жеке Келісіммен айқындалған.
50. Өнеркәсіптік пайдалануға ақпарат алмасу іске қосылғанға дейін мынадай рәсімдерді орындау қамтамасыз етіледі:
1) тестілік стендте ақпараттық алмасуға сынақ жүргізу;
2) "СӘИЖ" АЖ және ФДО АЖ, ЭҮСШ, ЭҮШ, ИШ ақпараттық өзара іс-қимылды тәжірибелік пайдалануды жүргізу;
3) тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу, қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтауды қамтамасыз ету;
4) тәжірибелік режимде қосылатын сервистің ақпараттық сұраныстарының қарқындылығын бағалау, жүктемелік тестілеу.
51. Хабарламаларды жіберу және алу фактілері МО БКО арқылы электрондық байланыс арнасы бойынша деректерді беру кезінде ақпараттық жүйелермен көзделген деректер алмасу хаттамасында тіркеледі.
52. Хабарламаларды қабылдау-беру процесінде барлық уақыт параметрлерін тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
53. Хабарламаны жіберу куәлігі жөнелтушінің ЭҮШ-дан, ИШ-дан алған хабарламаны жеткізу туралы хабарлама болып табылады. Ақпарат алмасу алушыдан жауап хабарламаны алған кезде аяқталады.
54. Интеграциялық алмасудың техникалық іркілістері туындаған кезде, ФДО АЖ бен "СӘИЖ" АЖ арасындағы өзара іс-қимыл Комитет пен ФДО бекіткен регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау Бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар
55. Салық кодексінің 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау-касса машинасын қолдану кезінде өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.
Бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
56. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
3) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
5) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
6) чектің реттік нөмірін;
7) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
8) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалауға және тауарлардың қадағалануы тиіс тауарларға салынған сәйкестендіру құралын;
9) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
11) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
12) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
13) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
14) фискалдық белгіні;
15) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
16) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
7) тармақшадағы ақпарат деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде электрондық түрде көрсетіледі.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
57. Бақылау-касса машинасының чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.
Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша бақылау-касса машинасының чегінде қамтылған барлық ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басылады.
4- тарау Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібі
58. Салық кодексінің 111-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) жолымен жүргізеді.
59. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мүдделі тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініші (бұдан әрі - Салықтық өтініш) негізінде жүзеге асырылады.
60. Мемлекеттік тізілімге деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары енгізілуге жатады.
61. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
62. "Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 12-қосымшада көрсетілген.
8-параграф. Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
63. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісін ұсына және бақылау-касса машинасы моделінің техникалық, функционалдық және пайдалану сипаттамаларын сипаттайтын мынадай материалдарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы салықтық өтінішті ұсынады:
1) дайындаушы зауыттың паспорты;
2) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;
3) қағаз және электронды тасымалдағыштарда бақылау-касса машинасын пайдалану жөнiндегi нұсқаулық;
4) фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін Салық кодексінің 166-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адамының іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттап көрсететін қағаз және электронды тасымалдағыштағы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына арналған нұсқаулық;
5) дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделінің техникалық қолдауы бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
6) дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
7) бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатының немесе QR-код көрсетілген электронды түрде берілген өзге құжаттың не қағаз жеткізгіште берілген кезде олардың нотариат куәландырған көшірмесі қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы салықтық өтінішті ұсынады.
Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салық өтінішіне фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электрондық тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қосымша қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кіріс хат-хабардың, салықтық өтініштің нөмірін бере отырып, тіркеуді бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісін ұсына отырып және осы Қағидалардың 63-тармағында көрсетілген материалдарды қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште жүзеге асырады.
64. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар:
1) көрсетілетін қызметті алушының Салықтық өтінішінің және осы Қағидалардың 63-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;
2) бақылау-касса машинасы моделінің осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарға сәйкестігі сақталған кезде жүзеге асырылады.
65. Қызметті беруші қызметті алушы ұсынған салықтық өтініш пен материалдарды тексереді.
Қызметті беруші бақылау-касса машинасы моделінің осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық талаптарға сәйкестігіне сынауды (тестілеуді) мемлекеттік тізілімге бақылау-касса машинасының моделін енгізуге бастамашылық жасаған қызметті алушы өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін көрсетілетін қызметті беруші өзге де мемлекеттік органдардан, басқа да тұлғалардан (бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілуіне бастамашы болған көрсетілетін қызметті алушы - тұлғаларды және олармен байланысты тұлғаларды қоспағанда) сарапшылар тартуға құқылы.
66. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішін қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі көрсетілетін қызметті берушінің сайтында орналастырылады.
Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді.
Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәлімет болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі хаттама түрінде ресімделген бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы Шешім болып табылады.
9-параграф. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен алып тастау
67. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен алып тастауды мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде көрсетілетін қызметті берушіге берілген құжаттамада көрсетілген бақылау-касса машинасының моделі сипаттамалары техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жүргізеді.
68. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылданғаны туралы бақылау-касса машинасының осы моделін қолданатын көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік тізілімнен алып тастағанға дейінгі алты айлық кезеңнен кешіктірмей хабарлайды.
10-параграф. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
69. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
70. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес оны тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
71. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына
5-тарау. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру тәртібі
72. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру тәртібі Салық кодексінің 111-бабы 2-тамағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
73. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыру кезінде ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін пайдаланады.
Бұл ретте фискалдық деректер операторы мынадай міндеттерді:
1) салық төлеушілерден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды;
2) ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді өзінің электрондық тасығыштарында сақтауды;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша жедел режимде күн сайын оны алған сәттен бастап 15 (он бес) минуттан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді жүзеге асырады.
Бақылау-касса машиналарының деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
74. Фискалдық деректер операторы осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген міндеттерді мыналарды пайдаланумен жүзеге асырады:
1) ақпараттық ауқымдар ағыны үшін электрондық тасығыштарды;
2) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жинауды қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғау үшін деректерді электрондық сақтау орындарын;
3) құжат айналымы кезінде қағаз тасығыштарды;
4) кері байланыс, интерактивті өзара іс-қимыл үшін интернет ресурстарын пайдалана отырып іске асырады.
75. Фискалдық деректер операторы осы Қағидалардың 73-тармағында көзделген міндеттерді іскее асыру барысында салық төлеушінің тіркеу деректерін, салық құпиясын, сондай-ақ ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кіріс органдарына беру қызметі барысында алынған салық төлеуші туралы өзге де ақпаратты жарияламау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін сақтайды.
11-параграф. Фискалдық деректер операторының жұмысын ұйымдастыру
76. Фискалдық деректер операторының жұмысын ұйымдастыру оның міндеттерін толық көлемде орындалуына ықпал ететін мына функцияларды іске асыруды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бақылау-касса машинасын қолданумен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу операциялары туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгеріссіз түрде беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенін құруды және пайдалануды;
2) бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы ақпараттық-телекоммуникациялық желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
3) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне (серверіне) қосу және өтеулі немесе өтеусіз негізде бақылау-касса машиналарын қолданумен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және сақтау бойынша қызметтер көрсету. Өтеулі негізде қосылу "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген тарифтер бойынша жүргізіледі;
4) бақылау-касса машиналарының деректерін қабылдау, сақтау және беру жүйесін әзірлеу және пайдалануға енгізуді;
5) фискалдық деректер операторының қызметтерін пайдаланушылармен интерактивті өзара іс-қимыл жасау үшін фискалдық деректер операторының порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ олар үшін, оның ішінде:
Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес бақылау-касса машиналарының тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер каталогын қолдануды;
бақылау-касса машиналарының орналасқан жерінің геолокациясын айқындау және оларды мемлекеттік кірістер органдарына беруді;
бақылау-касса машиналарынан ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау және оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру бойынша күнделікті мониторинг жүргізу бойынша қосымша сервистерді әзірлеуді және фискалдық деректер оператордың порталына орналастыруды;
6) фискалдық деректер операторы порталының, бағдарламалық-аппараттық кешені, ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің жұмысы мәселелері бойынша салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының консультациялық және техникалық қолдау қызметін және бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталықтарын құруды;
7) салық, мемлекеттік құпиядан және басқа да заңмен қорғалатын ақпараттан тұратын ақпаратты жариялағаны, таратқаны үшін фискалдық деректер операторы қызметкерлерінің жауаптылығы мәселелері бойынша құқықтық актіні бекітуді;
8) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы фискалдық деректер операторының порталында тіркелгеннен кейін, деректерді алушыдан басқа, қызметтер көрсету шарттарының негізінде фискалдық деректер операторының бақылау-касса машиналардан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібі бойынша қызметтерді іске асыруды;
9) фискалдық деректерді өңдеуге фискалдық деректерді (сондай-ақ салық төлеуші туралы кез келген ақпаратты) өзгертуді, иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді немесе жоюды қоспағанда, фискалдық деректер операторының оларды жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, өзгеріссіз түрде сақтау, алу, пайдалану, мемлекеттік кірістер органдарына қолжетімділік беру бойынша әрекеттер кіретінін;
10) фискалдық деректер операторының қызметін барлық облыста (нөмірлеудың географикалық аймақтарында), республикалық маңызы бар қаладарды және астанада қамтамасыз етуді білдіреді.
12-параграф. Фискалдық деректер операторының бақылау-касса машинасынан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау тәртібі
77. Бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілер фискалдық деректер операторымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына беру қызметін көрсету шартын жасасады.
Қызмет көрсету шартында міндетті тәртіпте:
1) салық құпиясын құрайтын салық төлеуші туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге фискалдық деректер операторының жауапкершілігі;
2) мемлекеттік кірістер органдарынан тіркеу деректерін және салық төлеушіден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторының алуына және өңдеуіне салық төлеушінің келісімі;
3) шартты бұзу тәртібі мен рәсімі көрсетілуге тиіс.
78. Ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау кезінде фискалдық деректер операторының серверінде бақылау-касса машинасы берген ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер бар әрбір ақпарат үшін токен алу арқылы бақылау-касса машинасын сәйкестендіру жүргізіледі.
Токенді құру мынадай сәйкестендіргіштерді пайдаланумен жүргізіледі:
1) тіркеу кезінде бақылау-касса машинасына берілген мемлекеттік кірістер органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;
2) тіркеу кезінде фискалдық деректер операторы бақылау-касса машинасына берген бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі.
79. Осы Қағидалардың 78-тармағында көрсетілген сәйкестендіргіштер тексергеннен кейін фискалдық деректер операторы бақылау-касса машинасына бақылау-касса машинасының бақылау чегінде басып шығару үшін ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісі арқылы серверде қалыптастырылған ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісін жібереді.
Бұл ретте фискалдық деректер операторы серверінің хабарламасында салық төлеушіге бақылау-касса машинасына мынадай деректер беріледі:
1) деректердің қабылданғаны туралы растау;
2) берілген әрбір бақылау чегінің генерацияланған фискалдық белгісі;
3) жаңартылған токен.
Фискалдық деректер операторының серверінде өңделген ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер фискалдық деректер операторының серверіндегі фискалдық деректерді сақтау орнында бес жыл ішінде сақталады.
80. Фискалдық деректер операторының серверінде бақылау-касса машинасының бақылау чегінің фискалдық белгісін қалыптастыру хеш-функциялар алгоритмдері мен есептеу рәсімдері қолданыла отырып, бақылау-касса машинасынан алынған ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
81. Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс үзілген жағдайда бақылау-касса машинасы дербес режимге ауысады, оның ұзақтығы бақылау-касса машинасының бекітілген техникалық талаптары мен техникалық талаптарына сәйкестік нысанына сәйкес жетпіс екі сағаттан аспауы тиіс.
Бақылау-касса машинасының фискалдық деректер операторының серверімен байланыс қалпына келтірілгеннен кейін фискалдық деректер операторының сервері:
1) бақылау-касса машинасынан дербес режимде жұмыстың ұзақтығы туралы ақпараты бар хабарлама алуға;
2) бақылау-касса машинасының барлық бақылау чектерін рет-ретімен және бақылау-касса машинасының дербес режимдегі жұмысы кезінде жинақталған алынған Z-есептер туралы белгілерді қабылдауға және олардың әр қайсысына бақылау чегінің қолданыстағы фискалдық белгісімен жауап жіберуге тиіс.
82. Бақылау чегінің фискалдық белгісі немесе дербес коды фискалдық деректер операторының порталында тексеріледі.
13-параграф. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді сақтау тәртібі
83. Фискалдық деректер операторының серверінде салық заңнамасында белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі ішінде мынадай мәліметтерді сақтау қамтамасыз етіледі:
1) салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген тіркеу деректері;
2) бақылау-касса машинасының тіркеу деректері;
3) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылған әрбір ақшалай есеп айырысу туралы ақпарат;
4) әрбір бақылау-касса машинасының токенінің ағымдағы қолданыстағы мәні;
5) әрбір ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісі.
84. Ақпаратты сақтау оны рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғаумен байланысты іс-шараларды қамтиды, оның ішінде:
1) бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін және оларды барлық ақпарат өңдеудің технологиялық кезеңдерінде және жұмыс істеудің барлық режимдерінде, оның ішінде жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қолдайтын ұйымдастыру шараларын қолдану;
2) пайдаланушылар мен әкімшілердің қол жеткізу құқықтарының ара-жігін ажырату;
қосымшаларды логикалық топтарға бөлуді және әр топты бөлінген виртуалды машинаға орналастыруды;
VLAN құру арқылы сыртқы желілік трафикті ішкісінен оқшаулауды;
белсенді жабдық бір қосымша құрауышпен резервке қойылатын жүйе бойынша әрбір бағдарламалық құрауышты резервке қоюды;
мамандардың серверлерге тікелей қолжеткізуді болдырмауды қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін пайдалану;
дерекқорлардың тұтастығын қамтамасыз ететін шаралар кешенін пайдалану, атап айтқанда:
баснан чектер бойынша деректерді өзгертуге, жоюға және жаңартуға мүмкіндік бермейтін дерекқорларға қолжеткізу құқығын конфигурациялау;
инженерлер серверлік жабдықта жүргізген барлық операцияларды тіркейтін аудит жүйесі;
дерекқорлардың барлық көшірмелері белсенді, резервке қою артық болып кететін, виртуалды машина немесе физикалық сервер істен шыққан жағдайда, деректер аз уақыт ішінде қалпына келетін жүйе бойынша дерекқорларды резервке қою.
14-параграф. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді беру тәртібі
85. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді беру ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің байланыс арналары арқылы бақылау-касса машинасы – фискалдық деректер операторы – уәкілетті орган кезектілігімен жүзеге асырылады.
86. Фискалдық деректер операторының серверімен бақылау-касса машинасының және уәкілетті органның серверімен фискалдық деректер операторының ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің байланыс арнасы рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалуы:
1) клиент пен сервердің дұрыс сәйкестендірілуі;
2) бағдарламалық және/немесе бағдарламалық-аппараттық ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланылуы тиіс.
87. Фискалдық деректер операторы уәкілетті органға беретін ақпаратты қалыптастыру:
1) мерзімді негізде әрбір бақылау-касса машинасы бойынша уәкілетті органның серверіне күнделікті жинақтаушы есептерді беретін;
2) уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне берілген деректердің синхрондылығы мен толықтығын бақылайтын деректер алмасу модулінде жүргізіледі.
88. Бақылау-касса машинасы уәкілетті орган бекіткен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының техникалық талаптарына және техникалық талаптарға сәйкестігі нысанына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторының серверіне береді.
89. Бақылау-касса машиналарынан алынған деректерді талдап тексеру фискалдық деректер операторының порталында жеке кабинетінде уәкілетті органның қызметкерлеріне қажеттілігіне қарай ұсынылады.
90. Уәкілетті органның бақылау өлшемдерінің модулі бақылау өлшемдеріне сәйкес уақыт аралығында уәкілетті органның серверіне келіп түскен ақпаратты талдайды және есептерді уәкілетті орган қызметкерлеріне береді.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 1-қосымша |
"Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталығы арқылы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері |
1) БКМ есепке қою – 2 (екі) жұмыс күні ішінде: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
1)қағаз – деректерді беру функциясы жоқ БКМ |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машиналары чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың 2-қосымшаға сәйкес тіркеу карточкасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Деректерді беру функциясы жоқ БКМ есепке қою кезінде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері | Көрсетілетін қызметті алушының тіркеу мәліметтерін және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Электрондық үкімет" веб-порталында іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. |
| Бақылау-касса машиналарын | |
| қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 2-қосымша |
|
| нысан |
Тіркеу карточкасы № __________________ деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина
______________________________________________________________________
Зауыттық нөмірі __________________
Шығарылған жылы __________________
Салық төлеушіге тиесілі:
![]()
ЖСН/БСН
Тіркелген мекенжайы:
_____________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органында
бақылау-кассалық машинаны
есепке қою күні
"_" __________________ 20 жыл
Фискалдық деректер операторының атауы
___________________________________________________________________
Тіркеу карточкасын жабу туралы белгі
Мемлекеттік кірістер органында бақылау-кассалық машинаны есептен шығару күні:
"_" __________________ 20 жыл
Тіркеу карточкасы № __________
Деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы ______________________________________________________
Зауыттық нөмірі ____________________ Шығарылған жылы ____________________
_____________________________________
салық төлеушіге тиесілі
ЖСН (БСН)
![]()
_____________________________________мекен-жайы бойынша орналасқан
Лауазымды тұлға
________________________________ ________ ______________________
мемлекеттік кірістер органының атауы (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Бақылау-касса машинасын мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қойылған
күні:
20____ жылғы "____" мөртаңбан орны
_____________________________________________
ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫН ЖАБУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ
Фискалдық есеп алынған кезең: 20____ жылғы "____" __________ бастап
20____ жылғы "____" __________ дейін
Есептуліктің қорытынды көрсеткіштері:
сату айнымалы _____________________
сату алу айнымалы __________________
Лауазымды тұлға _______________________________
мемлекеттік кірістер органының атауы қолы) ______________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Бақылау-касса машинасын мемлекеттік кірістер органында есептен шығарған күні:
20____ жылғы "____"
мөртабан орны
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің |
|
| мазмұнына қойылатын талаптар 3-қосымша нысан |

| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 4-қосымша нысан |
Бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат
20__ жылғы "___"_________________________
(жасалған орны)
________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органның атауы)
________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе атауы,
20___ жылғы "____" _______________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелерді орындау
туралы салықтық өтінішке сәйкес, сондай-ақ
___________________________________________________________________
(Техникалық қызмет көрсету орталығының атауы)
Техникалық қызмет көрсету орталығының
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________ себебі бойынша техникалық ақаулығы туралы
20___ жылғы "__" __________ № _______ қорытындысының негізінде зауыттық
нөмірі ________________, тіркеу карточкасы №_________________, берілген күні
20___жылғы "___" ________ ___________________ бақылау-касса машинасының
техникалық ақаулығын жою үшін № ______________ пломбасының тұтастығын
бұзуға рұқсат етуге шешім қабылдады.
Мемлекеттік кірістер органының пломбасын орнату үшін Сізге ақаулықты жойғаннан
кейін бақылау-касса машинасын мемлекеттік кірістер органына 20___ жылғы "____"
_________ кешіктірмейтін мерзімде беру қажет.
Пломба орнатуға жауапты мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы
______ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе))
мөртабан орны
Рұқсатты алдым _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))
немесе салық төлеушінің атауы, қолы,
(жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 5-қосымша нысан |
Қолма қол ақшаны есепке алу кітабы
Күні | Ауысым басындағы кассадағы қолма-қол ақша сомасы сомасы | Ауысым ішінде кассаға енгізілген ақша (қызметтік кіріс) | Ауысым ішінде кассадан алынған ақша (қызметтік шығыс) | ||||
Уақыты | Сома | Ақшаны алған тұлғаның қолы | уақыты | сома | Ақшаны алған тұлғаның қолы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кесте жалғасы
БКМ* фискалды жадының көрсеткіші | ||||||||||
Ауысым басында | Z есебінің № | Z есебінің көрсеткіші | Ауысым соңында | |||||||
Сату | Сатып алу | Сату | Сатып алу | Сату | Сатып алу | |||||
Қолма қол есеп | Төлем картасымен | Жалпы сомаға | Қолма қол есеп | Төлем картасымен | Жалпы сомаға | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Кесте жалғасы
Қате төлемдер туралы деректер | БКМ чектерін және тауар чектерін (жою) қайтару | ||||||
Чектер саны | Қолма қол есеп | Төлем картасымен | Жалпы сомада | Чектер саны | Қолма қол есеп | Төлем картасымен | Жалпы сомаға |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Кесте жалғасы
Аусымда берілген тауардың чектері | Ауысым соңындағы кассаның соамсы (2б. + 4б.- 7б. + 14б.- 17б. - 23б. - 27б. + 32б.) | Ауысым соңында кассадан тапсырылған қолма-қол ақшаның сомасы | Жауапты тұлғаның қолы | ||||
№ ______ ден | Саны | Қолма қол есеп | Төлем картасымен | Жалпы сомаға | |||
28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 |
*Ескерту:
БКМ – бақылау-касса машинасы.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 6-қосымша |
|
| нысан |
Тауар чектерінің кітабы
№ _____________________ - ден № _____________________ ге дейін
Мемлекеттік кірістер органымен берілген тауар чектерінің сериясы
Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе атауы
Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
![]()
Бақылау-кассалық машинаның тіркеу нөмірі
![]()
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 7-қосымша нысан |
Тауар чегі
Ескерту: тауарлық чек, бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда беріледі.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 8-қосымша |
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтердің сипаттамасы
1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын тіркеу үшін хабарлама жіберу
р/с № | Деректеменің атауы | Типі | Өлшемі | Міндеттілігі | Ескерту |
1 | Салық төлеушінің ЖСН/БСН | Сандық | 12 | иә | Бүтін саннан құралады |
2 | ДБФ бар БКМ зауыттық нөмірі | Тексттік | 255 | иә | |
3 | ДБФ бар БКМ атауы (маркасы) | Сандық анықтамалық | 14 | иә | БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы |
4 | ДБФ бар БКМ шығарылған жылы | Сандық | 4 | иә | Жжжж форматында |
5 | Мәліметтерді беру күні | Дата | иә | жжжж-аа-кк форматында | |
6 | ДБФ бар БКМ пайдалану орны | Құрамдас | иә | ||
6.1 | Қала (ауыл) | Сандық | 10 | иә | ӘАОЖ коды |
6.2 | Көше (шағын аудан) | Символдық | 255 | иә | |
6.3 | Үй нөмірі | Символдық | 255 | иә | |
6.4 | Пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі | Символдық | 255 | жоқ | |
7 | Салық төлеуші ЭЦҚ | ds:Signature | иә |
2. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту үшін хабарламаны беру
р/с № | Атауы | Типі | Өлшемі | Міндеттілігі | Ескерту |
1 | Салық төлеушінің ЖСН/БСН | Сандық | 12 | иә | |
2 | БКМ зауыттық нөмірі | Тексттік | 255 | иә | |
3 | БКМ атауы (маркасы) | Сандық анықтамалық | 14 | иә | БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы |
4 | БКМ шығарылған жылы | Сандық | 4 | иә | Жжжж форматында |
5 | Мәліметтерді беру күні | Дата | жжжж-аа-кк форматында | ||
6 | ДБФ бар БКМ тіркеу нөмірі | Тексттік | иә | МТН | |
7 | БКМ жаңа пайдалану орны | Құрамдас | 10 | иә | |
7.1 | Қала (ауыл) | Сандық | 255 | иә | ӘАОЖ коды |
7.2 | Көше (шағын аудан) | Символдық | 255 | иә | |
7.3 | Үй нөмірі | Символдық | |||
7.4 | Пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі | Символдық | 255 | жоқ | |
8 | Салық төлеуші ЭЦҚ | ds:Signature | иә |
3. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін хабарламаны беру
р/с № | Атауы | Типі | Өлшемі | Міндеттілігі | Ескерту |
1 | Салық төлеушінің ЖСН/БСН | Сандық | 12 | иә | |
2 | ДБФ бар БКМ зауыттық нөмірі | Тексттік | 20 | иә | |
3 | ДБФ бар БКМ атауы (маркасы) | Сандық анықтамалық | БКМ модельдері анықтамалығынан жазба идетификаторы | ||
4 | ДБФ бар БКМ шығарылған жылы | Сандық | 4 | иә | Жжжж форматында |
5 | Мәліметтерді беру күні | Дата | жжжж-аа-кк форматында | ||
6 | ДБФ бар БКМ тіркеу нөмірі | Тексттік | 12 | иә | МТН |
7 | ДБФ бар БКМ есептен шығару себебі | Анықтамалық | 14 | иә | Ашылмалы тізім |
8 | Салық төлеуші ЭЦҚ | ds:Signature | иә |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы;
ӘАОЖ коды – әкімшілік – аумақтық объектілер жіктеуші коды;
МТН – бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 9-қосымша нысан |
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)
р/с№ | ЖСН/БСН | Тегі | Аты |
Әкесінің аты | Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы | ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді беру себебі | Бақылау-кассалық машина | ||
БКМ есепке қою / тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту | атауы | зауыттық нөмірі | шығарылған жылы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғасы
Бақылау-касса машинасын пайдалану орны | Мәліметтерді беру күні | |||||
облыс/ | қала (ауыл) | көше (шағын аудан) | үй нөмірі | пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі | ||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 10-қосымша нысан |
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару
р/с№ | ЖСН/БСН | Тегі | Аты | Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 11-қосымша нысан |
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналардың анықтамалығы
р/с № | Анықтамалық жазба идентификаторы | Атауы | Түрі | ДБФ бар БКМ белгісі 1-онлайн 0-пайдаланылады | Мемлекеттік тізілімге енгізілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы;
БКМ – бақылау-касса машинасы.
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 12-қосымша |
| Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар 13-қосымша |
Ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны
1-Кесте Фискалдық жадта тіркелетін ақпаратқа талаптар
Жазба түрі | Деректемесі | Ондық разряд деректемелерінің разрядтылығы | Жазба саны | |||
Талаптың орнатылуы | Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер | Орнатылған талаптар | Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер | |||
Нөмір | бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) зауыт нөмірі | 12 | 1 | |||
БКМ фискализациясы | БКМ тіркеу нөмірі | 8 | 1 | |||
БКМ үшін қолданушы бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН) | 12 | |||||
Фискализация күні | 6 | |||||
Жаңадан тіркеуін жүргізу және фискалдық есепті алу үшін пароль | 8 | |||||
БКМ жаңадан тіркеу | БКМ тіркеу нөмірі | 8 | 1 | |||
БКМ үшін қолданушы БСН/ЖСН-і | 12 | |||||
Жаңадан тіркеу күні | 6 | |||||
Ауысымды жабудың соңғы нөмірі | 4 | |||||
Жаңадан тіркеуін жүргізу және фискалдық есепті алу үшін пароль | 8 | |||||
Ауысымды жабу | Есеп күні | 6 | 3000 | |||
Ауысымды жабу нөмірі | 4 | |||||
Ауысымдық сатып алулар қорытындысы | 7 | |||||
*Ауысымдық сатудың қорытындысы | 7 | |||||
Қызметтік ақпарат (міндетті) | Жазбалардың бақылау сомалары | Жасап-шығарушы мен анықталады | ||||
ФЖ-де тіркелетін қорытынды мәндеріндегі үтірдің орналасу орны Қызметтік индекстер, белгілер, тулар | ||||||
Ескерту: Деректемелер валюта айырбастау, металлдардың сынығын, шыны ыдысты қабылдау пунктері, ломбардтар үшін Касса машиналарына жатады.
Көрсетілген деректерді физикалық сақтау фискалдық жады блогында жүзеге асырылады.
Ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны
___________________________________________________________
(бақылау-кассалық машиналар үлгілерінің атауы)
Ескерту: БКМ-нан деректерді фискалдық деректер операторының серверіне беру хаттамасы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 2 қосымша |
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу және тізбеcінен шығару қағидалары 1тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу және тізбесінен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 111-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу және тізбесінен шығару тәртібін айқындайды.
2. Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосуды және тізбеcінен шығаруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
2 тарау. Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу тәртібі
3. Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбеге қосу туралы өтініш негізінде Комитет жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес Тізбеге қосу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1)уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге берілген лицензия немесе тиісті байланыс қызметтерін көрсетуге қолданыстағы лицензиясы бар заңды тұлғамен шарт;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша акт;
3) меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат (бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға) меншік құқығын немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат (бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
5) ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификат ҚР СТ ISO/IEC 27001-2015 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері";
6) ақпараттың шығып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.
4. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу бір мезгілде мынадай:
1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтініштің және құжаттардың көшірмелері болу;
2) осы бұйрықпен бекітілген фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес;
3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде қабылдау, өңдеу және мемлекеттік кірістер органдарына беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешеннің демонстрациясын жүргізуді қамтамасыз ету, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде қабылдау, өңдеу және мемлекеттік кірістер органдарына беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешеннің өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналары бар жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бойынша шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
5. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді Комитет өтініш қабылданған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
6. Заңды тұлға Тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылатын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайда, Комитет өтініш қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны тізбеге енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ заңды тұлғаға алдын ала ұстаным білдіруге мүмкіндік беру үшін шешімді тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы заңды тұлғаны хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама, өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және Комитет заңды тұлғаны Тізбеге енгізу не енгізуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте заңды тұлғаның өтінішхаты болған жағдайда тыңдау рәсімі жүргізілмеуі мүмкін.
Комитет өтінішті қарау нәтижелері бойынша заңды тұлғаны қосу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Тізбе Комитеттің ресми интернет-ресурсында қосу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Комитеттің бас тартуы анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда заңды тұлғаны Тізбеге енгізу туралы өтінішті қайта беруге өтініш берушіні шектемейді.
3-тарау. Фискалдық деректер операторларын тізбеcінен шығару
7. Фискалдық деректер операторын тізбеден шығаруды Комитет мынадай жағдайларда:
1) фискалдық деректер операторының осы бұйрықпен бекітілген фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) Салық кодексінің 108-бабында айқындалған тәртіппен фискалдық деректер операторы әрекетсіз деп танылған, не банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) егер фискалдық деректер операторының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылса:
сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 және 245-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеуде жүрген жеке тұлға болса;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам не оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталса;
4) фискалдық деректер операторының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбеcінен алып тастау туралы өтініш берсе;
5) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан фискалдық деректер операторын алып тасталса жүзеге асырады.
6) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын қолма-қол ақшамен есеп айырысу деректерін тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан алынған мәліметтерді қабылдау, сақтау және оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібін бұзғаны үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылу.
8. Фискалдық деректер операторын тізбеден шығару туралы шешімді Комитет осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген жағдайлардың біріне сәйкессіздік анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
9. Фискалдық деректер операторын Тізбеcінен алып тастау туралы ақпарат алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Тізбеcінен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін заңды тұлға:
1) Тізбеcінен шығару туралы шешім алынған күннен бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды тоқтатады;
2) Тізбеcінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей пайдаланушыларды хабардар етеді;
3) фискалдық деректер операторының серверінде фискалдық деректердің жойылуын және олардың резервтік көшірмелерін қамтамасыз етеді;
4) фискалдық деректерді жою туралы актіні қоса бере отырып, фискалдық деректерді жою туралы жазбаша нысанда Комитетке хабарлайды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
11. Фискалдық деректер операторының Тізбесіне (тізбеcінен) қосу (шығару) мәселелері жөніндегі Комитеттің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.
| Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу және тізбесінен шығару қағидаларына 1-қосымша |
|
| нысан | |
| ____________________________ | |
| (заңды тұлғаның толық атауы, | |
| бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу туралы өтініш
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосуды сұраймын, растау құжаттарының көшірмелерінің тізбесіне:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлғамен шарт;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың нәтижелері бойынша акті;
3) меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат (бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға) меншік құқығын немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат (бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
5) ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификат ҚР СТ ISO/IEC 27001-2015 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері";
6) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы шарт қоса беріліп отыр.
Мен, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенін көрсетуге дайын екендігімді растаймын.
Басшы ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе))
20__ жылғы "__" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "__" ______________
________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе))
| Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу және тізбесінен шығару қағидаларына 2-қосымша нысан |
|
| ____________________________ | |
| (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Фискалдық деректер операторының тізбеcінен шығару туралы өтініш
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
байланысты фискалдық деректер операторының тізбесінен шығаруды сұраймын.
Басшы ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
20__ жылғы "__" ______________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "__" _______________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе))
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 3 қосымша |
Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2. Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бекітеді.
1-тарау. Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары
3. Фискалдық деректер операторы бір мезгілде мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаны айқындайды:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлғамен шарт негізінде қызметті жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы не уақытша пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлік объектілері (ғимарат, ғимарат, үй-жай);
3) меншік құқығында не уақытша пайдалану құқығында ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына қабылдауға, өңдеуге және беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешені бар;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша актісі бар;
5) ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын қолданатын;
6) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
7) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын әзірлеушілер, өндірушілер және жеткізушілер үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының үлгілеріне тестілеу және сынақтар жүргізуге арналған сынақ алаңы бар;
8) тәулік бойы тегін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге ақпараттық және техникалық қолдауды қамтамасыз ететін консультациялық-ақпараттық қызмет;
9) домендік атауы фискалдық деректер операторына тиесілі интернет-ресурсы бар;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін деректерді өңдеу орталығында (орталықтарында) орналасқан бағдарламалық-аппараттық кешені бар;
11) ақпараттың ағып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 4 қосымша |
|
| Нысан |

| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 5 қосымша |
|
| Нысан |

| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 6 қосымша |
|
| Нысан |

| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына 7 қосымша |
|
| Нысан |

| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 Бұйрығына 8 қосымша |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жойғандардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16508 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 192 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 20081 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 554 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 2 маусымда № 20807 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 1222 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 6 желтоқсанда № 25555 болып тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 411 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27571 болып тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1326 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33824 болып тіркелген).
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 163 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 26 наурызда № 34170 болып тіркелген).
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 123 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 17 наурызда № 35822 болып тіркелген).
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 340 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 "Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына толықтыру енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 9 шілдеде № 36417 болып тіркелген).
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 2 тамызда № 19180 болып тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 619 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 "Фискалдық деректер операторын тізімге енгізу (шығару), сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптары туралы қағидаларды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32731 болып тіркелген).







