ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 24.10.2025 № 626 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында:
32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін Дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті (Z-есеп) алу жолымен "ауысым соңы" рәсімін орындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану жағдайын қоспағанда, ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы сақтайды.
Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспайды.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
