Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте № 39789 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 100 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағалаудың цифрлық жүйесі (БЦЖ) – пайдаланушылардың цифрлық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған цифрлық платформа;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Апелляцияны ескере отырып, бағалаудың қорытынды нәтижелері білім алушының БЦЖ-дағы жеке кабинетінде көрсетіледі және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде апелляциялық комиссия отырысынан кейін 48 сағат ішінде ұсынылады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағалаудың цифрлық жүйесі (БЦЖ) – пайдаланушылардың цифрлық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған цифрлық платформа;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Үміткер бағалауға келмеген жағдайда бағалауға қайта тіркеуден өту талап етілмейді. Үміткердің деректері БЦЖ-да автоматты түрде сақталады.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дағдыларды бағалау БЦЖ-дағы бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым оқу-әдістемелік бірлестіктердің келісімі бойынша белгілейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кәсіптік даярлықты бағалаудың (қорытынды аттестаттаудың) қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, бітірушінің БЦЖ-дағы жеке кабинетінде көрсетіледі және Республикалық апелляциялық комиссия отырысынан кейін бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау жөніндегі ұйым ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағалаудың цифрлық жүйесі (БЦЖ) – пайдаланушылардың цифрлық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Үміткер бағалаудан өту үшін бағалау жөніндегі ұйымға БЦЖ жеке кабинетінде қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтінімін және мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мәлімделген мамандық бойынша интернатура және (немесе) резидентураны қосымшасымен (транскриптпен) немесе клиникалық ординатураны, не қайта даярлаудан өткенін (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін оқыған тұлғалар үшін) растайтын, оқуды аяқтағаны туралы құжаттар; мәлімделген мамандану бойынша – "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 тіркелді) сәйкес сертификаттау курсын өткені туралы куәлік (бар болған жағдайда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар үміткерлер үшін);

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) біліктілік деңгейін бағалауға өтінім беру үшін кандидаттар Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртіпке сәйкес құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің соңғы 5 жылдағы үздіксіз кәсіби дамуының нәтижелерін және "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 тіркелді) сәйкес оларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған соңғы 3 жылдағы мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес орындалған еңбек функцияларының саны көрсетілген кәсіби қызмет туралы есепті немесе электрондық қызметтер тізілімінен алынған есепті; бейінді қауымдастықтың және (немесе) жұмыс берушінің ұсыным хатын; біліктілік санаты туралы куәлікті (бар болған жағдайда) және мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатын ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бағалау жөніндегі ұйым кандидаттың құжаттары тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидат ұсынған құжаттардың № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 1 және 3-қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін және толықтығын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 тіркелді) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес цифрлық каталог жүйесінде жарияланған қосымша білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкестігін, сондай-ақ білім беру ұйымының "Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілген Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесінде болуын тексереді.

      Құжаттар талаптарға сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, бағалау жөніндегі ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидатқа бас тарту себептерін көрсете отырып, құжаттарды қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.";

      15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білімді бағалауды орындауға 100 минут (1 сағат 40 минут) беріледі. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін білімді бағалау автоматты түрде аяқталады. Тест сұрағына әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауап – 0 балл беріледі. Білімді бағалаудың қорытынды нәтижесі барлық дұрыс жауаптар үшін балдарды жинақтау жолымен автоматты түрде қалыптастырылады және білімді бағалау аяқталғаннан кейін БЦЖ-ға үміткердің жеке кабинетінде көрсетіледі.";

      17-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білімді бағалауды орындауға 100 минут (1 сағат 40 минут) беріледі. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін білімді бағалау автоматты түрде аяқталады. Тест сұрағына әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауап үшін 0 балл беріледі. Білімді бағалаудың қорытынды нәтижесі барлық дұрыс жауаптар үшін балдарды жинақтау жолымен қалыптастырылады және білімді бағалау аяқталғаннан кейін БЦЖ-да кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.";

      он алтыншы және он жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия сарапшыларының жұмысы кандидат ұсынған құжаттарды сараптау және кандидаттың бағалау парағын толтыру арқылы БЦЖ-да қашықтан жүзеге асырылады. Кандидаттардың ақпаратына қол жеткізу және бағалау парағын толтыру құқығы бағалау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығына сәйкес Комиссияның әрбір сарапшысына беріледі.

      Комиссияның әрбір сарапшысы БЦЖ-ның жеке кабинетінде кандидаттың құжаттарын дербес қарайды және түсініктемелерді көрсете отырып, бағалау парағында ұпайларды есептейді. Әрбір кандидат бойынша бағалау парағындағы қорытынды балл барлық өлшемшарттар үшін балдарды жинақтау және орташа арифметикалық мәнді шығару жолымен автоматты түрде шығарылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау рәсімінен өткен кандидаттарға Бағалау жөніндегі ұйымның БЦЖ жеке кабинетінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау нәтижесі беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Білімді бағалау нәтижелеріне және (немесе) кейс-тестингті (жағдаяттық міндеттерді шешуге) апелляцияны кандидат БЦЖ-да компьютерлік тестілеу барысында "Апелляция" батырмасын басу және ұсынылған тізімнен апелляция беру себебін таңдау арқылы жүзеге асырады. Апелляцияны растау үшін компьютерлік тестілеу аяқталғаннан кейін бағалау жөніндегі ұйымның БЦЖ жеке кабинетіне апелляциялық өтініш жіберу қажет.

      Білімді бағалау немесе кейс-тестинг нәтижелері (жағдаяттық міндеттерді шешу) апелляцияны ескере отырып, апелляциялық комиссия отырысынан кейін 24 сағат ішінде БЦЖ жеке кабинетінде апелляция берген кандидаттарға жеткізіледі.

      Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесіне Апелляция кандидаттың келіспеу себебін көрсете отырып, аккредиттелген ұйымның апелляциялық комиссиясына кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде апелляциялық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21777 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 9-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау тәртібін айқындайды.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жоғары (кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі) білім алған үміткерлер "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 тіркелді) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес олардың білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі.

      7. Сертификаттаудан өту үшін үміткер өзінің жұмыс орны бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты қызметкерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Үміткер барлық қажетті құжаттарды www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы тапсырған кезде үміткердің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ сертификаттау нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Үміткер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тізбеде баяндалған.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мынадай цифрлық құжаттарды алады:

      1) жеке басты куәландыратын;

      2) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген үміткерлер үшін "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білімінің, "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша қайта даярлаудың және (немесе) қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы туралы;

      3) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін ауыстыру туралы немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттар (ЦҮШ-де қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда).

      Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификатын беру не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы үміткердің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізеді.";

      көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) білім беру бағдарламалары каталогының цифрлық жүйесі - қосымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған цифрлық платформа;";

      6-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Каталогтың цифрлық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 тіркелді) сәйкес мамандық бейіні бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы болып бөлінеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Біліктілікті арттырудан өту туралы өтініштерді қабылауды қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "цифрлық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб - портал) арқылы электрондық (ішінара цифрландырылған) форматта жүзеге асырады.";

      14-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады."

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу "цифрлық үкіметтің" операторын және Бірыңғай байланыс орталығын sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне қатенің нақты уақытын көрсете отырып сұрату жіберу арқылы хабардар етеді.";

      көрсетілген қағидаларға 6-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін интернет желісіне қолжетімділігі бар баспа, аудио және бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтардың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтардың (манекендер, муляждар, тренажерлар) меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалға алу (жалдау) шарттары негізінде болуы;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Денсаулық сақтау саласында формальды емес білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға денсаулық сақтау мамандары үшін фомальды емес білім беруді жүргізуге құқық белгілейтін құжаттардың, "цифрлық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы, формальды емес білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес танылған аккредиттеу органдарының, штаттық және штаттан тыс оқытушылардың тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің, оның ішінде ғылым докторы, кандидаты және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар адамдардың болуы талап етіледі (немесе) философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі, мамандық бейіні бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі соңғы 10 жылда кемінде 5 жыл, педагогикалық құзыреттіліктер және мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат), бекітілген формальды емес білім беру бағдарламалары, білім беру контентін, деректер базасының цифрлық жүйесін (архивті) жазып және сақтай отырып қашықтан оқытуға арналған цифрлық платформалар) верификациялау үшін онлайн қолжетімділігі бар формальды емес білім туралы берілген құжаттар.".

      4. "Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37965 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін интернет желісіне қолжетімділігі бар баспа, аудио және бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтардың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтардың (манекендер, муляждар, тренажерлар) меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалға алу (жалдау) шарттары негізінде болуы;";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарын бағалау мақсатында құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін, қолданылу мерзімін тексереді, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттардың және "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болуын қарайды.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Құрылымдық бөлімшенің қызметкері ұйым ұсынған құжаттарды қарастырады. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болған кезде мониторинг технологияларды пайдалана отырып, ұйымның базасына бармай қашықтан жүргізіледі. Талаптар бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымның талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.

      14. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған, не анық емес немесе толық емес ақпаратты ұсынған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болмаған кезде еркін нысанда ұсыным беріледі.

      Ақпараттың талаптарға сәйкессіздігін жою мерзімі ұсынымды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды. Ұйымның өтінішхаты бойынша ақпараттың талаптарға сәйкессіздігін жою мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұйымның базасына бару арқылы мониторинг шеңберінде ұйым осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болған және 15-тармақта көрсетілген бұзушылықтар жоқ болған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.

      Ұйымның базасына бару арқылы мониторинг шеңберінде ұсынымдарда көрсетілген барлық сәйкессіздіктер жойылмаған, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болмаған және 15-тармақта көрсетілген бұзушылықтар болған жағдайда Тізбеден шығару үшін осы Қағидаларға 3-қосымша бойынша нысанға сәйкес ұйымның талаптарға сәйкес келмейтіні туралы қорытынды береді.";

      көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағы мамандарды
бағалау қағидаларына
1-қосымша
нысан
__________________
(бағалау жөніндегі ұйымның
атауы)
басшысына
________________________
________________________
кімнен__________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
________________________
(мамандығы)

Өтініш

      Маған денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау

      үшін_________________________________________________________________

      (қажеттісін жазу)

      мамандығы бойынша кәсіптік даярлықты бағалаудан және

      ___ беру / растау ______________________________________________________

      (қажеттісінің астын сызу)

      біліктілік деңгейінен өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңы 8-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы

      мамандарды сертификаттау үшін кәсіптік даярлықтан өту үшін қажетті

      цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      менің қолжетімділігі шектелген дербес деректерімді жинауға және өңдеуге

      келісім беремін.

      Күні

      Кандидаттың қолы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
менеджерді сертификаттауды
жүргізу, денсаулық сақтау
саласындағы менеджер
сертификатының қолданысын
растау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

"Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкімет" веб-порталы (www.egov.kz, www.elicense.kz)

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға денсаулық сақтау саласындағы менеджердің сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу үшін үміткер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
4) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді) бекітілген Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат және (немесе) ЦҮШ-де мәліметтер болмаған жағдайда "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша қайта даярлау туралы құжат (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
5) ЦҮШ-де мәліметтер болмаған жағдайда "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған тәртіппен берілген, басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарын тану туралы құжат (қажет болған кезде);
6) ЦҮШ-де мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы еңбек қызметін растайтын құжат;
7) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы қағидаларға белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде ол мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "Жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www. gov. egov. kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері 1414, 8-800-080-7777.

  "Денсаулық сақтау
менеджерінің сертификатын
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
1-қосымша
нысан
________________________
(мекеме атауы)
______________ басшысына
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
кімнен
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
________________________

Өтініш

      Сізден мені сертификаттау немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын (қажеттісінің астын сызу) растау рәсіміне жіберуіңізді сұраймын.

      __________________ ___________________

      Күні Үміткердің қолы

  "Денсаулық сақтау
менеджерінің сертификатын
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
2-қосымша

      Мәліметтер нысаны

      I. Жалпы мәліметтер

Тегі


 

Аты


 

Әкесінің аты (ол болған жағдайда)


 

ЖСН


 

Туған күні

жылы


 

айы


 

күні

Жасы


 

Ұлты


 

Жынысы

ер


 

әйел


 

Азаматтығы


 

Ұялы телефоны


 

Жұмыс телефоны


 

Электронды пошта


 

Жеке куәлік мәліметтері


 

берген мекеме, күні


 

      II. Білімі

Оқу орнының атауы мен орналасқан жері

Түскен жылы

Бітірген жылы

Мамандығы

Біліктілігі (дипломның немесе куәліктің №)

1






2






      Интернатура, резидентура, клиникалық ординатура өткендігі туралы мәлімет (медициналық білімі болған жағдайда)

Оқу орнының атауы мен орналасқан жері

Түскен жылы

Бітірген жылы

Мамандығы

Біліктілігі (куәліктің №)

1






2






      Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы

Курс атауы

Өткен жылы

Сағат саны

Өткен орны және сертификат №

1





2





      III. Еңбек қызметі

Жұмыс орны

Лауазымы

Лауазымда болған уақыты

1




2




"Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификаттауды бағалау рәсімінен өту


 

Алғаш рет


 

Қайта

      Қосымша мәліметтер:_______________________________________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
6-қосымша

"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге койылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс; құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - отыз минут; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты -1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс. портал арқылы - құжат тапсырылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 тіркелді) бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар) Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
2) сертификаттық курстан өткені туралы: Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық курс туралы куәлік;
3) қосымша білім беруді аяқтамау туралы: Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма сағат 13.00 -ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір қызмет беруші жұмыс беруші Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді;
2) веб-порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру туралы веб-порталға сұрату.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде ол мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы веб-портал бір реттік пароль беру жолымен немесе веб-портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық (ішінара цифрландырылған) нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық (ішінара цифрландырылған) нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильдік қосымшада цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өту қажет, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжат үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Медициналық мамандықтар
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарының тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметтерін көрсету үшін ұйымның талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы қорытынды (қажеттісінің астын сызу)

      1. Ұйым

      __________________________________________________________________

      (толық заңдық атауы, БСН, ұйымның мекенжайы)

      2. Білім беру қызметіне лицензияның (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орны үшін) болуы/болмауы немесе ғылыми

      ұйымның мәртебесі туралы мәліметтер, берген орган мен оның қолданылу мерзімін

      көрсете отырып

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Институционалды аккредиттеу туралы куәліктің, оның берілген және қолданылу

      мерзімі, берген орган көрсетілуімен болуы/болмауы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      4. Қосымша білім беру бағдарламаларының, олардың қосымшаларымен бірге,

      болуы/болмауы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      5. Бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға,

      кітапханалық қорларға, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми

      әдебиеттерге қолжетімдігінің болуы/болмауы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      6. Инновациялық, симуляциялық технологиялар мен интерактивтік оқыту әдістерінің

      болуы/ болмауы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      7. Оқытушылар құрамы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:

      тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық қордың, сыныптардың, зертханалардың меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау (жалдау) туралы шарттардың болуы/болмауы;

      қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, интернет желісіне қолжетімділігі бар баспа, аудио және бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтардың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтардың (манекендер, муляждар, тренажерлар) меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалға алу (жалдау) шарттары негізінде болуы/болмауы;

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылу туралы шарт көшірмесінің болуы/болмауы.

      _________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Клиникалық базалары туралы құжаттарын және (немесе) аккредиттелген

      медициналық ұйымдармен жасалған шарттың болуы/болмауы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      10. Денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметінің бір түрі болып табылатынын құқық белгілейтін құжаттардың болуы/болмауы туралы мәліметтер және мәліметтерді "цифрлық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамалар

      11. Білім беру процесінің бұзылу фактілері (білім туралы заңнаманы сақтамау, білім туралы құжаттарды беруден бас тарту, белгіленген стандарттарды бұзу, педагогикалық лауазымдарға құқығы жоқ адамдардың орналасуы, қажетті оқу-әдістемелік құжаттардың болмауы), қосымша білім беру бағдарламаларының каталогында білім беру бағдарламаларының жоқтығы, сараптау ұйымы жүргізген қосымша білім беру бағдарламалары сараптамасының теріс нәтижесі) болуы/болмауы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      Қорытынды: медициналық мамандықтар (дәрігерлер/орта медициналық қызметкерлер)

      бойынша қосымша білім беру қызметтерін көрсету үшін талаптарға сәйкес

      келеді/келмейді.

      "" ____ _____ жыл

      _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Құрылымдық бөлімше қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады