"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323-80) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 9 ақпандағы № 8 бұйрығымен бекітілген |
Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323-80) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) біліктілікті арттыру-бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
3) медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі –қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
4) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым.
2-тарау. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі
3. Тізбе қазақ және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтары, ғылыми – зерттеу институттары, аккредиттелген медициналық ұйымдардың базасында жоғары медициналық колледждер, қосымша білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) бойынша Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін жеке қалыптастырылады.
4. Тізбе медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуге үміткер ұйымдардан уәкілетті органға ұсынылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтінімдер мен ұйымдардың Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін құжаттар негізінде қалыптастырылады.
5. Ұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21894 болып тіркелген) ғылыми ұйымның мәртебесі болуы;
2) танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органы берген институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
3) әзірленген қосымша білім беру бағдарламалары олардың қосымшасымен бірге болуы;
4) бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық деректер базаларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
5) оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
6) оқытушылар құрамы туралы ақпараттың болуы:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ұлттық және ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар туралы;
жоғары медициналық колледждерде педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавриаты бар адамдар туралы. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын штаттық профессор-оқытушылар құрамының саны оқытушылардың жалпы штатынан кемінде 40 % - құрайды;
практикалық денсаулық сақтау мамандарының ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ профессор-оқытушылар құрамының жалпы санының 40% - дан аспайтын, практикалық сабақтар жүргізетін оқытушылар туралы;
мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы бар ЖОО, ҒЗИ, ҒҰ қосымша білім беру оқытушылары туралы;
мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы бар жоғары медициналық колледждердің оқытушылары туралы;
7) материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер болуы:
тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық - техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық қордың, сыныптардың, зертханалардың меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау (жалдау) туралы шарттар болуы;
қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормаларға, Интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың қағидаларына, кітапхана қорына, симуляциялық жабдыққа (манекендерге, муляждарға, тренажерлерге) сәйкес келетін меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару туралы шарттар, жалға алудың (жалдаудың) болуы;
мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылу туралы шарттың көшірмесі;
8) клиникалық базалар туралы құжаттардың және (немесе) аккредиттелген медициналық ұйымдармен шарттың болуы.
6. Уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны уәкілетті органның медициналық ғылым, білім беруді және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын басқаруды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) орындауға береді.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері құжаттарды жіберу кезінде өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарын бағалау мақсатында құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін, қолданылу мерзімін тексереді, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттардың және "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болуын қарайды.
Құжаттардың толық жиынтығы және ұйымдардың Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі жағдайында құрылымдық бөлімшенің қызметкері уәкілетті органның бірінші басшысының атына ұйымның деректерін "Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығымен бекітілетін Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде енгізу үшін шешім жобасын дайындайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық емес, анық емес немесе толық емес ақпарат ұсынылған жағдайларда 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындалады, уәкілетті органның құжат айналымы жүйесінде тіркеледі және ұйымға жіберіледі.
8. Ұйым өтінімді қарау нәтижелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылы.
9. Тізбе ұйымнан өтінімдерді қарау шамасына қарай өзектендіріледі және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
10. Құрылымдық бөлімшенің мамандары жылына бір рет мониторинг жүргізу арқылы Тізбеге енгізілген ұйымдарының деректерін өзектендіруді жүзеге асырады.
3-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін өзектендіру және қалыптастыру үшін мониторинг жүргізу тәртібі
11. Мониторингті уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
12. Мониторинг жүргізу үшін Құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес барлық құжаттарды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсыну туралы ұйымға сұрау салады.
13. Бөлімшенің қызметкері ұйым ұсынған құжаттарды қарастырады. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болған кезде мониторинг қашықтықтан технологияларды пайдалана отырып ұйымның базасына бармай жүргізіледі. Талаптар бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымның талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.
14. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға құжаттардың толық емес топтамасын, дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты ұсынған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болмаған кезде еркін нысанда ұсынымдар беріледі.
Ақпараттың талаптарға сәйкес келмеуін жою мерзімі ұсынымды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды. Ұйымның өтінішхаты бойынша ақпараттың талаптарға сәйкессіздігін жою мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
15. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздігі бойынша ұсынымдарда көрсетілген бұзушылықтарды жоймау анықталған жағдайларда мониторинг ұйымның базасына бару арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, білім беру процесінің бұзылу фактілері, яғни білім туралы заңнаманы сақтамау (білім туралы құжаттарды беруден бас тарту, белгіленген стандарттарды бұзу, педагогикалық лауазымдарға құқығы жоқ адамдардың орналасуы, қажетті оқу-әдістемелік құжаттардың болмауы), қосымша білім беру бағдарламаларының каталогында білім беру бағдарламаларының жоқтығы, сараптау ұйымы жүргізген қосымша білім беру бағдарламалары сараптамасының теріс нәтижесі сияқты ақпарат алынған жағдайда мониторинг ұйымның базасына бару арқылы жүргізіледі.
Ұйым базасына барғанға дейін құрылымдық бөлімше 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығу күні мен уақытын көрсете отырып, алдағы сапар туралы жазбаша хабарлайды.
16. Ұйымның базасына бару арқылы мониторинг шеңберінде ұйым осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталған, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болған және 15-тармақта көрсетілген бұзушылықтар жоқ болған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.
Ұйымның базасына бару арқылы мониторинг шеңберінде ұсынымдарда көрсетілген барлық сәйкессіздіктер жойылмаған, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру Қызмет түрлерінің бірі болуын құқықтық белгілейтін құжаттар және "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама болмаған және 15-тармақта көрсетілген бұзушылықтар болған жағдайда Тізбеден шығару үшін осы Қағидаларға 3-қосымша бойынша нысанға сәйкес ұйымның талаптарға сәйкес келмейтіні туралы қорытынды береді.
4-тарау. Қосымша білім беру ұйымын Тізбеге қосу және алып тастау негіздері
17. Ұйымдардың осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкестігі Тізбеге енгізу үшін негіз болып табылады.
18. Тізбеден шығару үшін негіздер:
1) осы Қағидалардың 11-16-тармақтарына сәйкес мониторинг қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда ұйымның талаптарға сәйкес келмейтіні туралы қорытынды;
2) білім туралы заңнаманы сақтамау сияқты білім беру процесінің анықталған бұзушылықтары (білім туралы құжаттарды беруден бас тарту, белгіленген стандарттарды бұзу, құқығы жоқ адамдардың педагогикалық лауазымда болуы, қажетті оқу-әдістемелік құжаттардың болмауы);
3) қосымша білім беру бағдарламаларының каталогында білім беру бағдарламаларының жоқтығын анықтау;
4) білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) ғылыми ұйым мәртебесінің болмауы, кері қайтарып алуы;
5) сараптау ұйымы жүргізген қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары сараптамасының теріс нәтижелері;
6) ұйымның тізбеден шығу туралы еркін нысандағы өтініші;
7) Білім беру қызметімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
19. Ұйымдарды Тізбеден шығаруды уәкілетті орган Тізбеге тиісті өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырады және осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген негіздер анықталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми сайтында жариялайды.
20. Ұйымдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен мониторинг және Тізбеден шығару нәтижелеріне шағымдануға құқылы.
| Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша нысан |
Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесі
Дәрігерлерге қосымша білім беретін ұйымдарының тізбесі | ||||||||
№№ | Ұйымның атауы | БСН | Білім беру қызметіне лицензияның нөмірі және берілген күні | Ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы құзыретті органның ғылыми кеңесінің мақұлдау күні мен нөмірі және қайта атау құжаты | Институционалдық аккредиттеу куәлігінің нөмірі, берілген күні және жарамдылық мерзімі | Ұйымның мекенжайы | Байланыс мәліметтері (телефон нөмірі, электрондық пошта) | Тізбеге қосқан күн |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
Орта медицина қызметкерлеріне қосымша білім беретін ұйымдарының тізбесі | ||||||||
№№ | Ұйымның атауы | БСН | Білім беру қызметіне лицензияның нөмірі және берілген күні | Ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы құзыретті органның ғылыми кеңесінің мақұлдау күні мен нөмірі және қайта атау құжаты | Институционалдық аккредиттеукуәлігінің нөмірі, берілген күні және жарамдылық мерзімі | Ұйымның мекенжайы | Байланыс мәліметтері (телефон нөмірі, электрондық пошта) | Тізбеге қосқан күн |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
*ұйым филиалы БСН болған жағдай бөлек жазылады
| Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша _____________ (Уәкілетті органның толық атауы) _________________________ (ұйымның толық заңды атауы) |
Өтініш
_______________________________________________________________
(Дәрігерлерге және (немесе) орта медицина қызметкерлерге екенін көрсету қажет)
медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жүзеге асыру тізбесіне
_________________________________________________
(ұйымның толық заңды атауы) қосуды сұраймын.
Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесіне үміткер ұйым туралы мәліметтер:
1. Ұйымының атауы және БСН
_____________________________________________________________________
2. Білім беру қызметіне лицензиялар (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін) немесе
немесе ғылыми ұйымның мәртебесі
_____________________________________________________________________
(құжат түрі, қашан және кім берді, жарамдылық мерзімі)
3. Институционалдық аккредиттеу туралы куәліктер
_____________________________________________________________________
(құжат түрі, қашан және кім берді, жарамдылық мерзімі)
4. Байланыс деректері
_____________________________________________________________________
(телефон нөмірі, электрондық пошта)
5. Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3).
" " _________ _____ жыл
Бірінші басшының аты-жөні және қолы __________
| Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша |
Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметтерін көрсету үшін ұйымның талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы қорытынды (қажеттісін сызып қойыңыз)
1. Ұйым
_________________________________________________________________________
(толық заңдық атауы, БСН, ұйымның мекенжайы)
2. Білім беру қызметіне лицензияның (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орны үшін) болуы/болмауы немесе ғылыми ұйымның мәртебесі туралы мәліметтер, берген орган мен оның қолданылу мерзімін көрсете отырып
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Институционалды аккредиттеу туралы куәліктің, оның берілген және қолданылу мерзімі, берген орган көрсетілуімен болуы/болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
4. Қосымша білім беру бағдарламаларының, олардың қосымшаларымен бірге, болуы/болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Профильдік халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапханалық қорларға, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қол жеткізудің болуы/болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
6. Инновациялық, симуляциялық технологиялар мен интерактивтік оқыту әдістерінің болуы/ болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Оқытушылар құрамы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:
меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларына сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы/болмауы;
меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы/болмауы;
Мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік ортасына қосылу шартының болуы/болмауы.
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
9. Клиниктік базалар туралы және (немесе) аккредиттелген медициналық ұйымдармен жасалған шарттар туралы құжаттардың болуы/болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10. Денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметінің бір түрі болып табылатынын құқық белгілейтін құжаттардың болуы/болмауы туралы мәліметтер және мәліметтерді "электрондық үкімет" веб-порталынан заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамалар
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
11. Білім беру процесінің бұзылу фактілері (білім туралы заңнаманы сақтамау, білім туралы құжаттарды беруден бас тарту, белгіленген стандарттарды бұзу, педагогикалық лауазымдарға құқығы жоқ адамдардың орналасуы, қажетті оқу-әдістемелік құжаттардың болмауы), қосымша білім беру бағдарламаларының каталогында білім беру бағдарламаларының жоқтығы, сараптау ұйымы жүргізген қосымша білім беру бағдарламалары сараптамасының теріс нәтижесі) болуы/болмауы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Қорытынды: медициналық мамандықтар (дәрігерлер/орта медициналық қызметкерлер) бойынша қосымша білім беру қызметтерін көрсету үшін талаптарға сәйкес келеді/келмейді.
" " ____ _____ жыл
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Құрылымдық бөлімше қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
_________________________________________________________________________