Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 964 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 тамызда № 39696 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрі
  2026 жылғы 26 тамыздағы
  № 964 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқытушылардың оқу жүктемесінің көлемін есептегенде бір кредит 30 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады, ал әскери колледж үшін оқытушылардың оқу жүктемесінің көлемін есептегенде бір кредит 24 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады.";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспарланған барлық жұмыс түрін орындауды есепке алу сабақ, емтихан және консультация кестесінде көрсетілген және оқу сабағын есепке алу журналында белгіленген іс жүзінде өткізілген сабақ, емтихан және консультация, сондай-ақ орындалған оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік қызмет пен басқа да жұмыс түрі негізінде жүргізіледі. Оқытушылардың жеке жоспарын орындау бойынша қорытындыны оны бекіткен бастық жасайды және "Қорытынды" деген бөлімде олардың қол қоюымен бекітіледі.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Оқу сабағын, консультация өткізуді есепке алу журналы білім алушылардың әрбір взводына, оқу тобына, кіші тобына жүргізіледі. Онда сабақ, емтихан және консультация өткізу кестесіне сәйкес оқытушының (бөлімше командирінің) жетекшілігімен өткізілетін барлық оқу сабағы, консультация, білім алушылардың өзіндік жұмысы мен олардың сабаққа қатысуы есепке алынады, білім алушылар алған барлық баға қойылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Емтихан және консультация өткізу кестесін оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) факультетпен (батальонмен, дивизионмен, циклмен) бірлесіп жасайды, оны ӘОО бастығы бекітеді және оқытушыларға, білім алушыларға аралық аттестаттауға дейін екі апта бұрын кешіктірмей жеткізіледі.

      Мемлекеттік емтихан комиссиясы отырысының кестесін және мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысының кестесін оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) жасайды, оны ӘОО бастығы бекітеді және оқытушылар мен білім алушыларға мемлекеттік емтихан және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жеткізіледі.

      Сабақ және емтихан, консультация өткізу кестесі оқу корпусында арнайы бөлінген жерге ілінеді.

      Сабақ және емтихан, консультация өткізу кестесінен үзінді факультетке (батальонға, дивизионға, циклге) беріледі.";

      33 және 33-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Оқу бөлімінде (оқу-әдістемелік бөлімде, оқу-әдістемелік басқармада) оқу процесін жоспарлау мен есепке алу бойынша мынадай құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:

      1) оқу жұмыс жоспары;

      2) факультет (кафедра, цикл) бойынша оқу жылына ӘОО оқу жұмысы көлемінің есебі;

      3) ӘОО оқу процесінің академиялық күнтізбесі;

      4) оқу сабағының кестесі;

      5) емтихан және консультация өткізу кестесі;

      6) ӘОО-ның академиялық саясатын әзірлеуге қатысу.

      33-1. Білім сапасын бағалау (мониторингтеу) бөлімінде (оқу-әдістемелік бөлімде, оқу-әдістемелік басқармада) оқу процесін жоспарлау мен есепке алу бойынша мынадай құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:

      1) ӘОО-ның академиялық саясатын әзірлеуге қатысу;

      2) мамандықтар бойынша оқу жұмыс бағдарламалары жинағы (силлабус);

      3) оқу жылына кешенді тексеру жоспары;

      4) бір айға оқу процесінің сапасын бақылау жоспары;

      5) пәндер бойынша ағымдағы үлгерім мен баға ведомосы, транскрипт;

      6) семестр (оқу жылы) қорытындысы бойынша білім алушының жеке рейтингісі, жиынтық ведомость;

      7) қолбасшылық, ӘОО кафедрасының бастығы, батальонының командирі өткізетін оқу сабағын бақылау журналы;

      8) білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау нәтижесін талдау;

      9) қолбасшылық, ӘОО кафедрасының (циклының) бастығы, батальонының (ротасының) командирі өткізетін консультацияны бақылау журналы;

      10) мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – МАК) жұмысы бойынша материал және МАК жұмысы туралы есеп беру;

      11) кешенді тексеру нәтижесі туралы есеп беру;

      12) МАК кестесі;

      13) ӘОО бітірушілерін есепке алу және диплом беруді тіркеу журналы;

      14) белгіленген үлгіде берілетін анықтаманы тіркеу журналы;

      15) сапаны ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары.".

      2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Оқу жұмыс жоспарының барлық пәнінің кемінде 75 %-ы бойынша емтиханды "А", "А-" деген бағамен, ал қалған пән бойынша "В+", "В", "В-" деген бағамен тапсырған кадеттерге аттестаттау комиссиясының шешімімен үздік диплом беріледі. Оқу үздіктерінің фотосуреті Әскери колледждің Құрмет тақтасына ілінеді. Әскери колледжді үздік бітіргендер қызмет өткеретін жерді таңдауға құқылы.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жылдан кейін бір рет қорытынды аттестаттаудан қайта өтуге жол беріледі. Бұл ретте қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан 50 балдан аз алған тек сол нысан бойынша жүргізіледі. 50-ден астам балл жинаған магистранттар қорытынды аттестаттауды қайта тапсыру нәтижесі бойынша оқу орнын бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына енгізу үшін ұсынылады.";

      145-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына "магистр" дәрежесі беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом беріледі.";

      174-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған Қазақстан Республикасының азаматтарына кеңестің оң шешімі болғанда философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және мемлекеттік үлгідегі диплом және қосымша (транскрипт) беріледі.".

      3. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Оқуға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (бұдан әрі – әскери институт) ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына даярлаудың қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды қоспағанда, 1 наурызға дейін ҚР ҚМ-ның әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын ҚР ҚМ бекіткен оқуға қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, онда қабылдау квотасы көрсетіледі.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Әскери институтқа оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ҚР ҚМ бекіткен, құрылымдық бөлімше жасайтын Оқуға қабылдау жоспарына сәйкес оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды құрылымдық бөлімше әскери кадрды даярлаудағы қажеттілік өзгергенде, ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілгенде, қабылдау квотасы қайта бөлінгенде, қабылдауды ұйымдастыруға ықпал ететін білім беру бағдарламаларының тізбесі өзгергенде енгізеді.

      Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды ҚР ҚМ, ал ол болмағанда оның міндетін атқарушы адам бекітеді.

      Өзгерістер мен толықтырулар Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту арқылы ресімделеді және оқуға қабылдау жылының 1 шілдесінен кешіктірілмей енгізіледі.";

      7-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Конкурстық іріктеу нәтижесімен келіспейтін Қазақстан Республикасының азаматы конкурстық іріктеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні апелляцияға өтініш береді. Өтінішті апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен ол берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.";

      2-тарау алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпы орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ әскери колледжіне (бұдан әрі – жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледж) Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары (әскери қызметшілер) оқуға түсуге құқылы.

      Негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ Әскери колледжіне (бұдан әрі – негізгі білім беру базасындағы әскери колледж) Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары оқуға түсуге құқылы.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссияларына осы Қағидаларға "Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады не "ҚР ҚМ әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қоса береді.

      Әскери оқу орнының қызметкері оқуға түсуші келетін күні (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері портал арқылы алатын күні) құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде не осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылғанда, оқуға түсуші осы Қағидаларға сәйкес оқуға түсі рәсімінен өтуді жалғастырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 10 маусымына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына не "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде не осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда оның "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Жергілікті әскери басқару органының басшысы жұмысты ұйымдастырады және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін оқуға түсушінің тиісті құжаттарын олар ұсынылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін құжаттарды әскери колледж жібереді.

      Арнайы тексеруден өткен, білімі туралы құжаты бар және денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылының 31 шілдесіне дейінгіні қоса алғанда, жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге келеді.

      Портал арқылы жүгінген оқуға түсушілер "жеке кабинетке" жіберілген хабарламаға сәйкес әскери колледжге келеді.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      26-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсетін адам қабылдау жылын қоса алғанда, 27 – 31 шілде кезеңінде негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге заңды өкілімен келеді және қабылдау туралы өтініш береді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасының азаматтары мен әскери қызметшілерді әскери колледжге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезең бойынша жүзеге асырылады:

      І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

      ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

      ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.";

      32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:

      1) жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 195 бұйрық) сәйкес;

      2) негізгі білім беру базасындағы әскери колледжге – осы Қағидаларға "Негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер" деген 2-1-қосымшаға сәйкес норматив бойынша.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери колледжге рейтингіде бірінші нөмірден бастап оқуға қабылдау жоспары бойынша бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Оқуға қабылдау жоспарын жалпы санынан 30 %-ға дейін әскери оқу орнының ауыспалы құрамының штат саны шегінде асыруға жол беріледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Әскери институттарға Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ әскери колледжді бітірушілер қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түседі.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Оқуға түсуші әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға "Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының азаматтары әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына не портал арқылы "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘОО басшысының атына өтініш жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұранымның қабылданғаны туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетіп, хабарлама жіберіледі.

      Жергілікті әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады.

      Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ҚР ҰҚО туралы Заңның 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу бойынша тиісті құжаттарды ӘОО жібереді және нәтижесі ӘОО-ға түседі.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бейінді пәндердің біреуі бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау жылының 15 – 31 шілдесі кезеңін қоса алғанда, құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.

      Портал арқылы жүгінген оқуға түсушілер "жеке кабинетте" алынған хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді.";

      41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери бөлім командирі әскери институтқа түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты Заңының 38-бабына сәйкес арнайы тексеру бойынша жұмысын ұйымдастырады және әскери қызметшіні қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пункттеріне жібереді. Арнайы тексеруден өткен, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша 50-ден кем емес балл (оның ішінде бейіндік пәндердің біреуі бойынша 5-тен кем емес балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша 3-тен кем емес балл) жинаған әскери қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 135-тармағына сәйкес қабылдау жылының 31 шілдесінен кешіктірілмей әскери институтқа келу күні көрсетіле отырып, оқу демалысына жіберіледі.";

      41-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген (өткеретін) және әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей не әскери қызмет өткеру кезеңінде және ол оқуға түскен жылы 24 (жиырма төрт) жасқа толмаса (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес), қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының, бөлім командирінің атына не "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтініш жасады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Жергілікті әскери басқару органының басшысы, бөлім командирі ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады.

      Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін арнайы тексеруді ӘОО ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес ұйымдастырады және оның нәтижесі ӘОО-ға түседі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау жылының 31 шілдесіне дейін құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери оқу орнына келеді.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘОО-сына қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдеріндегі конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.";

      42-тармақ алып тасталсын;

      42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-1. Әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген (күндізгі немесе қашықтықтан оқыту нысанын көрсетіп) әскери колледжді бітіруші (бұдан әрі – әскери колледжді бітіруші) мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 18.00-ге дейін әскери колледж бастығының атына тиісті баянатпен өтініш жасайды, одан кейін әскери колледж бастығының бұйрығымен құрылған комиссияның конкурстық іріктеуіне жіберіледі. Конкурстық іріктеу комиссиясының жұмысы оқу бітіруші баянат бергеннен кейін келесі күні аяқталады.

      Конкурстық іріктеу қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі және барлық оқу пәні бойынша үлгерімнің орташа балы негізінде ең жоғары деңгейден ең төменгі рейтингілік балға дейін әскери колледж бітірушісінің рейтингісін жасауды қамтиды.

      Рейтинг әскери колледж бітірушісін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және оны әскери колледж бастығы бекітеді. Конкурстық іріктеу нәтижесі келесі күні сағат 10.00-ге дейін, комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін әскери колледждің интернет-ресурсына орналастырылады және әскери институтқа жіберіледі.

      42-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-2. Мемлекеттік емтиханды тапсырған және конкурстық іріктеуден табысты өткен әскери колледж бітірушісіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 93-тармағына сәйкес әскери институт бастығының қарамағына қабылдаумен "сержант" ("бірінші сатылы старшина") әскери атағы беріледі.";

      43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстан Республикасының азаматтары мен әскери қызметшілерді әскери институтқа қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезең бойынша жүзеге асырылады:

      І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

      ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру.";

      47-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      51-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-1. Әскери колледж бітірушісі әскери институтқа келгеннен кейін әскери институт бастығының бұйрығымен әскери колледж бітірушілерін конкурстық іріктеу хаттамасы негізінде әскери институтқа қабылданады.

      Әскери колледжді бітірушілер қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша оқу үшін әскери институт бастығының бұйрығымен әскери колледжді бітірушілерді конкурстық іріктеу хаттамасы негізінде әскери институтқа қабылданады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Әскери институтқа оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы (әскери қызметші) қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша білім алатын әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери институт бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.";

      53-6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери институтқа қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен табысты өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқыққа ие болады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – ҰҚУ) Қазақстан Республикасының азаматтары Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.

      Білім алушылардың штат саны көлемінде өтеусіз негізде оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      Білім алушылардың штаттық санынан тыс ақылы негізде оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      Оқуға арналған орын саны (өтеусіз негізде, ақылы негізде) тиісті қабылдау жоспарымен айқындалады.";

      56-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтеусіз оқуға түсетін кандидаттардың тізімі ақылы оқуға түсушілерден бөлек қалыптастырылады.";

      56-1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-1. Жедел-стратегиялық және стратегиялық басқару деңгейіндегі магистратураға оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарын конкурстық іріктеуді ЖАК жүзеге асырады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткізілген әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия дауыс беру арқылы конкурстық іріктеуден өткен және оқуға қабылдауға ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматтарын айқындайды. Конкурстық комиссияның шешімі ЖАК отырысының хаттамасымен ресімделеді.";

      68-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясының құрамы қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:

      1) магистратураға, резидентураға – профессор-оқытушы құрамы мен тапсырыс беруші өкілдері қатарынан;

      2) докторантураға – жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ұсынған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қалыптастырылады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. ҰҚУ-ға әртүрлі ведомство бойынша орын бөлуді ескеріп, мамандығы бойынша рейтингіде бірінші нөмірден бастап тиісті қабылдау жоспары (өтеусіз негізде, ақылы негізде) бойынша мамандыққа бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

      Бұл ретте ақылы оқуға түсушілердің рейтингісі өтеусіз оқуға түсушілерден бөлек жасалады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 1 шілдесінде сағат 10.00-ге дейін жарияланады және ҰҚУ ғимаратында барлығына көрінетін жерде орналастырылады.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. ҚР ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі және ЖАК шешімі негізінде қабылдау жылының 1 тамызына дейін өтеусіз негізде оқуға түсушілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ҰҚУ-ға қабылдау туралы бұйрығын шығарады.

      Ақылы негізде оқуға түсушілер қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ҰҚУ бастығының бұйрығымен ҰҚУ-ға қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 73-2-тармақпен толықтырылсын:

      "73-2. Ақылы негізде оқу үшін ҰҚУ-ға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары ҰҚУ бастығымен білім беру қызметін көрсетуге шарт жасайды.

      ҰҚУ "Білім туралы" ҚР Заңының 43-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес білім беру қызметін көрсету шартының нысанын дербес әзірлейді және бекітеді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. ҰҚУ-ға оқуға қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіш болғанда бейінді емтихан бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған Қазақстан Республикасы азаматтарының басым құқығы болады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Әскери оқу орнынан теріс жауап алғанда "жұмылдыру ресурсының интеграциялық шлюзі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ИШ) Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтың нарко-, псих- және туберкулезге қарсы диспансерлік есепте болуы, сондай-ақ оның соңғы 3 (үш) жылдағы денсаулық жағдайы туралы сұранымды жібереді.";

      76-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      77-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен және 78-тармақпен толықтырылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      78. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарайтын органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      1-қосымша алып тасталсын;

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Негізгі орта білім беру базасында әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер";

      Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      4. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:

      12-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қайта қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының азаматы әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының атына немесе "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда бір реттік парольмен куәландырылған өзі таңдаған ӘОО-ға қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді. Қайта қабылдау туралы өтінішке транскрипт қоса беріледі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ол жүгінген күні қабылдайды және тіркейді. Тіркелгеннен кейін өтініштің көшірмесі оған мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні қойылып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы ақпарат жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 1-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 5-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше 10 (он) жұмыс күні ішінде әскери жоғары оқу орнын және Қазақстан Республикасының азаматын қайта қабылдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, академиялық анықтаманың немесе транскрипттің төлнұсқасымен бірге оған белгіленген мерзімде әскери жоғары оқу орнына келеді;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ӘОО басшысы құжаттардың төлнұсқасын тексергеннен кейін оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      ӘОО-дан теріс жауап алғанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қайта қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілгенде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" операторына, көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен және 18-тармақпен толықтырылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

      Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      5. "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының азаматтарын запастағы офицерлер және (немесе) сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау (бұдан әрі – әскери даярлау) Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицер мен сержант құрамының бастапқы лауазымын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары білім негізінде әскери даярлық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары ӘК-ге оқуға түскен жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан бастап сабаққа кіріседі.

      Әскери даярлық мерзімі:

      1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша – 2 жыл 5 айдан артық емес;

      2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша – 1 жыл 5 айдан артық емес болып белгіленеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға түсуге студенттерді қабылдауды құрылымында ӘК жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда студент осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 9-тармақта көрсетілген құжаттарды қосымша береді.

      Өтінішті қабылдау оқуға түсу (қабылдау) жылының 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ қызметкері ӘК-де оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттің құжаттары берілген күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 3-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.

      Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізеді және тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

      Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілгенде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      6. "Білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 1595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білім беру ұйымында ӘД сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке даярлау бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және білім беру ұйымында әскери даярлық сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ӘД сапасын мониторингтеуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) "Азаматтарды әскерге шақыруға дейінгі даярлауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі" цифрлық жүйесін (бұдан әрі – ӘШДҰТ ЦЖ) пайдаланып жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген білім беру ұйымы жыл сайын 1 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктірмей ӘШДҰТ ЦЖ-ға мынадай көрсеткіш бойынша ақпаратты енгізеді:

      1) кадр әлеуеті;

      2) оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі;

      3) оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілуі;

      4) ӘД бойынша білім алушылардың ағымдағы және қорытынды үлгерімі;

      5) өткізілген әскери-патриоттық тәрбие іс-шараларының саны;

      6) білім алушылардың дене шынықтыру дайындығының көрсеткіші.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ӘШДҰТ ЦЖ ақпаратты жүйелі есепке алуды, сондай-ақ сақтауды, жаңартуды, жинақтауды және қорғауды, мәліметтерді өңдеуді, индикаторды есептеуді, динамикалық есеп пен диаграмма жасауды қамтамасыз етеді.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдары ақпаратты ӘШДҰТ ЦЖ-ға уақтылы енгізбеген не шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты енгізгенде құрылымдық бөлімше көрсетілген фактіге жол берген білім беру ұйымынан ақпаратты верификациялауды сұратады. Білім беру ұйымдары он жұмыс күні ішінде қажетті түзетуді енгізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген білім беру ұйымдарының жүйелі түрде ақпаратты уақтылы енгізбеу немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты енгізу фактісі болғанда құрылымдық бөлімше бұл туралы білім беру немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді және тиісті ақпаратты астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесіне енгізеді.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тестілеу нәтижесін талдау және білім беру ұйымдары ӘШДҰТ ЦЖ-ға енгізген ақпарат негізінде жыл сайын шілдеде білім беру ұйымында ӘД-ның ағымдағы жай-күйін бағалау және оның сапасын арттыру жөніндегі ұсыныс көрсетілген білім беру ұйымында ӘД сапасын мониторингтеу және талдау бойынша талдамалы есеп (бұдан әрі – талдамалы есеп) қалыптастырылады.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Талдамалы есеп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне ұсынылады және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында таныстырылады.".

      7. "Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15602 болып тіркелген):

      3-қосымшаның 13-тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      8. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-да оқуға іріктеу ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде шетелдік ӘОО-да одан әрі оқу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсына оқуға түскен әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 30 тамызына дейін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының одан әрі шетелдік ӘОО-да оқу мақсатында ҚР ҚМ ӘОО-ға оқуға түсуі Қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Іріктеу жүзеге асырылатын шетелдік ӘОО-лар тізімі, сондай-ақ қойылатын талаптар, іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат іріктеу жылының 30 мамырына дейін жергілікті әскери басқару органында орналастырылады.

      Баянатта кандидаттың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда), туған жылы мен айы, ол оқуға түсуге ниет білдіретін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы көрсетіледі.".

      9. "Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 1-қосымша
Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі

      1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.

      2. Жеке куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. Оқуға түсетін адам 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.

      3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).

      4. Орта (толық) білім туралы аттестат не техникалық және кәсіптік білім алу туралы диплом, негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).

      5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтиже – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 5 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл).

      6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (бұдан әрі – 075/у нысаны) және ӘОО-ға келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі:

      жалпы қан талдауы;

      мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

      жалпы зәр талдауы;

      мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы;

      12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);

      кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

      бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар);

      амбулаториялық пациенттің медициналық картасы;

      профилактикалық екпе картасы.

      Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшқыш мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:

      физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;

      қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;

      қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;

      дыбыстық аудиометрия;

      электроэнцефалография.

      7. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).

      8. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.

      9. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда):

      ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

      ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

      ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

      10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда) ұсынады.

      11. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда).

      12. Мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 2-қосымша
Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына
2-2-қосымша

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау"

1-1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрінің (бар болса) атауы

Көзделмеген

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі

1. Жергілікті әскери басқару органы мен әскери оқу орны
2. "Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда өндіріп алу тәсілі

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс графигі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

9.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Портал арқылы өтініш жасағанда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті толтыру;
2) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеменің электрондық көшірмесі;
3) әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы;
Қазақстан Республикасының азаматы психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық бейіндегі медициналық ұйымда есепте тұрған, сондай-ақ соңғы он екі ай ішінде созылмалы ауруы бойынша және инфекциялық және паразитарлық ауруға шалдығуы бойынша диспансерлік есепте тұрған жағдайда ӘОО-ға оқуға түсуге жарамсыз деп саналады.
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:
күштік жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;
қалқанша безінің, жүректің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
қант деңгейіне және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
дыбыстық аудиометрия;
электроэнцефалография.
4) сауалнама және өмірбаян (ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын арнайы тексеруден өту үшін электрондық түрде толтырылады);
5) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (мерзімді әскери қызмет өткерген, конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
6) әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (мерзімді әскери қызмет өткерген, конкурстық iрiктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда) ұсынады;
7) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса).
Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, әскери оқу орнына түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары 075/у-нысаны (ДСМ АЖ базасында болған жағдайда, болмаған кезде электрондық көшірме қоса беріледі), білімі туралы құжаттар, ҰБТ-ны тапсыру нәтижесі (әскери институтқа оқуға түсетіндер үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны не жасамағаны туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына) (арнайы тексеруден өту үшін), әскери қызмет өткеру туралы мәліметтер, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін қосымша кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмағаны туралы мәліметтер, арнайы тексеруден өткені туралы анықтама, әскери билет көшірмесі (болса), соттылығының болмауы туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына), ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі, ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі және графикалық файл түрінде өлшемі 30x40 миллиметр цифрлық фотосурет, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасағанда:
1) еркін нысанда жазылған оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген қабылдау туралы өтініш немесе баянат;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, оқуға түсуші он алты жасқа толмаса, туу туралы куәлік және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі) беріледі;
3) әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа);
4) білімі туралы құжаттар, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме);
5) ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтижесі – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 5 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл);
6) әскери оқу орнына оқуға түсетін Қазақстан Республикасы азаматының 075/у-нысанындағы медициналық куәландыру картасы және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы.
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:
күштік жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;
қалқанша безін, жүрегін, несеп-жыныс жүйесін ультрадыбыстық зерттеу;
қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
дыбыстық аудиометрия;
электроэнцефалография.
7) соттылығының болмауы туралы анықтама, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмауы туралы қосымша анықтама;
8) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса);
9) өлшемі 3х4 миллиметр фотосурет – 4 дана;
10) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
11) әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда) ұсынады;
12) арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы әскери колледжге оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда);
13) мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматы қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.

10.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
2) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ тексерудің (арнайы тексерудің) теріс қорытындысы.
3) Арнайы тексеруден өту туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы.
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
6) Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

11.

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 3-қосымша
Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына
4-қосымша

ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

      2. Офицер жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

      3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама (Қарулы Күштер мен мемлекеттік органдардың азаматтық персоналы үшін – 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама).

      4. Мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы анықтама.

      5. Жоғарғы бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.

      6. Жоғары медициналық білімінің болуы туралы құжат (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

      7. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік және интернатура бойынша GPA көрсетіп, бір тілде (қазақша/орысша) жазылған транскрипт көшірмесі (транскрипте GPA көрсетілген болмаса, талапкер білім алған ұйымның қолтаңбасы мен мөрі қойылған интернатура бойынша есептелген GPA қоса беріледі) және интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) нәтижесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

      8. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).

      9. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына
ауыстыру және қайта қабылдау
қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнына қайта қабылдау"

1-1

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызмет түрінің атауы (бар болса)

Көзделмеген

2.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті.
2. "Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш толтыру;
2) транскрипттің электрондық көшірмесі;
3) соттылығының болмауы туралы анықтама (электрондық нұсқасы қоса беріледі).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішпен жүгінгенде:
1) цифрлық құжаттар сервисінен жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) академиялық анықтама немесе транскрипт;
3) соттылығының болмауы туралы анықтама.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүргізілуі талап етілетін сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
3. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес берілетін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігін ескеріп, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 5-қосымша
Запастағы офицерлер мен
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери дайындық қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедраға (әскери факультетке) оқуға түсу үшін өтінішті қабылдау"

1-1.

Мемлекеттік қызмет түрінің атауы

Көзделмеген

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағазда

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 10-тармағында көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда алу тәсілі

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасаған жағдайда:
1) белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) факультет пен мамандықты көрсетіп, ЖЖОКБҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.
2. Портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, электрондық фотосуретті, жеке тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, факультеті мен мамандығы көрсетілген ЖЖОКБҰ-да нақты оқуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "Цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады..

10.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы
5) мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуді тоқтату мерзімінің өтуі бойынша анықталған кемшіліктерді жоймау.

11.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ұйымның интернет-ресурсына орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 6-қосымша
Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабарлама

      ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      оған________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының (әскери факультетінің) атауы)

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери

      кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны

      туралы берілді.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы

      ___________________________________________ (жоғары және (немесе) жоғары

      оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің)

      атауы) _________________________________________________

      (тегі және инициалы)

      Орындаушы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны _____________________________________

      Сізге ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту

      үшін ЖЖОКБҰ-ға келуіңіз қажет.

      Осы электрондық құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 7-қосымша
Запастағы офицерлер мен
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери дайындық қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы )

      Сізге__________________________ сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас

      тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Қызметті көрсетуден бас тарту себебі: ________________________________

      (егжей-тегжейлі себеп)

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы

      ____________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      ____________________________________________________

      (тегі және инициалы)

      Орындаушы _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны _______________________

      Осы электрондық құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының

      2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 964 бұйрығына 8-қосымша
Әскери оқу орындарында
әскери қызметшілердің оқуына
жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
___________________________
(қолтаңбасы, тегі, аты, әкесінің
аты ( бар болса)
"___" _____________________
(күні)

____________________________________________________________________________

________________________________________________ әскери оқу орнының атауы

мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты шығынның жиынтық есебі


(теңге)

Шығыс атауы

2-курс

3-курс

4-курс

5-курс

1.

Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы





2.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету:
1) жалпыәскери үлес
2) ұшқыштар үлесі
3) техникалық үлес





3.

Жол жүру ақысы





Жиыны







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады