ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 11 тамыздағы № 776 бұйрығымен бекітілген |
Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақша аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 108-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және борышкерден өндіріп алынған ақшаны өндіріп алушының пайдасына ақшаны уақытша ораналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан аудару тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар аумақтық әділет органдарына қайтарылу не белгілі бір шарттар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударылу талаптарымен беретін ақша түсімдеріне байланысты операцияларды есепке алуға арналған мемлекеттік қазынашылық органында ашылатын қолма-қол ақшабақылау шоты (бұдан әрі – ҚБШ);
2) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АІЖМАЦЖ) – атқарушылық іс жүргізулердің есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысы туралы деректер алуына арналған цифрлық жүйе;
3) аумақтық әділет органы – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ аудандар мен қалалардың аумақтық әділет органдары;
4) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИАЦЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға бизнес-процестерге арналған цифрлық жүйе;
5) "Қазынашылық-клиент" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Қазынашылық-клиент" АЖ) - мемлекеттік мекемелермен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және мемлекеттік сатып алу субъектілерімен мемлекеттік қазынашылықтың және аумақтық мемлекеттік қазынашылық органдарының функцияларын автоматтандыруға арналған, құжаттарды қабылдау, өңдеу және есептілікті қалыптастыру процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
3. Борышкерден өндіріп алынған, өндіріп алушылардың пайдасына арналған ақшаны және мүдделі тұлғаларға арналған өзге де ақшаны уақытша сақтау үшін аумақтық әділет органы мемлекеттік қазынашылықта ұлттық валютада ҚБШ ашады. Шетел валютасындағы ақшаны айырбастау және аудару бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес валюталардың түрлері бойынша шетел валютасындағы шоттар ашады.
4. ҚБШ орналасқан ақшаның есебін жүргізуді аумақтық әділет органы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5. ҚБШ орналасқан, өндіріп алушылардың пайдасына борышкерден өндіріп алынған ақшаны сақтауға арналған ақша, аумақтық органының қаражаты болып табылмайды.
6. ҚБШ ақшаны қаражаты есепке алу, аудару және қайтару тек қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. ҚБШ ақшаны аудару тәртібі мен мерзімдері
7. Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыларға берілуге тиіс ақша мемлекеттік сот орындаушысы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған ақшаны сақтауға арналған ҚБШ есепке алады.
8. ҚБШ келіп түскен ақша оның тиісті атқарушылық іс жүргізуге тиесілігі анықталғаннан және аударылуға жататын сомасы айқындалғаннан кейін өндіріп алушыға аударылады.
9. Ақшаны аударғанға дейін мемлекеттік сот орындаушысы оны өндіріп алушыға аудару үшін негіздердің болуын, талаптарды қанағаттандыру кезектілігінің сақталуын, сондай-ақ өндіріп алушының банк деректемелерінің болуын тексереді.
10. Аумақтық әділет органының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі ақша келіп түскен күні Цифрлық жүйеде мәліметтерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді.
11. Мемлекеттік сот орындаушысы Цифрлық жүйеде ақшаның келіп түсуі туралы мәліметтерді күн сайын тексереді.
Ақша келіп түскеннен кейін мемлекеттік сот орындаушысы Цифрлық жүйеде ақша келіп түскен атқарушылық іс жүргізу көрсетеді.
12. Өндіріп алушыға ақша аудару осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, аумақтық әділет органының ҚБШ ақша келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады
13. Осы Қағидалардың 9-тарауында көзделген негіздер тексерілгеннен кейін мемлекеттік сот орындаушысы аумақтық әділет органының ҚБШ ақша келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Цифрлық жүйе арқылы өндіріп алынған ақшаны бөлу туралы қаулыны қалыптастырады және оны аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысына және аумақтық әділет органы басшысының орынбасарына келісуге жолдайды.
Алушының деректемелері болмаған жағдайда, мерзім осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес оларды ұсыну үшін қажетті кезеңге ұзартылады.
14. Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы және аумақтық әділет органы басшысының орынбасары өндіріп алынған ақшаны бөлу туралы қаулы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Цифрлық жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келіседі.
15. Өндіріп алынған ақшаны бөлу туралы қаулы келісілгеннен кейін төлемге шот Цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде қалыптастырылады және өндіріп алынған ақшаны бөлу туралы қаулы келісілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің лауазымды адамы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып келіседі.
16. Аумақтық әділет органының басшысы төлемге берілетін шот келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Цифрлық жүйеде электрондық цифрлық қолтаңбаны арқылы қол қояды.
17. Аумақтық әділет органының басшысы төлемге берілетін шотқа қол қойғаннан кейін, ол одан әрі орындау үшін Цифрлық жүйе арқылы "е-Минфин" ИАЦЖ автоматты түрде жіберіледі.
18. Ақша алушының банк деректемелері болмаған жағдайда, мемлекеттік сот орындаушысы банк деректемелерінің жоқ екендігі анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, ақша алушыға оларды ұсыну туралы талап жібереді.
19. Ақша алушылар банк деректемелерін ұсынғанға дейін ақшаны аудару (қайтару) жүзеге асырылмайды.
20. Ақшаны аудару мерзімі ҚБШ ақша келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күніне дейін мынадай жағдайларда ұзартылады:
1) өндіріп алушының немесе борышкердің банктік деректемелері болмаған жағдайда;
2) басқа сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша өндіріп алынған ақшаны екі және одан да көп өндіріп алушы арасында бөлуді қажет болған жағдайда;
3) ақшаның тиесілігіне, мөлшеріне немесе оны бөлу тәртібіне байланысты сот дауының болуы (ақша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін аударылады).
21. Өндіріп алушының немесе борышкердің банктік деректемелері өзгерген жағдайда, ақшаны аудару (қайтару) соңғы ұсынылған деректемелер бойынша жүзеге асырылады.
22. Төлем құжаты банк тарапынан қайтарылған жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы қайтару себептерін жою және ақшаны қайта аудару бойынша шаралар қабылдайды.
23. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым болған кезде, тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін ақша аудару жүзеге асырылмайды.
3-тарау. Түскен (қате) және талап етілмеген ақшаны қайтару
24. ҚБШ қате келіп түскен және атқарушылық құжатты орындауға байланысты емес ақша төлеушіге қайтарылуға жатады.
25. . Қате келіп түскен ақшаны қайтаруды аумақтық әділет органының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жауапты лауазымды адамы растайтын құжаттар және мемлекеттік сот орындаушысының тиісті шешімі негізінде ақшаның қате келіп түсу фактісі анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
26. Аумақтық әділет органының ҚБШ сақталған талап етілмеген ақша олар есепке алынған күннен бастап бес жыл өткен соң Заңның 123-бабы 3-тармағында көзделген тәртіппен бюджетке аударылады.
