Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 772 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 тамызда № 39563 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 3 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы тізбенің 3-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е. Сәрсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9168 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды анықтау үшін қолданылады.";

      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) борышкерді, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысын (міндетін атқарушыны) іздестіруге;";

      4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) борышкерді, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысын (міндетін атқарушыны) іздестіруді жүзеге асыратын органдардың шығыстары;".

      2. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12613 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 117-1-бабының 4-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп, хабарлау;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;

      дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);

      прокурор санкциялаған борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысына (міндетін атқарушысына) іздестіру жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы;

      борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаумен байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқару құжаты бойынша, осы атқару құжаты бойынша соңғы төлем жүргізілген күннен бастап он екі ай өткеннен кейін, жылына бір рет жүргізіледі. Аталған төлем ағымдағы жылдың бірінші не екінші жартыжылдығында төленеді.

      Төлемді жүзеге асыру кезінде атқарушылық іс жүргізу жеке сот орындаушысының іс жүргізуінде болуы тиіс және "орындалуда" не борышкерді, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысын (міндетін атқарушыны) іздестіруге байланысты "тоқтатылған" мәртебесіне ие болуы тиіс.".

      Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 34936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде жеке тұлғадан қырық айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы мынадай атқарушылық құжаттар қабылданады:

      1) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;

      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;

      3) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;

      4) берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.

      Айлық есептік көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:

      1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;

      2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса;

      3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан босатылса, тоқтатылады.".

  Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Жеке сот орындаушысының
алименттерді және жалақыны
өндіріп алу туралы
атқарушылық
құжаттарды орындауға
байланысты
қызметіне ақы төлеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жеке сот орындаушысының қабылданған шаралар бойынша атқарушылық әрекеттерді жасау туралы есебі

Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер

Атқарушылық іс жүргізулердің санаты

алиментті өндіріп алу туралы

жалақыны өндіріп алу туралы

борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болғанда

борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмағанда

өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмағанда

1

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы

+

+

+

2

атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптардың әрқойсысына, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса бере отырып, хабарлау

+

+

+

3

зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, уәкілетті органға есеп жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей

+

+


4

жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік құралы, ауыл шаруашылығы техникасы, зейнетақы және жәрдемақылардың жоқтығы туралы тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) уәкілетті органға есеп жіберілген күнге дейін үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

+

+

+

5

борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

+

+


6

жеке сот орындаушысының борышкерге іздеу салуды жариялау туралы прокурор санкциялаған қаулысы

+



7

прокурор санкциялаған борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысына (міндетін атқарушысына) іздестіру жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы



+

8

борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы

+

+


9

осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі

+



10

борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама


+


11

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық әділет органына бағытталған материалдарды жіберуге


+


12

өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы


+


13

қылмыстық қудалау органына сот актiсiн орындаудан жалтарған борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы енгізілген ұсыныс


+


14

борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғаның растайтын құжаттарды қоса бере отырып)



+

15

лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және сотқа борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы ұсынысты, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жолдау



 +

16

сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізу тараптарын шақырту



+

17

дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат)



+

18

борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі



+

19

уәкілетті органның қылмыстық жауаптылыққа тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізуді тоқтату туралы қаулы



+

20

Барлығы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады