ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлiгi
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 10 тамыздағы № 766 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кеңсе үшін қызметтік үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (жалға беру, сатып алу-сату шарты немесе үй-жайды пайдалануға құқықты растайтын өзге де құжат);
3) жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі.";
5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кітап аумақтық органда қағаз жеткізгіште және цифрлық форматта жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар байланады, нөмірленеді және аумақтық органның мөрімен бекітіледі.
Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақыттылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкеріне жүктеледі.
6. Жеке сот орындаушысы тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық органға тиісті өзгерістер туындаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға ұсынады.".
2. "Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 1433 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және оны жабдықтауға қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке сот орындаушысының кеңсесі - жеке сот орындаушысының өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты орын болып саналатын қызметтік үй-жайы.
Жеке сот орындаушысының кеңсесі ол қызметін жүзеге асыратын атқарушы округтің аумағында орналасуы тиіс.
Жеке сот орындаушысының қызметі үшін Республикалық жеке сот орындаушыларының палатасы (бұдан әрі-Республикалық палата) белгілеген атқару округінің аумағында орналасады.
Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайы жеке сот орындаушысының меншігінде болады не шарт бойынша оның иелігіне және пайдалануына беріледі.";
5, 6, 7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметтік үй-жайдың орналасқан жері өзгерген жағдайда жеке сот орындаушысы бұл туралы қызметті жүзеге асыру орны бойынша аумақтық әділет органына, өңірлік және Республикалық палаталарға өзгерген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.";
6. Қызметтік үй-жай жеке сот орындаушысына атқарушылық әрекеттер жасауға жүгіну үшін адамдардың еркін кіріп-шығуы қамтамасыз етілетін ғимаратта орналасады.
7. Ғимаратқа кіреберісте стационарлық маңдайшада жеке сот орындаушысы ғимаратта қызметтік үй-жайдың болуы және оның жұмыс режимі туралы ақпаратты орналастырады.
8. Қызметтік үй-жай стационарлық телефон байланысымен жабдықталады, сондай-ақ интернет- байланыспен қамтамасыз етіледі (деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес).
9. Қызметтік үй-жайдағы кабинеттердің (залдардың) саны, олардың функционалдық мақсаты, орналасуы мен мөлшерін жеке сот орындаушысы мынадай факторларды ескере отырып, дербес айқындайды:
жеке сот орындаушысы қабылдау жүргізетін кабинет басқа үй-жайлардан оқшауланады және табиғи және жасанды жарығы болады;
қабылдауды күтуге арналған үй-жайдың (залдың) жарықтандырылуы, сондай-ақ, келушілерді орналастыру үшін кеңсе жиһазымен жабдықталады сондай-ақ, жеке сот орындаушысы орналасқан үй-жайдан тыс жерде болуы және оған жақын орналасуы мүмкін (ортақ зал, ортақ дәліз, ортақ холл, фойе).
Қабылдауды күтуге арналған үй-жайда іс жүргізу құжаттарының жобаларын, олардың көшірмелерін дайындау жөніндегі қызметті жүргізуге, сондай-ақ мұрағаттың болуына жол берілмейді.".
3. "Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық Үкімет" шлюзі арқылы алады.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді беруді қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында қызмет атқармайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша осы тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Лицензияны беруден бас тарту, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) оған қатысты жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысы тоқтатылған не жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған тұлғалар;
8) мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардан немесе азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен босатылған адамдар;
9) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.";
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша осы тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында:
"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша осы тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Тізбесіне 1-қосымша "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе). | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық Үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Тіркеген уақыттан бастап 15 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) / түрде көрсетілетін композиттік қызмет. |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшері | Алынбайды. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуге Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық Үкімет" шлюзі арқылы алады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбесіне 2-қосымша "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Қызметтің атауы | "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру". |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Лицензияны қайта ресімдеу. |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
5 | Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету мерзімі |
Порталға жүгінген сәттен бастап жұмыс кестесін және құжаттарды қабылдау уақытын ескере отырып: |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің/кіші түрінің нысаны |
Электронды (ішінара цифрландырылған) / түрде көрсетілетін композиттік қызмет. |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің/ кіші түрінің нәтижесі |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет/ кіші түрі кезінде алынатын төлем |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабына сәйкес алынады: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
10 | Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
11 | Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензияны беруден бас тарту үшін негіз, егер: |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің/ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Тізбесіне 3-қосымша "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 10 тамыздағы № 766 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12347 болып тіркелген).
2. "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 529 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19575 болып тіркелген).
3. "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 531 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21578 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 588 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39031 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 4-тармағы.
