БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 104 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32181 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау тәртібін айқындайды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2-тарау. "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми объектілерді айқындау тәртібі
3. Ғылыми тұрғыдан ерекше құнды және ұлттық игілік болып табылатын, табиғи немесе жасанды бірегей объектілер "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі берілетін ғылыми табиғи объектілер деп танылады.
4. "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерге мыналар жатқызылуы мүмкін:
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау, өсіру, реинтродукциялау жөніндегі бірегей объектілер;
табиғи объектілер жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың бірегей қорлары;
өсімдіктердің, жануарлар және микроорганизмдердің түрлерін зерделеуге, сақтауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты бірегей зерттеу және эксперименттік қондырғылар, кешендер, ғылыми-сынақ полигондары жатқызылады.
5. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кірмейтін ғылыми табиғи объектілердің басшылары ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы уәкілетті органға өтініш (ходатайство) береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) объектінің бірегейлігін айқындайтын ғылыми табиғи объектінің қызметі туралы анықтама;
2) өсімдіктер мен жануарлардың сирек және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау, өсіру, реинтродукциялау жөніндегі бірегей объектілер, табиғи объектілер бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың бірегей қорлары, бірегей зерттеу және эксперименттік қондырғылар, кешендер, ғылыми-сынақ полигондары туралы мәліметтер;
3) қызметі туралы республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында (кемінде он жарияланым) жарияланған материалдардың көшірмелері;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы іс-шараларға (конкурстарға, фестивальдерге, республикалық және халықаралық маңызы бар көрмелерге) қатысқанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
6. Ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы өтініш уәкілетті орган ведомствосының ғылыми-техникалық кеңесінде өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
7. Уәкілетті орган ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ғылыми табиғи объектіге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын енгізеді.
8. Ғылыми-техникалық кеңестің шешімдері хаттамамен рәсімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
9. "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі береді.
10. Уәкілетті орган тиісті ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы шешімі қабылданғаннан кейін ғылыми табиғи объект уәкілетті органда тіркеледі және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатпен куәландырылады.
| "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларына қосымша |
"Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін куәландыратын сертификат
__________ қаласы 20___ жылғы "_" _______ № ___
1. Ғылыми табиғи объект _________________________________________(заңды тұлғаның атауы)
2. Ғылыми табиғи объект туралы деректері __________________________
(заңды тұлғаның деректемелері)
3. Ғылыми табиғи объекттің түрі: __________________________________
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ғылыми табиғи объект – ұлттық
игілік" мәртебесін беру туралы____________________________ № ____ "____"
__________ 20___ жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде
"Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі куәландырылады
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ____________________________
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)
Мөр қою орны
