"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 16 шiлдедегi № 11-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шiлдеде № 39333 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Талдау және бюджетті бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 11-НҚ
  Нормативтік қаулыға
қосымша Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
20___ жылғы "___"
нормативтік қаулысына
7-қосымша

901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жыл сайынғы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастыруына тәсілдерді айқындайды.

      2. Осы Рәсімдік стандарттың күші Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелеріне қолданылады.

      3. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

      1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынатын Қорытындысындағы ақпараттың анықтығы және негізділігі;

      2) толықтық және ашықтық – Қорытындыда мемлекеттік аудит материалдарының және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі және оларды баяндаудың айқындығы;

      3) уақтылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.

      4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі;

      5) жариялылық – құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуімен, Қорытындының Жоғары аудиторлық палатаның ресми интернет-ресурсында жариялануы.

      4. Бюджеттің атқарылуын бағалау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бюджет қаражатын алушылар, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қорытындыны дайындау және ұсыну

1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және ұсыну тәртібі

      5. Қорытындыны қалыптастыру үшін:

      1) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 121 және 122-баптарына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынатын есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп;

      2) Жоғары аудиторлық палатаның және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ алдын ала және ағымдағы бағалау қорытындылары;

      3) Жоғары аудиторлық палатаның, Қаржы министрлігінің және басқа да уәкілетті органдардың цифрлық жүйелерінің деректері;

      4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дербес білім беру ұйымдарының және бюджеттен тыс қорлардың есептері;

      5) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың есептері;

      6) есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы статистикалық деректер, ақша-кредит саясатының, төлем балансының және еліміздің сыртқы борышының көрсеткіштері және құқық қорғау органдарының деректері;

      7) Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпарат негіз болып табылады.

      6. Талдауға және бюджетті бағалауға жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - Құрылымдық бөлімше) қажет болған жағдайда осы Рәсімдік стандарттың 4-тармағына сәйкес бюджеттің атқарылуын бағалау объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты мүшесінің қолы қойылған, осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талапты жібереді.

      7. Бюджет процесіне қатысушылар талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 803-бабына сәйкес ӘҚтК-нің 462-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде жасайды.

      8. Жоғары аудиторлық палата қажет болған кезде тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттік аудиттің тиісті материалдарын сұратады.

      9. Қорытындыны дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекітетін Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.

      10. Қорытындыны әзірлеуді және қалыптастыруды Құрылымдық бөлімше орындайды.

      Қорытынды бөлімдерінің (кіші бөлімдерінің) тақырыптары және олардың жетекшілік ететін бағыттар бойынша Жоғары аудиторлық палата мүшелері және құрылымдық бөлімшелері арасында бөлінуі Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      11. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері негізінде Қорытындыда көрсетілген деректердің анықтығын және өзекті болуын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер қамтамасыз етеді.

      12. Қорытындыны мемлекеттік тілде дайындаудың уақтылығы мен сапасын мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

      13. Қорытындыны қалыптастыру үшін көрсеткіштердің нысандары мен тізбесін тиісті қаржы жылындағы есептің ерекшелігіне қарай жыл сайын Құрылымдық бөлімше жасайды.

      14. Құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінде ұсынған;

      Үкіметтің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 сәуірінде ұсынған Үкіметтің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін жібереді.

      15. Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен келісілгеннен кейін Қорытындының жобасы есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырынан кешіктірмей Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарау үшін жіберіледі.

      16. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Құрылымдық бөлімшемен бірлесіп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 мамырынан кешіктірмей Қорытындының және оны мақұлдау туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.

      17. Құрылымдық бөлімше есепті кезеңнен кейінгі жылдың 14 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Үкіметке жіберу үшін Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітілген Қорытындымен бірге ілеспе хатты Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынады.

      18. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.

      19. Қазақстан Республикасының Құрылтайында Қорытындыны таныстыру және бекіту үшін материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіруді Құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

      20. Қорытынды Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында бекітілгеннен кейін Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, он жұмыс күні ішінде Қорытындының негізгі ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау және Жоғары аудиторлық палатаның интернет -ресурсына орналастыру үшін жібереді.

2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны

      21. Қорытынды Үкіметтің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне беріледі.

      22. Қорытындының үлгілік құрылымы:

      КІРІСПЕ

      І БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      II БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТҚАРЫЛУЫ

      2.1. Есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалау

      2.2. Кіріс бөліктің жоспарлануын және атқарылуын бағалау

      2.3. Шығыс бөліктің жоспарлануын және атқарылуын бағалау

      2.4. Мемлекеттік қарыз алуды қоса алғанда, тапшылықты және оны қаржыландыру көздерін бағалау

      2.5. Ұлттық қор қаражатының түсімдері және пайдаланылуы

      ІІІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ

      3.1. Орталық мемлекеттік органдарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бағалау

      3.2. Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуын бағалау

      3.3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде мемлекеттік -жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалау

      ІV БӨЛІМ. ӨҢІРЛЕРГЕ БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ

      V БӨЛІМ. КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР АКТИВТЕРІНІҢ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРДЫҢ БАСҚАРЫЛУ ТИІМДІЛІГІ

      VІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

      VІІ БӨЛІМ. ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ БАҒАЛАУ

      VІІІ БӨЛІМ. ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

      ҚОСЫМША

      23. "Кіріспе" бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.

      24. "Республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары" деген I бөлім:

      1) республикалық бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізгі параметрлерінің орындалуын;

      2) ағымдағы жағдайды талдауды және анықталған әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларының бюджет параметрлеріне ықпал етуін бағалауды;

      3) есепті қаржы жылында мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалауды қамтиды.

      25. "Республикалық бюджеттің параметрлерін жоспарлау және олардың атқарылуы" деген II бөлім:

      1) бюджетке жүргізілген түзетулер санын және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін көрсете отырып, есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалауды;

      2) республикалық бюджетке түсетін кірістер түсімдерінің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдерді сыныптау бойынша республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы ақпаратты;

      3) кедендік және салықтық әкімшілендірудің және жалпы салық-бюджет саясатының тиімділігін бағалауды;

      4) бюджет қаражатының атқарылмау себептерін және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмайтын қалдықтардың пайда болуын көрсете отырып, резервтің пайдаланылуын қоса алғанда, негізгі экономикалық және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалауды;

      5) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында бюджет қаражатын пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді талдауды;

      6) аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша анықталған Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі есеп деректеріндегі алшақтықтарды (бар болса);

      7) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері туралы ақпаратты;

      8) есепті қаржы жылында Ұлттық қордың түсімдерін және активтерінің пайдаланылуын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда Ұлттық қордың түсімдерін және активтерінің пайдаланылуын бағалауды қамтиды.

      26. "Бюджет қаражатының, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде пайдаланылу тиімділігі" деген ІІІ бөлімде:

      1) орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін және олардың қызметін бағалау (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде), оның ішінде:

      - орталық мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы республикалық бюджетті атқаруын бағалау;

      - мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;

      2) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында бюджет қаражатын пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді талдау;

      3) мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпаратты бағалау;

      4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді орындаудың тиімділігін бағалау;

      5) заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді талдау қамтылады.

      27. "Өңірлерге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігі" деген IV бөлім өңірлерде республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауды, оның ішінде:

      1) өңірлердің дамуын (бюджеттік қамтамасыз етілу, бөлінетін трансферттердің тиімділігі) талдауды;

      2) өңірлер бөлінісінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдауды қамтиды.

      28. "Квазимемлекеттік сектор активтерінің және бюджеттен тыс қорлардың басқарылу тиімділігі" деген V бөлім:

      1) мемлекеттік мүліктің басқарылу тиімділігін бағалауды, оның ішінде республикалық меншікті жекешелендіруден, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерді талдауды;

      2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын, іс-шаралары жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын бағалауды;

      3) республикалық бюджет қаражатының және дербес ұйымдар активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалауды;

      4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған республикалық бюджет қаражатын пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару кезіндегі бұзушылықтарды талдауды;

      5) қаржы-шаруашылық қызметті және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдерді талдауды;

      6) тиісті бюджетке дивидендтер төленгеннен немесе аударымдардан кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты талдауды;

      7) бюджеттен тыс қорлар туралы ақпараты талдау қамтиды.

      29. "Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарының іске асырылуы" деген VІ бөлім тұжырымдамалардың, ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, доктриналардың (стратегиялардың), кешенді жоспарлардың, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың іске асырылуын бағалауды қамтиды.

      30. "Шоғырландырылған қаржылық есептілікті бағалау" деген VII бөлім республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген жыл сайынғы аудиттің қорытындыларын қамтиды.

      31. "Тұжырымдар мен ұсынымдар" деген VІІІ бөлімде әрбір бағаланған бағыт бөлінісінде, оның ішінде:

      1) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігіне (республикалық бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі мен үнемділігі туралы);

      2) бюджеттік құжаттарда белгіленген ковенанттардың сақталуына;

      3) жасалған операциялар бойынша жылдық есепте көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығына және бұзушылықтардың бар-жоғына;

      4) республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына;

      5) қаржы тәртібін нығайту жөніндегі шараларға;

      6) мемлекеттік сектордағы қаржы қызметін республикалық бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға бағытталған басқаруды жетілдіру тетіктеріне қатысты республикалық бюджетті атқару кезінде анықталған проблемаларды сипаттайтын және жүйелендіретін тұжырымдар мен ұсынымдар;

      7) Үкіметтің тиісті қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат қамтылады.

      32. Қорытындыда қосымшаларда Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі нәтижелері көрсетіледі.

      33. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылдағы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.

3-параграф. Қорытындыны ұсыну нысаны

      34. Қорытынды:

      - титулдық парақтан;

      - мазмұнынан;

      - негізгі мәтіннен;

      - қосымшалардан тұрады.

      35. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      36. Қорытындыда сомалар миллиард немесе миллион теңгемен көрсетіледі.

      37. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – Times New Roman;

      қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8 – 12.

      38. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылау тәртібі

      39. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстыруды Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы немесе оған уәкілетті адам жүзеге асырады.

      40. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Жоғары аудиторлық палата аппаратымен бірлесіп Жоғары аудиторлық палата Төрағасының сөйлейтін сөзінің тиісті жобаларын, оны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстыруға қажетті слайдтар мен басқа да материалдарды қалыптастырады.

      41. Бюджет кодексінің 123-бабының 2-тармағына сәйкес Қорытындыны талқылау кезінде Қазақстан Республикасының Құрылтайында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының баяндамасы тыңдалады.

      42. Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары отырыстарының графигіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуі негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.

3-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының орындалуы

1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыға берген ұсынымдарын орындау жөніндегі жол картасын әзірлеу және оны мониторингтеу тәртібі

      43. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыға берген ұсынымдарын орындау жөніндегі жол картасын (бұдан әрі - Жол картасы) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша Үкіметтің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 571 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.

      44. Жол картасы Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылған кезде Құрылымдық бөлімше оның он жұмыс күні ішінде келісілуін қамтамасыз етеді.

      45. Жол картасы қабылданғаннан кейін Құрылымдық бөлімше бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған ақпарат негізінде іс-шаралардың және көрсетілген ұсынымдардың іске асырылу мерзімдерін ескере отырып, оның орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

2-параграф. Жол картасының тармақтарын бақылаудан алу

      46. Жол картасының тармақтарын бақылаудан алу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынған ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  901. Республикалық
бюджеттің атқарылуын
кейіннен бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
1-қосымша
  нысан

Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) беру туралы талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы, лауазымды, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті сұратылатын құжаттар мен ақпаратты:
_______________________________________________________________________________
(бірінші басшының қолы қойылған қажетті құжаттар мен ақпараттың тізбесін көрсету қажет)
______ жылғы _____________ дейінгі (күнін белгілеу) мерзімде ұсынуға міндетті;

      2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның заңды талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау ӘҚтК-нің 462-бабына сәйкес ӘҚтК-нің 803-бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасай отырып, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі _______________
                                          Аты-жөні, тегі

  901. Республикалық
бюджеттің атқарылуын
кейіннен бағалауды жүзеге
асыру бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
2-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау жөніндегі ЖОЛ КАРТАСЫ

Бөлім

ЖАП ұсынымының атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Үкіметтің ұсынымның орындалуы туралы ақпараты

қысқа мерзімді

орта мерзімді

ұзақ мерзімді

1

2

3

4

5

6

7

8


















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады