""Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шілдеде № 39324 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Кағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады