БҰЙЫРАМЫН:
1. ""Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Кағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";
Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі