"Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 15 шілдедегі № 196-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шілдеде № 39322 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) қызметін регламенттейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдіскер – оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың), техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің) педагогі;

      2) әдістемелік бірлестіктер (комиссиялар, кафедралар) – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты іске асыру үшін педагогтерге кәсіби қолдауды жүзеге асыратын салалық (мамандық, пәндік топтық) белгілері бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби бірлестіктері;

      3) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

      4) әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысын алқалық басқару органы;

      5) білім беру ұйымы басшысының оқу (ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары – білім беру ұйымындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты тікелей басқаратын басшының лауазымы;

      6) ғылыми әдістемелік жұмыс – педагогтердің кәсіптік құзыретін арттыру арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары әдіскерлерінің, педагогтердің және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

      7) оқу-әдістемелік басқарма (кабинет (орталық), кафедра, бөлім) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

      8) оқу-әдістемелік жұмыс – бұл білім беру ұйымының білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.";

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне (орталықтарына);";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары) ұйымдастыру шеңберінде әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) қызметін үйлестіреді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің тәрбиелеу - білім беру, оқу-тәрбие процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде (орталықтарда), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, кабинеттерде (орталықтарда)) жүзеге асырылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) қызметінің мақсаты және жұмысының негізгі бағыттары";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Облыстық әдістемелік кабинеттер (орталықтар) қызметінің мақсаты – әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау.";

      13-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Облыстық әдістемелік кабинеттер (орталықтар) жұмысының негізгі бағыттары:";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білім беру ұйымдарындағы педагогтердің сапалық құрамын мониторингтеу, педагогтердің біліктілігін арттыруға қажеттілікті болжау, біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің жұмысын зерделеуді;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді;";

      келесі мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "14) білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу-білім беру, оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне мониторинг жүргізу жолымен әдістемелік қолдауды;

      15) педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуді;

      16) педагогтерге білім берудің жаңа технологияларын, әдістемелерін, үздік (озық, инновациялық) педагогикалық тәжірибелерді игеруіне көмектесуді қамтиды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттер (орталықтар) қызметінің мақсаты – әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, талдамалық және сараптамалық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттер (орталықтар) жұмысының негізгі бағыттары:";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) штаттары өңірдегі педагогтер санына сәйкес әдіскердің бір штат бірлігіне 300 педагогтен аспайтын болып белгіленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады