"Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 шілдеде № 39312 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің жетекшілік ететін министрдің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 124 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет–ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТГ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: туристік агенттіктердің қызметін бастайтын жеке және заңды тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік агенттіктердің қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

ЖСН/БСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

№ п/п

Туризмнiң ұйымдық нысандары

Кеңсенің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы

шығу туризмі

келу және/немесе ішкі туризм

мекен-жайы

иә/жоқ

1

2

3

4

5

      Телефон_____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжай __________________________

      Орындаушы _______________________________________________________________
                  тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға___________________________________
                              тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөр басатын орын__________________________________________________________
            (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Турагенттік қызметтің
басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру үшін
мәліметтер нысанына
қосымша

"Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2.2-бағанда шығу туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.

      3.3-бағанда келу/ішкі туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.

      4.4-бағанда кеңсенің мекенжайы көрсетіледі.

      5.5-бағанда Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы көрсетіледі: иә__ / жоқ__.

  Қазақстан Республикасы
  туризм және спорт министрі
  2026 жылғы 14 шілдедегі
  № 124 бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және
  даму министрінің
  2015 жылғы 27 ақпандағы
  № 249 бұйрығына
  2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТГ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туристік гид қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік гид қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

ЖСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

№ п/п

Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)

1

2

3




      Телефон_____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжай __________________________

      Орындаушы ____________________________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға________________________________
                        тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөр басатын орын______________________________________________________
            (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
гид қызметінің басталғаны
туралы хабарламаға қоса
беру үшін мәліметтер
нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

      3. 3-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 124 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТЭ

      Кезеңділігі: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туристік экскурсия жүргізуші қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туристік экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

ЖСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

№ п/п

Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

1

2



      Телефон________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________

      Орындаушы ____________________________________________________________
                  тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөр басатын орын _______________________________________________________
            (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
экскурсия жүргізуші
қызметінің басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру
үшін мәліметтер нысанына
қосымша

"Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын экскурсия жүргізуші қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 124 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КТИ

      Кезеңділік: біржолғы

      Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасында туризм нұсқаушысы қызметін бастайтын кәсіптік даярланған жеке тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

ЖСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

№ п/п

Қызметтерді көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)

Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі

1

2

3




      Телефон ________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________

      Орындаушы _____________________________________________________________
                  тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға__________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөр басатын орын ________________________________________________________
            (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
туризм нұсқаушысы
қызметінің басталғаны
туралы хабарламаға
қоса беру үшін мәліметтер
нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда қызметтерді көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

      3. 3-бағанда туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады