"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 шiлдедегi № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 шiлдеде № 39303 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықтың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктер, еншілес ұйымдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдары инвестицияларға не жаңартылатын негізде қаржыландыруды қоса алғанда, инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі -%) аспайды;";

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) кепілдік мерзімі - ұзарту мүмкіндігімен кредиттік шарт мерзімінің 5 (бес) айынан асатын мерзім;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілдік мөлшері - негізгі борыш сомасынан 85 (сексен бес) %-ға дейін (қоса алғанда), бірақ осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі қарыз сомасынан 85 (сексен бес) %-ға (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден аспайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін және оны қарыз алушы кредиторға кепілге бергеннен кейін кепілдік мөлшері борыш сомасынан 50 (елу) % -ына дейін (қоса алғанда), бірақ 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден артық емес, мөлшерге дейін төмендейді.

      Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.

      Жоба бойынша ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және/немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылдау-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі.

      Кепілгер екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып және кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдендіру әдісін қолданады. Кредиторды таңдауды кепілгер дербес жүзеге асырады.";

      5-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3. Осы Қағидалардың 3-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде, кепілгер кепілдік сомасын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредит сомасына барабар төмендету туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 3-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті толық мақсатсыз пайдаланған жағдайда, кепілгер кепілдікті тоқтатады.

      Осы Қағидалардың 3 және 3-2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті нысаналы пайдаланбау кепілдік міндеттемесін тоқтатуға немесе берілген кепілдік сомасын төмендетуге негіздеме болмайды".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан      Республикасы
Бәсекелестікті      қорғау            және
дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан      Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан      Республикасы
Стратегиялық            жоспарлау      және
реформалар      агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жасанды      интеллект      және
цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады