БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидалары бекітілсін.";
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша оларды көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметтерді берушілерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемкорпорация), Бірыңғай байланыс-орталығына жүгінген кезде оларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе;
2) Мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі– АЖО) ішкі жүйесі – халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған цифрлық жүйесіндегі мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.
Осы Қағидаларда қолданылған барлық өзге ұғымдар мен қысқартулар "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.
2-тарау. Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған цифрлық жүйесіне мемлекеттік және әлеуметті жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді енгізу тәртібі
4. Көрсетілетін қызметтерді берушіде мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтердің есебі жүргізілетін цифрлық жүйе болған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО ИЦЖ) мемлекетік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабы 3-тармағына сәйкес өзінің цифрлық жүйесін ХҚКО ИЦЖ-бен интеграциялауды жүргізеді.
5. Көрсетілетін қызметтерді берушіде мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтердің есебі жүргізілетін цифрлық жүйе болмаған жағдайда, ХҚКО ИЦЖ-ға мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді енгізу үшін уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді берушілерге ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесін орнатуды жүзеге асырады.
6. Көрсетілетін қызметтерді берушінің цифрлық жүйелерінде мемлекеттік қызметтердің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің мынадай кезеңдері ХҚКО ИЦЖ-да тіркеледі және жіберіледі:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыдан қабылданды;
2) орындауға жіберілді;
3) жұмысқа қабылданды;
4) орындалды (сұрау салу бойынша жұмыстар аяқталды);
5) беру күтілуде;
6) жабылды (берілді немесе бас тартылды).
7. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатыларын жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді берушінің цифрлық жүйесінің ХҚКО ИЦЖ-бен өзара іс-қимылы кезінде көрсетілетін қызметтерді алушының мынадай сұрау салу мәліметтерін жіберу жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтердің атауы;
4) сұрау салуды қабылдау орны;
5) сұрау салуды қабылдау күні;
6) орындаушы;
7) сұрау салуды орындаудың жоспарлы күні;
8) орындау күні.
8. ХҚКО ИЦЖ-да мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер көрсетілетін қызметтерді берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
9. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушы тікелей ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесі орнатылған көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметтерді алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметтерді берушінің жұмыскерлері ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесінде жүгінген сәтте тіркеуі қажет. Көрсетілетін қызметтерді алушының барлық сұрау салуларын өңдеу және жабу сәттерін көрсетілетін қызметтерді беруші ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркеуі қажет. Бұл ретте көрсетілетін қызметтерді алушының сұрау салуының жүргізілу сатылары туралы ақпарат автоматты режимде ХҚКО ИЦЖ-ға келіп түседі.
ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесінде сұрау салудың тіркелуі және орындалуы кезінде көрсетілетін қызметтерді беруші жұмыскерлерінің іс-қимыл реттілігінің сипаттамасы ХҚКО ИЦЖ техникалық құжаттамасында көрсетілген.
10. Көрсетілетін қызметтерді алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметтерді берушінің цифрлық жүйесінде немесе ХҚКО ИЦЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркеу кезінде сұрау салуды қабылдаудың нақты күні бекітіледі, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативті құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің жоспарлы күнін автоматты түрде есептейді.
Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын одан әрі өңдеу және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсету нәтижесін беру кезінде көрсетілетін қызметтерді алушы сұрау салуының барлық кезеңдерінің жүргізілген нақты уақыты көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметтерді алушы сұрау салуының жоспарлы орындалу күні мен сұрау салудың нақты орындалу күні сәйкес келмеген жағдайда, автоматты түрде мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетудің мерзімі өткен болып есептеледі.
12. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ХҚКО ИЦЖ арқылы орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, аумақтық бөлімдері және ведомстволық бағынысты ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтар саны туралы аналитикалық есеп береді. Аналитикалық есепте мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылықтар саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер бөлігіндегі, оның ішінде техникалық себептерге байланысты ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы сүйемелдеген цифрлық жүйелердің іркілістері) бұзушылықтар мерзімі көрсетіледі.
