"Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 шiлдеде № 39281 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261)-тармақшасына сәйкес әзірленді және өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ұсыну тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдарды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімдері бойынша жүргізілген төлемдер туралы хабарлама жіберу арқылы тізілімнің орындалғаны туралы хабардар етеді.";

      12-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Кеңбеил

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 454 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

      №___

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі

      Ұсынған күні ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органның атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Алушының банктік деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмір, жеке сәйкестендіру коды (алушының ағымдағы/жеке банк шоты бар болса, шот нөмірін көрсету))

Сомасы

1

2

3

4

5











      Басшы:______ _______________________________________________________
            (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Қаржы қызметінің басшысы: ______ ______________________________________
                              (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас бухгалтер: ______ __________________________________________________
                  (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 454 бұйрығына
2-қосымша
  Өтемақы алушылардың
орталықтандырылған тізілімін
ұсыну қағидаларына қосымша
Нысан

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімдері бойынша жүргізілген төлемдер туралы хабарлама

      Ұсынған күні _______________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдардың атауы)

Тізілім

Төлем тапсырмасы

Төлем жүргізілген күні

Нөмері

Күні

Алушы

Сомасы

Нөмірі

Күні

Сомасы

А

1

2

3

4

5

6

7

8





































      Жәбірленушілерге өтемақы қорынан төлемдерді жүзеге асыратын бюджетті

      атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің

      басшысы:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас есепші:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Орындаушы:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады