БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықта:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Шетел азаматтарымен дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұшақтың, жолаушылар поезының, электр пойызының қозғалыс кестесін түсіндіру, қонақ үйлердің, тамақтану пунктерінің орналасуы).
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ПБЖ шетелдік паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің қолданылу мерзіміне, олардың осы елді мекенде болуының заңдылығын растайтын, тіркелгені туралы белгісі бар визаның, көші-қон карточкасының болуына назар аударады.
Бұзушылықтар анықталған кезде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартуға шаралар қолданылады.";
27-тармақтың 9) және 10) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9) көші-қон қызметінің қызметкерлеріне шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесіп жүру арқылы оларды шығарып жіберуге көмек көрсетуді;
10) шетел азаматының (азаматтығы жоқ адам) жолаушылар поезынан (ұшағынан) қалып қоюының барлық жағдайлары туралы, сондай-ақ шетел азаматтарының (азаматтығы жоқ адамдардың) құқық бұзушылық жасағаны немесе оларға қатысты жасалғаны туралы заңсыз көші-қонның белгілі фактілері, заңсыз көшіп-қонушыларды өткізудің бағыттарын, әдістері мен құралдарын анықтау, осы қызметке қатысы бар адамдар туралы кезекші бөлімге дереу баяндауды қамтамасыз етеді.";
72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Әкімшілік жауаптылықтан ерекше артықшылығы мен иммунитеті бар адамдарды (Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы немесе мүшелері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, судьялар) тиісті келiсусiз сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, күштеп әкелуге болмайды (ӘҚБК-нің 49-тарауы).".
2. "Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31917 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықта:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Шетел азаматтарымен, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қозғалыс бағытын, қонақ үйлердің, тамақтану пункттерінің, жанар-жағар май құю станцияларының, техникалық қызмет көрсету станцияларының орналасуын түсіндіру).
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ПБЖ шетелдік паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің қолданылу мерзіміне, олардың осы елді мекенде болуының заңдылығын растайтын, тіркелгені туралы белгісі бар визаның, көші-қон карточкасының болуына назар аударады. Бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартуға шаралар қолданылады.";
30-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) көші-қон қызметінің қызметкерлеріне шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесіп жүру арқылы оларды шығарып жіберуге көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.";
106-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Әкімшілік жауаптылықтан ерекше артықшылығы мен иммунитеті бар адамдарды (Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы немесе мүшелері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, судьялар) тиісті келiсусiз сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, күштеп әкелуге болмайды. (ӘҚБтК-нің 49-тарауы).".
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
