"Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына және "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 шiлдеде № 39259 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жазаның өтелмеген бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын 1. "Жазаның өтелмеген бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңының қолданылу аясында жататын адамдар санатына ауыстырылады және олар бойынша соттылығы өтелгенге немесе алып тасталғанға дейін профилактикалық есеп пен бақылау жүзеге асырылады.

      16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның облыстан (Қазақстан Республикадан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкен, қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы күшін жойған, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткен және ол қайтыс болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде АДБ-ға қажетті түзету енгізу үшін ААО-ға хабарлама жолданады".

      2. "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, полиция учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің м.а. Б. Аленов

  министрдің м.а.
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 481 бұйрығына 1-қосымша
Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары және олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 1-қосымша

      № _______ әкімшілік учаскенің паспорты

      ___________________________________________________________________

      (ішкі істер органының атауы)

      Басталды: 20___ жылғы "___" __________

      Аяқталды: 20___ жылғы "___" __________

      Сақтау мерзімі: _______

      Мұқабасының сыртқы бетіне жазылады

      Әкімшілік учаске паспорты

      Мазмұны

      1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер.

      2. Учаске жоспары (кірістірме).

      3. Учаскені сипаттайтын мәліметтер.

      4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, кафелер, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да объектілері.

      5. Жатақханалар, қонақүйлер.

      6. Рұқсат беру жүйесі объектілерінің тізімі (атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттары бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер).

      Ескерту: әкімшілік учаскенің паспортындағы мәліметтер 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңартылады.

      1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер

№ р/н.

Учаскелік полиция инспекторының атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Учаскені қабылдау күні, қолы

Учаскені тапсыру күні, қолы

Учаскені қабылдауға қатысқан басшының лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Қабылдап немесе тапсырған ІІО басшысының ескертулері мен ұсыныстары

1

2

3

4

5

6



















      2. Әкімшілік учаскенің жоспары

      (кірістірме)

      Әкімшілік учаскенің жоспарында бағыттар, әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күш пен құралдарды орналастыру көрсетіледі.

      3. Әкімшілік учаскені сипаттайтын мәліметтер

№ р/н

Атауы

жағдайы бойынша:

20___ ж 01.01.

20___ ж. 01.01.

20___ж. 01.01.

20__ ж. 01.01.

1

Аумағы (кв. км.)





2

Тұрғын жайлар (барлығы)





Соның ішінде:





Көпқабатты үйлер





Олардағы пәтерлер





Жатақханалар





ондағы бөлмелер





жеке үйлер





ондағы пәтерлер





саяжай алқаптары





олардағы саяжайлар





3

Барлығы тұратын тұрғын халқы,





Соның ішінде:





- ересектер





- балалар





- шетелдік азаматтар





4

Аумақта орналасқан:





- кәсіпорындар, мекемелер





- акционерлік қоғамдар





- шаруа қожалықтары





- денсаулық сақтау мекемелері





- мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер, базарлар, қоймалар





- ақша айырбастау пункттері





- банктер





- пошта бөлімдері





- оқу орындары





- автотұрақтар, гараж кооперативтері





- жұртшылықтың мәдени демалыс орындары





- спорттық кешендер





5

Барлығы аумақта орналасқан діни бірлестіктер, соның ішінде:






Мешіттер






Шіркеулер






рухани оқу орындары





      4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да объектілері

№ р/н.

атауы

Меншік нысаны

Мекенжайы

Басшының, күзет бастығының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қызметтік және үй телефоны, тұратын мекенжайы (қарындашпен толтырылады)

Жұмыс режимі

Күзет түрі, күзет, өрт дабылының болуы

Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы

Ескерту (жұмысшылар саны, автокөліктің және басқасының болуы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      5. Жатақханалар, қонақүйлер

№ р/н.

Атауы

Мекенжайы

Жатақхана, қонақ үй басшысының, комендант, вахтердың Т.А.Ә. (болған жағдайда), қызметтік және үй телефоны, мекенжайы, (қарындашпен толтырылады)

Өткізу режимінің түрі (ерлер, әйелдер, отбасылық, аралас), оның болуы

1

2

3

4

5











      6. Рұқсат беру жүйесінің тізімі (атыс қаруы, оқ дәрілер, жарылғыш заттар және т.б. бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер)

№ р/н.

Кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы, ведомстволық тиістілігі (министрлік, ведомство және мекенжайы)

Меншік нысаны

Мекенжайы

Объект үшін жауапты адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда), оның қызметтік және үй телефондары, тұратын мекенжайы (қарындашпен толтырылады)

Өткізу жүйесінің (пунктінің) жұмыс режимі

Күзет түрі















  министрдің м.а.
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 481 бұйрығына 2-қосымша
Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары және олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 4-қосымша

Әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының тізімі

№ р/н.

Т.А.Ә. (болған жағдайда) азаматтығы

Паспорттың №, жарамдылық мерзімі

Бұл аймақта тұруға рұқсат берілген мерзімі

Уақытша тұрғылықты жері, үй телефоны

Жұмыс, оқу орны, лауазымы, қызмет.тел (бар болған жағдайда)

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру күні туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7





























      Учаскелік инспектор __________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады