ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі − портал) − нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдас бөлігі;
4) электрондық цифрлық қолтаңба − электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, құрылған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік қызметті Балық шаруашылығы комитеті көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
17. Балық шаруашылығы комитетінің кеңсе жұмыскері өтініш және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын (бұдан әрі – ішкі нарыққа арналған таңба) дайындайды және Балық шаруашылығы комитетінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабархатты (бұдан әрі – хабархат) уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаның "жеке кабинетіне" жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхатымен мынадай негіздер бойынша тоқтатыла тұрады:
1) егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының құқықтары құқық мирасқорлығына жол берсе, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру, тарату;
2) сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін не сот актісі заңды күшіне енгенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін болмауы;
3) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерінің туындауы немесе туындаған төтенше жағдай түсініледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процесі оны енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылғанға және төтенше жағдай салдары жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі төтенше жағдайды енгізуге, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерінің туындауына немесе туындаған төтенше жағдайға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан және төтенше жағдай салдары жойылғаннан кейін қайта басталады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны Балық шаруашылығы комитетінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын адамның "жеке кабинетіне" жібереді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Балық шаруашылығы комитеті мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын адамдардың шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Балық шаруашылығы комитетінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:";
Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын;
Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығына таңбалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығына таңба беру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні ішінде |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасауға арналған бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының маркалары (бұдан әрі – ішкі нарыққа арналған марка) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбасын алуға арналған өтініш; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. |
Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбасын алуға арналған өтініш
Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбаларын беруді сұраймын.
Уылдырық түрлері туралы мәліметтер:
1 | Уылдырық түрі | Түрлері бойынша сыйымдылықтың саны мен көлемі | ||||
1. | Мемлекеттік тілде | Орыс тілінде | Латын тілінде | Сыйымдылық саны (дана) | Бір сыйымдылықтың көлемі (килограмм) | Уылдырықтың жалпы көлемі (килограмм) |
1.1. | ||||||
1.2. | ||||||
1.3. | ||||||
2. | Үлгінің қайдан алынғаны (отандық-табиғи, отандық-қолдан өсірілген, импортталған, тәркіленген) | |||||
3. | Егер мәлімделген уылдырық табиғи болса, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-3-тармағына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні | |||||
4. | Егер мәлімделген уылдырық қолдан алынған болса (бар болса) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаның(лардың) нөмірі мен күні | |||||
5. | Мәлімделген уылдырық импортталған жағдайда, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолдану аясына кіретін балық және басқа да су жануарлары түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, экспорттауға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан кері экспорттауға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні | |||||
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініштің берілген күні 20___жылғы "__"_______________
__________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы, мөрдің орны
(дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
