Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37293 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 404 бұйрығына 1-қосымша

Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі − портал) − нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдас бөлігі;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі − ЭЦҚ) − электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесі белгіленеді.

      Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын сатуға жол берілмейді.

      4. Таңбалауды ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауданы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – уылдырықпен сауданы жүзеге асыратын тұлғалар) қамтамасыз етеді.

      5. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-тарауына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетіндерді қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының барлық түрлері таңбалауға жатады.

      6. Уылдырықпен сауданы жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитеті) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сату үшін таңбалауды пайдалану туралы мәліметтерді ұсынады.

2-тарау. Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі

1-параграф. Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі

      7. Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғалар ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын алу үшін Балық шаруашылығы комитетіне портал арқылы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын алуға арналған өтінішті және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      8. Ішкі нарық үшін дайын таңбаларды беру Балық шаруашылығы комитетінің жұмыс графигіне сәйкес уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын адамның не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері, сондай-ақ хабарлама көрсетіледі.

      9. Ішкі нарыққа арналған таңба қатаң есептіліктегі құжат болып табылады.

      Берілген таңбаларды есепке алуды Балық шаруашылығы комитеті Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналында жүргізеді.

      10. Ішкі нарыққа арналған таңбаларды беру кезінде Балық шаруашылығы комитеті екі данада жүкқұжат жазып береді.

      Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:

      1) уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы;

      2) ішкі нарыққа арналған таңбаны алуға арналған өтініштің нөмірі мен күні;

      3) таңбалардың түрі, нөмірі және саны;

      4) бір сыйымдылықтың көлемі және уылдырықтың жалпы көлемі;

      5) ішкі нарыққа арналға таңбалардың берілген күні, сондай-ақ олар берілген тұлға туралы мәліметтер.

      11. Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаларға ішкі нарыққа арналған таңбаларды беру ішкі нарыққа арналған таңбаларды алуға арналған өтініште көрсетілген сан мен түрлерге сәйкес жүргізіледі.

      12. Бүлінген таңбалар Балық шаруашылығы комитетіне қайтарылуға тиіс.

      Қайтару Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған маркаларды қайтару туралы өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      13. Бүлінген маркаларды жою Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасау үшін бүлінген маркаларды жою актісін жасай отырып, құрамында Балық шаруашылығы комитетінің кемінде 3 (үш) лауазымды адамы бар комиссия түрінде жүзеге асырылады.

      Комиссия мүшелері қолдарын қойған актілер Балық шаруашылығы комитетінің мөрімен куәландырылады.

      Ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналы бес жыл бойы сақталуға тиіс.

2-параграф. Сыртқы нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі

      14. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сыртқы нарықта сатуға арналған таңбаны (бұдан әрі – сыртқы нарыққа арналған таңбалар) дайындауды уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғалар Заңның 9-1-бабының 23) тармақшасы негізінде Балық шаруашылығы комитеті беретін, "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы қосылған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) қолданысына енгізілген балық және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсатта (бұдан әрі – рұқсат) көрсетілген уылдырық көлемін таңбалау үшін қажетті мөлшерде қамтамасыз етеді.

      Балық шаруашылығы комитеті (әкімшілік орган) рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген сыйымдылықтар саны туралы мәліметтерге сәйкес сыртқы нарыққа арналған таңбаларға есепке алу сериясы мен нөмірін береді.

      Рұқсат алған тұлғалар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) Балық шаруашылығы комитетінің (әкімшілік органның) Банкнот фабрикасының атына жіберілетін мәліметтеріне сәйкес сыртқы нарыққа арналған таңбаларды дайындауды қамтамасыз етеді.

      15. Сыртқы нарыққа арналған таңбаларды желімдеу кезінде тауардан таңбаны бүлдірмей алуға мүмкіндік бермейтін, оның кебуін және тауардан бөлініп қалмауын болдырмау үшін және таңбаның қайта пайдаланылмауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жоғары және төмен температураларға, әртүрлі ылғалдылық деңгейлеріне төзімді желім пайдаланылады.

      Сыртқы нарыққа арналған таңба әрбір контейнерге оны көзбен шолып тексеруді қамтамасыз ететін тәсілмен желімделеді.

      Сыртқы нарыққа арналған таңбаларды есепке алу Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналында жүргізіледі.

      Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналы бес жыл бойы сақталуға тиіс.

3-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      16. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Балық шаруашылығы комитеті көрсетеді.

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      17. Балық шаруашылығы комитетінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын адам Тізбенің 9-тармағына сәйкес өтінішті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Балық шаруашылығы комитеті өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Балық шаруашылығы комитеті өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын (бұдан әрі – ішкі нарыққа арналған таңба) дайындайды және Балық шаруашылығы комитетінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаның "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Балық шаруашылығы комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны Балық шаруашылығы комитетінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаның "жеке кабинетіне" жібереді.

      18. Балық шаруашылығы комитеті Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      19. Балық шаруашылығы комитеті мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

4-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Балық шаруашылығы комитеті басшысының, уәкілетті органның атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, Балық шаруашылығы комитеті оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын Балық шаруашылығы комитеті, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      21. Уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғалардың шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      Балық шаруашылығы комитеті, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      22. Балық шаруашылығы комитетінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам уылдырықпен сауда жасауды жүзеге асыратын тұлғаға уылдырықпен сауда жасауды ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      23. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘПРК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 1-қосымша
Арналған нысан әкімшілік
деректерді жинау

      Ұсынылады: балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды пайдалану туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МТ нысан

      Жиілігі: жылдық

      Есепті кезең: ________ 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жеке немесе заңды тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электрондық түрде

Р/с№

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбалардың берілгені туралы хабарламаның нөмірі мен күні

Берілген таңбалардың жалпы саны мен нөмірі

Таңбалардың түсі және таңбалардың түрі (импортталған/тәркіленген/ отандық-табиғи/ отандық-қолдан жасалған уылдырық үшін)

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасау үшін пайдаланылған таңбалардың саны мен нөмірі

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасау үшін пайдаланылмаған таңбалардың саны мен нөмірі

Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығымен сауда жасау үшін берілген таңбалардың пайдаланылмау себептері

1

2

3

4

5

6

7








      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы _____________________________

      Орындаушы ___________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________ _______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арн.алған таңбаларды пайдалану туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Ішкі және сыртқы нарықтарда
бекіре тұқымдас балық
түрлерініңтардың уылдырығын
сату үшін маркаларды
пайдалану туралы мәліметтер"
нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды пайдалану туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 1-МТ нысаны, кезеңділігі: жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды пайдалану туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жеке немесе заңды тұлғалар толтырады.

      3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысан балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбалардың берілгені туралы хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында берілген таңбалардың жалпы саны мен нөмірі көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында таңбалардың түсі мен түрі көрсетіледі (импортталған/тәркіленген/ отандық-табиғи/ отандық-қолдан жасалған уылдырық үшін).

      9. Нысанның 5-бағанында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбалардың саны мен нөмірі көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға пайдаланылмаған таңбалардыңсаны мен нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбалардың пайдаланылмау себептері көрсетіледі.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 2-қосымша

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығына таңбалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығына таңба беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының дайын таңбаларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасауға арналған бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық маркалары (бұдан әрі – ішкі нарыққа арналған марка) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбасын алуға арналған өтініш;
2) егер мәлімделген уылдырық:
табиғи болса - сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі;
тәркіленген болса – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 1) тармақшасына және 211-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйымдардан сатып алынғанын растайтын құжаттың және тәркілеу туралы сот актісінің электрондық көшірмесі;
қолдан өсірілген болса – Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
3) Жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген жануарлар түрлерін (балықтарды және басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолдану аясына кіретін балық және басқа да су жануарлары түрлерін, Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, экспорттауға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан кері экспорттауға арналған рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудын өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Қазақстан Республикасының
ішкі нарығында сауда жасау
үшін бекіре тұқымдас балық
түрлерінің уылдырығы таңбасын
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне қосымша

      Нысан

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат

Балық түрі

Балықтың саны мен жасы

Балықтың салмағы

Алынған уылдырықтың салмағы

Уылдырық алу әдісі (сауу әдісі (тірі кезінде) немесе кесарь тілігі әдісі)

1

2

3

4

5

6







      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
___________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі
___________________________
(дара кәсіпкер)
мекенжайы________________
(индексі, облыс, қала, аудан,
көше, үй нөмірі, пәтер нөмірі
(бар болса), телефон) өтініш
берушінің деректемелері
_______________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбасын алуға арналған өтініш

      Ішкі нарықта сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбаларын беруді сұраймын.

      Уылдырық түрлері туралы мәліметтер:

1

Уылдырық түрі

Түрлері бойынша сыйымдылықтың саны мен көлемі

1.

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Латын тілінде

Сыйымдылық саны (дана)

Бір сыйымдылықтың көлемі (килограмм)

Уылдырықтың жалпы көлемі (килограмм)

1.1.







1.2.







1.3.







2.

Үлгінің қайдан алынғаны (отандық-табиғи, отандық-қолдан өсірілген, импортталған, тәркіленген)


3.

Егер мәлімделген уылдырық табиғи болса, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-3-тармағына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні


4.

Егер мәлімделген уылдырық қолдан алынған болса (бар болса) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаның(лардың) нөмірі мен күні


5.

Егер мәлімделген уылдырық импортталған жағдайда, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолдану аясына кіретін балық және басқа да су жануарлары түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, экспорттауға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан кері экспорттауға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күні 20___жылғы "__" _____________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы, мөрдің орны

      (дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасы*

     


      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы таңбасының сипаттамасы:

      1) таңбаның мөлшері - 100 х 19 миллиметр;

      2) Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырық таңбасының негізгі фоны - жасыл, импортталатын уылдырық үшін - қызыл;

      3) таңбаның сол жағында металдандырылған мыс жолағы және "уылдырық" микромәтіні орналасқан;

      4) таңбаның ортасында бекіре балығының бейнесі орналасқан;

      5) оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін жарқылмен), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және дифракция түстерінің өзгеру әсері бар "CITES" сөздері бар голограмма орналасқан. Суреттің басқа бұрышында голограммада "CITES" сөздерінің орнына "KZ" сөзі оқылады.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

[Уәкілетті
органның атауы]



[Наименование уполномоченного органа]

Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны:

      Облыс: [Облыс]

      Аудан: [Аудан]

      Қала\елді мекен: [қала\елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]

      Мемлекеттік тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі: [бас тарту себебі]

      [Қол қоятын көрсетілетін қызметті берушінің лауазымы] [Қол қоюшының аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі]

     


  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 6-қосымша

      Нысан

Ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналы

Өтініш берушінің атауы

Алынған таңбалардың нөмірі мен саны

Шот-фактура нөмірі

Таңбалардың берілген күні

Уылдырық таңбасының түрі, сыйымдылығы және көлемі

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Таңбалар берілген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
  уылдырығын таңбалау
қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
_________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі
__________________________
(дара кәсіпкер)
мекенжайы__________________
___________________
(индексі, облыс, қала, аудан,
көше, үй нөмірі, пәтер нөмірі
(бар болса), телефон) өтініш
берушінің деректемелері
_______________________
(бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру
нөмірі 

Алынған таңбаларды қайтару туралы өтініш

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне қайтаруға бағытталған таңбалар туралы мәліметтер

Қайтарылуға жататын бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығыменсауда жасауға арналған таңбалардың түрі, нөмірі және саны

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға берілген таңбаларды қайтару себебі

1

2

3

      Ішкі нарық үшін алынған таңбалар бойынша жүкқұжат және біріктірілген бүлінген таңбалар өтінішке қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күні 20___жылғы "__" __________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сауда жасау үшін бекіре
тұқымдас балық түрлерінің
уылдырығын таңбалау
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға берілген бүлінген таңбаларды жою актісі

Таңбалардың түрі мен түсі

Жойылған таңбалардың нөмірі

Жойылған таңбалардың саны





Бүлінген таңбаларды жоюға қатысқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті тұлғасының лауазымы

______________________________________
лауазымды адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы

  Бүлінген таңбалардың жойылған
күні 20 ___ жылғы"__" _____.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
мөрінің орны Ішкі және сыртқы
нарықтарда сауда жасау үшін
бекіре тұқымдас балық
түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңбаларды есепке алу журналы

Жеке немесе заңды тұлғаның атауы

Таңбалардың нөмірі және саны

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған рұқсаттың нөмірі

Контейнерлер саны және уылдырық көлемі

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/ заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6







  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 404 бұйрығына 2-қосымша

Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сатуға арналған таңбаның нысаны*

     


      Ескерту:

      * Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сатуға арналған таңбаның сипаттамасы:

      1) таңбаның мөлшері - 100 х 19 миллиметр;

      2) таңбаның негізгі фоны – көк;

      3) оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін жарқылмен), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және дифракция түстерінің өзгеру әсері бар "CITES" сөздері бар голограмма орналасқан. Суреттің басқа бұрышында голограммада "CITES" сөздерінің орнына "KZ" сөзі оқылады.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерін сәйкестендіруге арналған кодты көрсеткен кезде мынадай кесте пайдаланылады: 

Виды

Код

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Acipenser baerii

BAE

Орыс бекіресі

Русский осетр

Acipenser gueldenstaedtii

GUE

Пілмай

Шип

Acipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр

Acipenser persicus

PER

Сүйрік

Стерлядь

Acipenser ruthenus

RUT

Шоқыр

Севрюга

Acipenser stellatus

STE

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос

Polyodon spathula

SPA

Калуга

Калуга

Huso dauricus

DAU

Әртүрлі түрлер (Тығыздалған уылдырық)

Различные виды (Паюсная икра)

Mixed species (for ‘pressed' caviar exclusively)

MIX

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 404 бұйрығына 3-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10397 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18600 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.

      3. "Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 116 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20697 болып тіркелген ).

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 396 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24691 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31873 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады