РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 cәуірдегі № 166 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)
1. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне:
1) аң аулауға;
2) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі";
6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулауды қоспағанда, рұқсаттарды жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде жергілікті атқарушы органдар береді.
Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты ведомство береді.
7. Ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде субъектіні аккредиттеу туралы куәлік болуы қажет.
8. Өтінім жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.
9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;
2) өтінім беруші қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын тұлғалар тізімінің электрондық көшірмесі.
10. Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) аң аулауға (алғашқы жүгіну кезінде):
жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алудың болжанып отырған көлемін негіздейтін есептемелердің электрондық көшірмелері;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды (рұқсаттар берілген жағдайда) пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайтуға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға:
эпизоотиялық мониторингтен басқа, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан алынған үзіндінің электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасында жануарлардың ауруларын эпизоотиялық мониторингтеу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмелері;
5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмелері.";
11-тармақ алып тасталсын;
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтінімді порталда тіркеуді ведомство немесе жергілікті атқарушы орган ол келіп түскен уақыттан бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді (егер, өтiнiм сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады).
14. Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінім келіп түскен уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, рұқсаттар береді немесе портал арқылы электрондық түрде уәжді бас тарту жолдайды.
Ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, ведомство немесе жергілікті атқарушы органдар көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тарту жібереді.
15. Рұқсаттарды беруді есепке алу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес журналда жүргізіледі.
Егер, балық аулауға арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылатын болса, өтінім беруші "жеке кабинеті" арқылы әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе звеноға рұқсат басып шығарады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат (кәсіпшілік аулау, әуесқойлық (спорттық) аулау, ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау)";
көрсетілген Қағидаларға 3, 5 және 6-қосымшалар осы Тізбеге 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11935 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш;
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді әкелу кезінде, егер, үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген болса, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында, аң аулауға арналған рұқсаттың көшірмесі;
4) аушы жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) аумағынан әкету кезінде сақиналары (микрочиптері) бар фотосуреттер, сондай-ақ аушы жыртқыш құс паспортының көшірмесі;
5) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) аумағынан әкету кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі, сондай-ақ әкелінетін және (немесе) әкетілетін өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер көрсетілген құжат;
6) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмесі және (немесе) Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алған жағдайда, үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелері.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы әкімшілік органға электрондық нысанда мыналарды жібереді:
1) өтінім берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) әкелуді және (немесе) әкетуді жеке мақсаттары үшін жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкелуді және (немесе) әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесі;
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, егер, үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген болса, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесі;
4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлем жасауды қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре тұқымдас балық түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат берілгені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) жануарлар түрлері, олардың бөлiктерi мен дериваттары Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи мекендеу ортасынан алынған жағдайда, аң аулауға арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі.
7. Әкімшілік орган үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды порталда бір жұмыс күні ішінде тіркейді (егер, өтiнiш сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады) және құжаттарды келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, шешім дайындайды. Әкімшілік орган құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
Әкімшілік орган өтінішті одан әрі қараудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдарың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің рұқсат алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аңшылық шаруашылығы субъектісі алдағы жылдың 1 қазанына дейін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есепке алу деректерінің негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алу квотасын алуға аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша өтінім береді.
6. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі - аңшылар қауымдастығы) ағымдағы жылдың 15 ақпанынан келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге арналған жануарлар дүниесі объектілерін алуға арналған лимиттердің негізінде Заңның 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу квоталарын бөлуді жүзеге асырады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу квоталарын бөлу тәртібі";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды жібереді:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алуға арналған өтінім (бұдан әрі - балық ресурстарын алуға арналған өтінім);
өтінім берілген күнге дейінгі бір айдан кешіктірілмей алынған, аумақтық көліктік бақылау органының балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы анықтамасы.
Балық аулаушылар қауымдастығы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) балық ресурстарын алуға арналған өтінімнің 2 және 4-тармақтары бойынша мәліметтер беру туралы жазбаша сұраным жібереді.
Аумақтық бөлімше сұратылған ақпаратты сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде береді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын бөлу қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулау лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде шығарылады және тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11623 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 60) тармақшасына және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Рұқсат беру тәртібі";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
4. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аумақтық бөлімше өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарайды (егер, өтiнiм сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады) және тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат береді не мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) өтінім беруші рұқсат алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) өтінім берушінің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, Заңда және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтінім берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтінім берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтінім берушінің рұқсат алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.";
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруді тіркеу журналында жүргізіледі.";
7. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
|
| Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Нөмірі:_______ Берілген күні_________
Жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ
эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға арналған рұқсат
Берілді: _________________________________________________________________________
Пайдалану түрі __________________________________________________________________
Алу мақсаты _____________________________________________________________________
Алу тәсілдері ____________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:__________________________________________
Алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануар түрі | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Төлемнің жиынтық сомасы ________________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____________________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін
Aлу тәсілі:_______________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: __________________________________
Бақылау:_______________________________________________________________ жүктеледі.
Уәкілетті адам: __________________________________________________________________
Өтінім
"Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты" беруді сұраймын (кәсіпшілік,
әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімді молайту мақсатында аулау)
________________________________________________________________________________
Пайдалану түрі:__________________________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ________________________________________
Aлу мақсаты: ____________________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ___________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: __________________________________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған 201__жылғы "__"____ №___ шарт
Аккредиттелу туралы куәліктің нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттемелік
аулау жағдайында) _______________________________________________________________
Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Объектілердің атауы | Мөлшері (тонна) |
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда) _____________________
Aлу мерзімі ___________________ бастап ______________________ дейін
Болжанып отырған алу ауданы (аумағы) мен учаскесінің шекарасы:
________________________________________________________________________________
Алу құралы:
Алу құралының атауы | Саны |
Жүзу құралдары:
Кеме типі | Саны |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "____"____________________________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Өтінім
"Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты" беруді сұраймын (аң аулауға,
өсімді молайту мақсатында, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық
мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға)
________________________________________________________________________________
Пайдалану түрі __________________________________________________________________
Алу мақсаты _____________________________________________________________________
Алу тәсілдері ____________________________________________________________________
Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың нөмірі және күні
________________________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: __________________________________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мекендеу ортасынан алынуы жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Жануар түрі | Саны (дарақтар) | Aудан (аумақ) және учаске шекаралары |
Жалпы құны (теңге) ______________________________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____________________________________
Aлу мерзімі: ________________ бастап_______________________ дейін
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "____"________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2025 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш Үлгілерді _______________________________________________ әкелуге, (қажеттісінің астын сызу керек)
әкетуге рұқсат беруді сұраймын.
1 | Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке басына беру) | |
2 | Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі | |
3 | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістер, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, сәйкестендіру белгілерінің бар-жоғы) | |
4 | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы (уылдырықты әкету кезінде сыйымдылықтың саны мен көлемін қосымша көрсету қажет) | |
5 | Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және тағы басқалар) | |
6 | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (-тің) нөмірі және күні (бар болса) | |
7 | Егер, үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында жасанды жағдайларда өсірілген болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
8 | Егер, жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар санын реттеу арқылы табиғи ортадан алынса, саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні | |
9 | Экспорттаушы мен импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, төлқұжат деректері) |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтініштің берілген күні 20____жылғы "___"________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын алу квоталарын алуға арналған өтінім
Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің
атауы __________________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы органмен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған
______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.
Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға (балық жіберуге) жұмсалған
қаражат көлемі _____________мың теңге.
Жылына ______ тонна балық ресурстарын өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтың болуы.
Өткен жылы бөлінген квотаның нақты игерілгені ________________ тонна.
Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын аулау және басқа да су
жануарларын олжалау құралдарының саны, сүзекі ____ дана, құрма ау ____ дана.
Балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген балық аулау флоты, өздігінен
жүретін (40 ат күшінен жоғары) ______ бірлік, шағын көлемді _______ бірлік.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__" ___________
________________________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Мөр (бар болса) орны
Қолы_____________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізуге рұқсат беруге арналған өтінім
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.
Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізудің
мақсаты ________________________________________________________________________
Жануар түрі _____________________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы ______________________________________________________
Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру
жүргізілетін мерзім _______________________________________________________________
Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялауд және будандастыру
жүргізілетін аудан ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ветеринариялық анықтаманың нөмірі және берілген күні _______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20____жылғы "__"________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат берудi тiркеу журналы
Рұқсат | Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны) | Қолданылу мерзiмi | Кiмге берiлдi | Рұқсаттың күнi және нөмірі | Алушының деректерi (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 14-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 15-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 16-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 17-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 18-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 19-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 20-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 21-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 22-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 23-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне 24-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
