Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қазанда № 37201 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 13) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 384 бұйрығына 1-қосымша

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 13) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін, сондай-ақ "Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші суларды жинағыштарды, сондай-ақ балық пен басқа да су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын сарқынды балық питомниктерінде, уылдырық шашатын, тоған және көл-тауар шаруашылықтарында пайдаланылатын су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылығы су айдындарына қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылым, оның ішінде "өзен-теңізде" жүзетін кеме, паром, техникалық флот кемесі (түбін тереңдететін және түбін тазартатын снарядтар, жүзбелі кран және осыған ұқсас басқа да техникалық құрылысжайлар);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібі

      4. Уылдырық шашу кезеңінде мыналарға рұқсат етілмейді:

      1) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келіспей қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің қозғалысы;

      2) бакендер орнату үшiн елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына және аса қажет жағдайларда балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аялдауды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауы.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми зерттеулерді, авариялық-құтқару жұмыстарын, тұрақты жүк-жолаушылар тасымалдарын (оның ішінде паромдық), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, кеме қатынасы жолдарында навигациялық белгілерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын кемелерге қолданылмайды.

      6. Балық шаруашылығы су айдындарында балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар жасау үшін кемелердің, шағын көлемді флоттың және басқа да су көліктерінің қозғалысына олардың тиесілілігіне қарамастан уылдырық шашу кезеңі аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.

      7. Уылдырық шашу кезеңінде мынадай кемелерді пайдалануға рұқсат етіледі:

      1) кемелердің ескек бұрандасының айналу жылдамдығы - минутына 1000 айналымнан аспайтын;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелердің моторларының (аспалы және стационарлық қозғалтқыштарының) қуаты – 20 ат күшінен аспайтын, ал Өскемен су қоймасында (Ермаковка ауылынан екі жағалау бойынша Өскемен гидроэлектростанциясына (бұдан әрі – ГЭС) дейін) – 100 ат күшінен аспайтын;

      Жайық-Каспий бассейнінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері үшін – 40 ат күшінен аспайды;

      бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметтері үшін – 100 ат күшінен аспайтын;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін аспалы қозғалтқыштардың қуаты – 55 ат күшінен, стационарлық қозғалтқыштардың қуаты – 150 ат күшінен аспайтын.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіп мыналарға қолданылмайды:

      кеме қатынасы су жолдарында навигациялық белгілерді қою және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын кемелер;

      Ертіс бассейнінде тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паромдарды) жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық қозғалтқыштары бар кемелер;

      Өскемен ГЭС-нен судың ағысымен төмен қарай 23 километр учаскеде жолаушыларға арналған рейстік және туристік маршруттарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық су ағындары бар шағын көлемді кемелерді қоспағанда, "Р" класындағы түбі тегіс кемелер;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, азаматтық қорғау органдары, көліктік бақылау, табиғат қорғау полициясы бөлімшелері және ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері саласындағы уәкілетті орган, уәкілетті мемлекеттік органдар пайдаланатын кемелер.

      8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелердің жөнелту саны кеме иелері мен кеме жүргізушілерге балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме қатынасы режимін келісуді беру арқылы айқындалады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінім келіп түскен күні өтінімді "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" (бұдан әрі – "Е-лицензиялау") ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      12. Жауапты жұмыскер өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты жұмыскер өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісуді не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялаудағы" "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың қайта өтінім беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      18. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты порталдың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.

      Уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган ведомствосы, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібермейді.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті органның ведомствосы, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Балық аулауға тыйым салынған
уылдырық шашу кезеңінде,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      Нөмірі: ___________ Берілген күні: ____________

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу

      Берілді: ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Кеменің атауы __________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі __________________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері:

      Ұзындығы (метрмен)_____________________________________________

      Ені (метрмен)____________________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен, метрмен) _______________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (1 минутта айналым) _________

      Кеменің типі________________________________________________________

      Кеменің маркасы____________________________________________________

      Қозғалтқышының қуаты ____________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты ___________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20___жылғы ___________ бастап ___________ дейін

      Қозғалыс бағдары ___________________________________________________

      Тұрақ орны _______________________________________________________

      Қосымша шарттар ______________________________________________

      Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі ____________________

      Аумақтық бөлімшенің басшысы: __________________________

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Балық аулауға тыйым салынған
уылдырық шашу кезеңінде,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының қағидаларына
2-қосымша

"Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режиміне келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режимімен келісу

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (далее – портал)

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету формасы

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режимін келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысы қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режиміне келісуге арналған өтінім.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10.

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Балық аулауға тыйым салынған
уылдырық шашу кезеңінде,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ___________________________
  (балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің толық атауы)
  __________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)
мекенжайы__________________(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса), телефон) өтініш берушінің деректемелері
  ________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісуге арналған өтінім

      Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ____________________________________________________________________

      Кеме жүргізушінің аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Кеменің атауы _______________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі _________________________________________________

      Кеменің техникалық параметрі (ұзындығы, ені, шөгуі):

      Ұзындығы (метрмен) __________________________________________

      Ені (метрмен) _________________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен) _________________________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (минутына айналым)______

      Кеменің типі _________________________________________________________

      Кеменің маркасы ____________________________________________________

      Қозғалтқышының қуаты ______________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты ___________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20____жылғы _________ бастап __________ дейін

      Қозғалыс бағдары____________________________________________________

      Тұрақ орны________________________________________________________

      Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні __________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20__жылғы "__"_____________

      _______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Балық аулауға тыйым салынған
уылдырық шашу кезеңінде,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның атауы]



[Уәкілетті органның атауы]

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [Берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны: Облыс:

      [Облыс] Аудан: [Аудан]

      Қала/елді мекен: [Қала/елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]

      Мемлекеттік тіркеу күні [Күні]

      Бас тарту себебі:

      [Бас тарту себебі] [Қол қоятын тұлғаның лауазымы]

      [Қол қоятын тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________________________ _____________________________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20___ жылғы "____" _____

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 384 бұйрығына 2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12902 болып тіркелген) тізбесінің 6-тармағы.

      3. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13908 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 166 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18600 болып тіркелген) тізбесінің 1-тармағы.

      5.  "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20048 болып тіркелген).

      6. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 255 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21432 болып тіркелген).

      7. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26546 болып тіркелген).

      8. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32822 болып тіркелген) тізбесінің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады