БҰЙЫРАМЫН:
1. "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.";
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) біліктілік санаты – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;";
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі – Платформа) – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымның платформасы.";
5-тармақтың 2) тармақшасында сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
""Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тізбесіне сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер:
Платформа арқылы – "педагог-модератор", "педагог-сарапшы" біліктілік санатына;
Цифрлық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы – "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы", "бірінші санаттағы басшы", "үшінші санаттағы басшы орынбасары", "екінші санаттағы басшы орынбасары", "бірінші санаттағы басшы орынбасары" біліктілік санатына көрсетіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қызмет көрсетуші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтердің көрсетілу кезеңдері туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметтердің мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына, қызмет көрсетушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. ПББ-дан өткен аттестатталушылардың цифрлық дерекқорын сақтау бес жыл ішінде қамтамасыз етіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 8-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 3 шілдедегі № 190-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша |
|
| Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша Нысан |
"Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі | ||
| Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары |
| Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
|
| Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі – Платформа); |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
| Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі |
| Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
|
| Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Веб-портал және Платформа арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
| Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
| Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
| Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар | Аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініш білім беру саласындағы уәкілетті органдар айқындаған мерзімдерде қабылданады. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда веб-порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. |
| Бұйрыққа 2-қосымша Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 8-қосымша Нысан |
Педагогтің білімін бағалаудан өтуге өтініш
Тегі ____________________________________________________________
Аты ____________________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________
ЖСН ___________________________________________________________
e-mail ___________________________________________________________
Туған күні _______________________________________________________
Жынысы_________________________________________________________
Байланыс нөмірі __________________________________________________
Облыс ___________________________________________________________
Аудан ___________________________________________________________
Қала (ауыл) ______________________________________________________
Жұмыс орны _____________________________________________________
Атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, білімі туралы дипломда немесе қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандық (біліктілік) _____________________________________________________________________
Көрсетілген мамандық бойынша жоғары және жоғары білім беру ұйымындағы оқу мерзімі (оқу жылдары)_______________________________________________
Қолданыстағы біліктілік санаты _______________________________________
Қолданыстағы біліктілік санатының қолданылу мерзімі (бастап дейін)
_____________________________________________________________________
"Қызмет бағыты бойынша оқу пәнінің мазмұны" блогы бойынша пән________
Тест тапсыру тілі ___________________________________________________
Облыс ____________________________________________________________
Тест тапсыру орны _________________________________________________
Лек нөмірі, тестілеу күні____________________________________________
Мүгедектік (бар, жоқ)
Көмекші (иә, жоқ)
Дербес деректерді өңдеуге келісім
Мен, _____________________________________________________________, (тегі,аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе онсыз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде дербес деректердің цифрлық жүйелерінде менің дербес деректерімді (фото, видео және бейнекөрсетілімді қоса алғанда) жинауға, өңдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге өз келісімімді беремін.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісімнің қолданылу мерзімі тиісті аттестаттау рәсімін өткізу кезеңінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер шегінде қолданылады.
Келісемін _____________________
ПББ жүргізу ережелерімен танысу
Мен, _____________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ПББ өткізу ережелерімен таныстым.
ПББ өткізу ережелерін бұзу фактілері, жол берілмейтін заттар анықталған жағдайда ПББ нәтижелерінің күші жойылатыны туралы хабардар етілді:
1) ПББ өткізу кезінде ПББ аяқталғанға дейін аттестатталушы аудиториядан шығарылады;
2) тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда;
3) аттестатталушы ПББ өткізу ережелерін бұзу актісіне қол қояды.
Таныстым _______________________
