БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үздік педагог" атағын беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган оны өткізу уақыты басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, Министрліктің цифрлық жүйесіне орналастырады, (ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында орналастырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Құжаттарды (материалдарды) Конкурс қатысушылары Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Министрліктің цифрлық жүйесіне жүктейді.";
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің цифрлық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Министрліктің цифрлық жүйесінде орналастырылады және Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен соң аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы (бұдан әрі – Білім басқармасы) Конкурстың ІІ кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Министрліктің цифрлық жүйесінде орналастырады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының құжаттарын (материалдарын) және Министрліктің цифрлық жүйесіне орналастырылған материалдарды қарайды.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің цифрлық жүйесіне орналастырылады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турында Республикалық комиссия Министрліктің цифрлық жүйесінде орналастырылған Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының материалдарын қарайды.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей Министрліктің цифрлық жүйесіне орналастырылады, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Апелляциялық комиссия даулы жағдайлар туындаған кезде өтінішті қарайды. Конкурсқа қатысушы Конкурс нәтижелері жарияланғаннан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде апелляцияны Министрліктің цифрлық жүйесінде электрондық форматта береді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша ақпарат:
педагогикалық тәжірибені жинақтау (авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, оларға хаттамалардың үзінділері (бар болса), педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату);
зерттеу қызметі (ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша мақалалар жариялау, шығармашылық есептер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер);
білім беру және педагогикалық жобаларды іске асыру бойынша материалдар (ол болған жағдайда);
педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі, TV сабақтарын түсіруге қатысу (сертификаттар, анықтамалар немесе бұйрықтар, сараптамалық және жұмыс топтарына, TV сабақтарын түсіруге қатысатынын растайтын TV сабағына сілтеме);
тәрбие жұмысының және сабақтан тыс іс-әрекет бағыттары бойынша материалдар ("Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы, "Таза Қазақстан" "Заң және тәртіп" тұжырымдамалары, кәсіптік бағдар беру жұмысы, экологиялық, еңбек, адамгершілік тәрбие және ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша материалдар);
волонтерлік қызмет, соңғы 3 (үш) жылда қайырымдылық іс-шараларына қатысу (интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақпаратты тұрақты орналастыру, балаларды тегін оқыту - растайтын құжаттарды (материалдарды), Министрліктің цифрлық жүйесіндегі сілтемелерді тіркеу).";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бейнесабақтың (бейнеоқудың) фрагменті, сондай-ақ үздік практикаларды тарату бойынша бейнеролик Министрліктің цифрлық жүйесіне сілтеме жасай отырып, YouTube (ютуб) бейнеплатформаларына жүктеледі.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 5.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5.5 | Ресурстарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану | |
Білім алушыларды оқу материалын меңгеруге ынталандыратын ресурстарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану | 2 | |
Ресурстарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану оқу материалын көрсетумен шектеледі | 1 |
".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
