"Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шiлдедегi № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 шiлдеде № 39229 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінім берілгеннен кейін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде экономикалық қорытынды дайындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдік беру қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органына және әділет органына келісуге жібереді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және әділет органы қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі.

      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушымен қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын ұсынғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаға сараптама жүргізуді ұйымдастырады және тиісті қорытынды дайындайды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысы және қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және әділет органымен келісу болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушымен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік кепілдіктер алуға үміткер тұлғалар Бюджет кодексінің 141-бабының 3 және 4-тармақтарымен орнатылған талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      Мемлекеттік кепілдіктер әрбір инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдік беру туралы қаулы қабылдағаннан кейін кредитор бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кепілдік шартының жобасын не кепілдік міндеттемесінің жобасын ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес мемлекеттік кепілдіктің мазмұны мен нысанын әділет органымен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде келіседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады