ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
Д. Кеңбеил |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25413 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімі қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Заңның 10-бабының және Заңның 13-бабы 6) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін электрондық сатып алудың цифрлық жүйесінде сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде қалыптастырылады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің шешімінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті тұлға Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).";
осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25414 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларында:
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) веб-порталға қатысушы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган, веб-порталда тіркеуден өткен электрондық сатып алу цифрлық жүйесінің операторы;";
6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Заңға, Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды электрондық форматта өткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;";
8) 9) және 10)-тармақшылары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба электрондық құжат болып танылады;
9) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін электрондық сатып алу цифрлық жүйесінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, өкілеттіктері квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын заңды тұлға (заңды тұлғалар);
10) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Цифрлық жүйенің (бұдан әрі – Жүйе) инциденттері (техникалық іркілістер) мынадай түрлерге бөлінеді:";
1)-тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүйе ақпаратына рұқсатсыз әсер етуге әкеп соққан Жүйенің киберқауіпсіздігін тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу салдарынан;";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) веб-портал пайдаланушысы техникалық іркілісті анықтаудың күні мен уақытын көрсете отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық пошта арқылы, сондай-ақ байланыс деректерін және растайтын материалдарды (экрандық суреттер мен өзге де растайтын материалдар) қоса бере отырып, 1 (бір) сағаттан кешіктірмей Байланыс орталығын хабардар етеді.
Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, веб-портал пайдаланушысы Байланыс орталығын телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;
2) стандартты жұмыс істеуіне сәйкес келмейтін жұмыста немесе Жүйе конфигурациясында өзгерістер анықталған жағдайда, Оператордың маманы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркіліс туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістердің туындаған күні мен уақытын тіркейді.
Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты (телефон, электрондық пошта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) Жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды:
Жұмыс күндері – сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қамтамасыз етеді.
Оператор уәкілетті органның келісімі бойынша Байланыс орталығының жұмыс уақытын ұлғайтады, оның ішінде тәулік бойы қолдауға көшуді жүзеге асырады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Байланыс орталығының Операторы пайдаланушылар мен Оператор мамандарының өтініштерін жұмыс уақытына түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде Есепке алу журналында тіркейді.
Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші түскі үзіліс кезінде электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, Оператор өтінішті түскі үзілістен кейін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.
Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші жұмыс уақытынан тыс уақытта электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, оператор өтінішті келесі жұмыс күні тіркейді.
Есепке алу журналын Байланыс орталығының Операторлары пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу жөніндегі Оператордың цифрлық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Өтініш тіркелгеннен кейін пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу жөніндегі Оператордың цифрлық жүйесінде инциденттің бірегей сәйкестендіргіші беріледі және 1 (бір) сағат ішінде пайдаланушының электрондық поштасына жіберіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде Оператор жұмыс уақытында ақпараттың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында алынған ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экрандық суреттерге және өзге де ұсынылған материалдарға) талдау жүргізеді.".
3. "Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25489 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметін қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.";
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бақылау – цифрлық жүйелердің деректерін, сондай-ақ бақылау объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде бақылау объектісіне бармай-ақ сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау нысаны;";
4) және 5)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, Заңға және Заңның 2-бабы 15) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық форматта сатып алуды өткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
5) мыналар бақылау объектілері болып табылады:
тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, тендерлік комиссия (аукциондық комиссия), сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы, сатып алу жөніндегі сарапшы;
өткізілетін сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде тартатын тұлғалар;
электрондық сатып алу цифрлық жүйесінің операторы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызмет бақылауды Заңның 15 және 16-баптарының негізінде бақылау объектісіне бармай, бақылау объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша цифрлық жүйелердің деректерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы тұрақты негізде жүргізеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияның, электрондық сатып алу цифрлық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Заңның 16-бабына сәйкес жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы беріледі.
Қызметке Заңның 16-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдер өткеннен кейін тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияның, электрондық сатып алу цифрлық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағым Заңның 16-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде берілген кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25488 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі цифрлық қызметтерді сатып алу бойынша тендер алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып жүргізіледі.";
148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"148. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптама ұйымының) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарға арналған тендерге қатысу өтінімінің бағасы, егер ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38415 болып тіркелді) бекітілген Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.";
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сала бойынша орташа көрсеткіштен асатын жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме (жобалауға арналған тапсырмада көрсетілген).
Егер әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінім құрамында сала бойынша орташа көрсеткіштен (жобалауға арналған тапсырмада көрсетілген) асатын жергілікті қамтудың үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қабылдаса, мұндай әлеуетті өнім берушіге жергілікті қамтудың әрбір қосымша 10 (он) пайызы үшін 1 (бір) балл беріледі.
Аталған бағалық емес өлшем халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалары бойынша жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды;";
5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз ету.
Егер әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінім құрамында объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз етуге кепілдік берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге жобалауға арналған тапсырмада белгіленгенге қатысты әрбір арттыру пункті үшін 1 (бір) балл беріледі.
Аталған бағалық емес өлшем халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалары бойынша жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды;";
247-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"247. Сенімді бағдарламалық қамтылым тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі цифрлық қызметтерді сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі қолданыла отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізіледі.";
248-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"248. Тауарлары және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі цифрлық қызметтері осы Қағидалардың 284-тармағында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде орналасқан әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 354-1-тармақпен толықтырылсын:
"354-1. Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті жеткізушіге кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап қойылады.";
461-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"461. Әлеуетті өнім берушінің объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарға арналған тендерге қатысу өтінімінің бағасы, егер ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38415 болып тіркелді) бекітілген Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.";
Тендерлік құжаттаманың 10-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылған тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке ұсынады)";
Аукциондық құжаттаманың 7-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылған тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке ұсынады)";
көрсетілген Қағидаларға 22-қосымшада:
Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шартта:
5.1.-тармақтың 5)-тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда тауар шығарылған елдің тиісті органы берген Тауардың шығу тегі туралы тиісті Сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ "Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелді) бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданылуын тоқтату, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың нысандарын белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұсынылады.";
көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшада:
Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:
4.1.-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";
мынадай мазмұндағы 16-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
"16-1) Құрылыс және (немесе) көлікпен жұмыстарды орындау кезінде құрылыс аймағында және құрылыс техникасының қозғалыс маршруттарында орналасқан қолданыстағы автомобиль жолдарының, кірме жолдардың, тротуарлардың және көлік инфрақұрылымының өзге де элементтерінің бүлінуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Мердігердің құрылыс техникасын (жүк автомобильдерін, арнайы техниканы және өзге де көлік құралдарын қоса алғанда) пайдалану салдарынан жол жамылғысы, тротуар немесе инфрақұрылымның өзге де элементтері бүлінген жағдайда мердігер өз есебінен қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және объектілерде жұмыстарды орындау басталғанға дейінгі жағдайды сақтауға міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге төленуге тиісті сомалардан қалпына келтіру жұмыстарының құнын ұстап қалуға не келтірілген залалды толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы;";
көрсетілген Қағидаларға 23-1-қосымшада:
"Толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша сатып алу туралы үлгілік шартта:
2.6.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мердігердің жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарын сатып алу туралы шарттардың жобаларында мемлекеттік орган қалыптастыратын қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болған жағдайда) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсету туралы талаптар қамтылуға тиіс Индустрия және индустриялық дамуды қолдау.";
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";
15)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды көрсетуге;
*Бұл тармақ жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарын сатып алуға қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 39-1)-тармақша толықтырылсын:
"39-1) Құрылыс және (немесе) көлікпен жұмыстарды орындау кезінде құрылыс аймағында және құрылыс техникасының қозғалыс маршруттарында орналасқан қолданыстағы автомобиль жолдарының, кірме жолдардың, тротуарлардың және көлік инфрақұрылымының өзге де элементтерінің бүлінуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Мердігердің құрылыс техникасын (жүк автомобильдерін, арнайы техниканы және өзге де көлік құралдарын қоса алғанда) пайдалану салдарынан жол жамылғысы, тротуар немесе инфрақұрылымның өзге де элементтері бүлінген жағдайда мердігер өз есебінен қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және объектілерде жұмыстарды орындау басталғанға дейінгі жағдайды сақтауға міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге төленуге тиісті сомалардан қалпына келтіру жұмыстарының құнын ұстап қалуға не келтірілген залалды толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы;";
көрсетілген Қағидаларға 24-қосымшада:
Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:
4.1.-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;".
5. "Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35220 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптама ұйымының) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу өтінімінің бағасы, егер ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38415 болып тіркелді) бекітілген Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.";
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшада:
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
5.1-тармақтың 4)-тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда тауар шығарылған елдің тиісті органы берген Тауардың шығу тегі туралы тиісті Сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ "Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелді) бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданылуын тоқтату, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың нысандарын белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұсынылады.";
көрсетілген Қағидаларға 17-қосымшада:
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:
4.1.-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";
көрсетілген Қағидаларға 18-қосымшада:
Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:
4.1.-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсету;";
12)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидаларын бекіту туралы" Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 238 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38740 болып тіркелді), ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде құрылыс жобасын (техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын) пайдалануға құқықтарды, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қоюға міндеттенеді.".
6. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
19)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба электрондық құжат болып танылады;";
21)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптама ұйымының) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу өтінімінің бағасы, егер ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38415 болып тіркелді) бекітілген Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.";
247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"247. Автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру кезінде, құрылыс-монтаждау жұмыстарының және автомобиль жолдарын орташа жөндеудің жұмыс тәжірибесі ескеріледі.";
519-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"519. Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 38, 39, 39-1, 40, 41, 42 және 43-қосымшаларға сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:";
Конкурстық құжаттаманың 2-қосымшада:
Конкурсқа қатысу туралы келісімде:
бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
"Осымен конкурс тәсілімен осы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (оларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Заңның 7-бабында белгіленген біліктілік талаптарына және шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.";
көрсетілген Қағидаларға 38 қосымшада:
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
5.1.-тармақтың 4)-тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда тауар шығарылған елдің тиісті органы берген Тауардың шығу тегі туралы тиісті Сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ "Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелді) бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданылуын тоқтату, тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың нысандарын белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұсынылады.";
көрсетілген Қағидаларға 39 қосымшада:
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";
мынадай мазмұндағы 21-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
"21-1) Құрылыс және (немесе) көлікпен жұмыстарды орындау кезінде құрылыс аймағында және құрылыс техникасының қозғалыс маршруттарында орналасқан қолданыстағы автомобиль жолдарының, кірме жолдардың, тротуарлардың және көлік инфрақұрылымының өзге де элементтерінің бүлінуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Мердігердің құрылыс техникасын (жүк автомобильдерін, арнайы техниканы және өзге де көлік құралдарын қоса алғанда) пайдалану салдарынан жол жамылғысы, тротуар немесе инфрақұрылымның өзге де элементтері бүлінген жағдайда мердігер өз есебінен қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және объектілерде жұмыстарды орындау басталғанға дейінгі жағдайды сақтауға міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге төленуге тиісті сомалардан қалпына келтіру жұмыстарының құнын ұстап қалуға не келтірілген залалды толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы;";
көрсетілген Қағидаларға 39-1-қосымшада:
"Толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартта:
2.6.-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мердігердің жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарын сатып алу туралы шарттардың жобаларында мемлекеттік орган қалыптастыратын қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсету туралы талаптар қамтылуға тиіс Индустрия және индустриялық дамуды қолдау.";
4.1.-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";
15)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын сәйкес қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды көрсетуге;
*Бұл тармақ жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарын сатып алуға қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 40-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
"40-1) Құрылыс және (немесе) көлікпен жұмыстарды орындау кезінде құрылыс аймағында және құрылыс техникасының қозғалыс маршруттарында орналасқан қолданыстағы автомобиль жолдарының, кірме жолдардың, тротуарлардың және көлік инфрақұрылымының өзге де элементтерінің бүлінуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Мердігердің құрылыс техникасын (жүк автомобильдерін, арнайы техниканы және өзге де көлік құралдарын қоса алғанда) пайдалану салдарынан жол жамылғысы, тротуар немесе инфрақұрылымның өзге де элементтері бүлінген жағдайда мердігер өз есебінен қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және объектілерде жұмыстарды орындау басталғанға дейінгі жағдайды сақтауға міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге төленуге тиісті сомалардан қалпына келтіру жұмыстарының құнын ұстап қалуға не келтірілген залалды толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы;";
көрсетілген Қағидаларға 40-қосымшада:
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
4.1.-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне (бар болса) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсету;";
11)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидаларын бекіту туралы" Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 238 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38740 болып тіркелді), ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде құрылыс жобасын (техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын) пайдалануға құқықтарды, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қоюға міндеттенеді.".
7. "Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің электрондық әмиянынан ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында есепке жатқызу және (немесе) аудару (мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 36560 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің электрондық әмиянынан ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында есепке жатқызу және (немесе) аудару (мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) қағидаларында:
2-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынады;".
Сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат | "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес адамдар туралы мәліметтер | Тапсырыс беруші туралы ақпарат | ||||
Өнім берушінің атауы | Өнім берушінің елі | БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері) | Т.А.Ә. | ЖСН, бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің елі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер | ||||
БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері) | Сатып алу тәсілі | Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі | Сатып алуды хабарлау күні | Сатып алу қорытындыларын жасау күні |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Шарттың нөмірі | Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні | Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің аяқталатын күні | Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің аяқталу күні | Өнім берушіні (әлеуетті) сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Сот шешімі туралы мәліметтер | Тізілімнен алып тастау күні | |||
Соттың атауы | Сот шешімінің нөмірі | Сот шешімінің күні | Сот шешімінің заңды күшіне енген күні | |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
* Өнім беруші сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген кезде сот шешімі бойынша 1-13, 17-21-тармақтар толтырылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
20___ жылғы "___" __________ № _____
____________________________________________________________________
(Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің атауы)
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 5-тармағына5-тармағына сәйкес
____________________________________________________________________
(бақылау объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны)
бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлайды.
Заңның 15-бабы 7-тармағына сәйкес Сізге осы бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындау қажет.
Қарсылықтарды қарау нәтижелері ескеріле отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайларда хабарлама орындалды деп танылады.
Бақылау объектісі бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты (қажет болған кезде растайтын құжаттарды) веб-портал арқылы Заңның 13-бабы 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бақылау жүргізу қағидалары) 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген уәкілетті органға ұсынады.
Бақылау жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау объектісі қажет болған кезде ол веб-портал арқылы жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қызметке Бақылау жүргізу қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қарсылық жібереді.
Қажет болған кезде қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Осы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Заңның 15-бабының 8-тармағына сәйкес материалдар лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартуды қоса алғанда, тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін сатып алу саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Анықталған бұзушылықтар сипатталған қосымша ____ парақта.
Қызмет басшысы _______________________________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (Қолы)
| Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қосымша |
Мен,______________________________________________________________________ (лауазымы, Қызметтің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес сатып алуға бақылау жүргіздім ____________________________________________________________________ (Бақылау нысанасы) негізінде __________________________________________________________________ (Өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, тәуекелдерді басқару жүйелері/ шағымдар) _________________________________________________ арқылы (Цифрлық жүйенің атауы)
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылық (-тар) анықталды:
Бұзушылық тармағының нөмірі | Тәуекел бейіні | Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары |
1–тармақ | |||
2–тармақ | |||
… |
(Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатын сипаттай отырып, толассыз тәртіппен нөмірленеді. Бұзушылық сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады.)
