Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 97-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 327 бекітілді

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 97-1-бабының 2-тармағына және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 41-1-тармақшасына сәйкес әзірленді және қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілім қазақстандық тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы ақпаратты қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі болып табылады.

      Өтініш беруші мен қазақстандық тауар өндірушінің тізілімді пайдалануы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, тізілімге енгізу туралы өтініш берген кәсіпкерлік субъектісі;

      2) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;

      3) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;

      4) цифрлық верификация – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі арқылы жүзеге асырылатын өтініш берушіні бағалаудың автоматты процесі;

      5) "Logistic Regression" машиналық оқыту моделі –деректерді өңдеу және өндірістік қызметті бағалау тапсырмаларына арналған цифрлық верификация барысында қолданылатын машиналық оқыту алгоритмі;

      6) салалық қауымдастық (одақ) – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген кәсіпкерлік қызметті үйлестіру, сондай-ақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатындағы дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері;

      7) салалық мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (саласында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінде және заңнамасында көзделген басшылықты, салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) елішілік құндылық үлесі – дайын тауардың өзіндік құнындағы шетелде шығарылған шикізат пен материалдар құнының пайыздық қамтуы;

      10) өндірісті оқшаулау деңгейі – Заңның 51-7 бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өндіріс шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың тізіміне сәйкес технологиялық операциялар санының орындалған технологиялық операциялардың санын айқындайтын сандық көрсеткіш.

      4. Тізілімді қалыптастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады және мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі веб-порталында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтініш беруі;

      2) цифрлық растау;

      3) салалық комиссияның өндірісті бағалауы;

      4) уәкілетті органның тізілімге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдауы.

      5. Уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тізілімді жүргізуді және жариялауды қамтамасыз етеді.

      6. Тізілімде қазақстандық өндірушінің болуын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес үзінді көшірме болып табылады.

      7. Салалық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар Заңның 51-3-бабының 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында толық өндірілген тауарлар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді ұсынады.

      8. Қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсына отырып, хабарламасы негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында толық өндірілген тауарлар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасын олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган толық емес және (немесе) дәйексіз ақпарат берген кезде уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде ескертулерді көрсете отырып, осындай ақпаратты пысықтауға қайтарады.

      Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, пысықталған ақпаратты уәкілетті органның қайта қарауына жібереді.

      Қазақстан Республикасының аумағында толық өндірілген тауарлар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламаларын қайта қарауды уәкілетті орган олар қарауға келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

2-тарау. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі

1-параграф. Өтінімді беру тәртібі

      10. Өтінімді беруді өтінім беруші мыналарды бере отырып, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы веб-порталдағы жеке кабинетте жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты жинауға және өңдеуге келісім;

      2) өндірісті бағалау және мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;

      3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін уәкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;

      4) мәлімделген өндіріс шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер:

      өндірістің нақты орналасқан жері туралы мәліметтер;

      өндірілген өнім туралы мәліметтер: сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес код, Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішіне (ЭҚТӨЖ) сәйкес код, тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірыңғай номенклатуралық анықтамалыққа (ТЖК БНА) сәйкес код, құрылыс конструкциялары, бұйымдары және құрылыс материалдары бойынша сәулет, қала құрылыс және құрылыс каталогына сәйкес код (СҚҚК-3);

      тауарларды өндірудің мәлімделген технологиялық процесін бейнелейтін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістік шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау туралы мәліметтер;

      әрбір мәлімделген тауар атауы бойынша елішілік құндылық үлесі: шикізат пен материалдардың/компоненттерді жеткізушілер туралы мәліметтер, сондай-ақ шетелден шыққан шикізат пен материалдардың/компоненттердің құны, дайын өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер. Тауардағы ішкі елішілік құндылық үлесін есептеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүзеге асырылады;

      жылдағы бірлік санын көрсете отырып, әрбір мәлімделген тауар атауы бойынша өндірістік қуат;

      бір айдағы бірліктер санын көрсете отырып, әрбір мәлімделген тауар атауы үшін өндірістің нақты көлемі туралы мәліметтер;

      егер өнім техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес сәйкестікті (растауды) міндетті бағалауға жататын болса, сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттың көшірмесі;

      жабдықтың атауын, моделін, шығарылған жылын, шығарылған елін, нысаналы мақсатын, өндірістік қуаттылығын және автоматтандыру дәрежесін көрсете отырып, өндірістік және технологиялық операцияларда пайдаланылатын, меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздегі жабдықтың болуы туралы мәліметтер;

      нысаналы мақсатына сәйкес келетін және өтініш беруші қызметті жүзеге асыратын меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздегі үй-жайдың (қойма, әкімшілік, өндірістік) болуы туралы мәліметтер;

      егер қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) осындай түріне қатысты "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі белгіленген жағдайда, қызметтің тиісті түрін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуы туралы мәліметтер.

      11. Өтінім беру сәтінде соңғы үш жыл ішінде өндірістік объект пайдалануға берілген жағдайда, өндірістік қуаттарды пайдалануға беру актісін қоса бере отырып, "жаңа өндіріс" деп белгілеу қажет.

2-параграф. Цифрлық верификация

      12. Өтінімді бергеннен кейін "Logistic Regression" машиналық оқыту моделін қолдана отырып, өтінім берушінің өндірістік қызметін растайтын мынадай өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады:

      1) субъектінің қызметін жүзеге асыру кезеңі;

      2) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу мәртебесі;

      3) салық мониторингіне қатысу;

      4) мемлекеттік сатып алуға қатысу;

      5) тізілімге енгізуге өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңде экспортқа қатысу;

      6) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу;

      7) тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық жүктемесінің коэффициенті;

      8) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін нөлдік есептелген кіріс көрсеткіштерімен салық есептілігі;

      9) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге электрондық шот-фактураларды шығаруға шектеу;

      10) тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша субъектінің жиынтық жылдық табысы (түсімі);

      11) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңдегі электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сату-сатып алу бойынша айналым;

      12) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге ұсынылған жүк кедендік декларациясының деректері бойынша экспортқа тауарларды өткізу бойынша айналым;

      13) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезеңге берілген жүк кедендік декларациясының деректері бойынша импорттың жалпы кедендік құны;

      14) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап субъектіге берілген электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша тұтынылған электр энергиясына қатысты шығыстар;

      15) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген алымның сомасы;

      16) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қызметкерлердің орташа штат саны;

      17) тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша қызметкерлердің есептелген кірістері;

      18) тізілімге енгізу үшін өтінімді берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін, сондай-ақ осындай өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша субъектінің бір қызметкеріне шаққандағы орташа жалақы мөлшері;

      19) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңінің басындағы тіркелген активтердің баланстық құны;

      20) тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңнің басындағы биологиялық активтердің баланстық құны;

      21) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңнің басындағы барлау және бағалау активтерінің баланстық құны;

      22) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша субъектінің есепті кезеңінің басындағы материалдық емес активтердің баланстық құны;

      23) тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігі деректері бойынша жер учаскелерінің болуы;

      24) тізілімге енгізу үшін өтінім берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша мүліктің болуы;

      25) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін субъект ұсынған салық есептілігінің деректері бойынша салық кезеңінің соңындағы ғимараттардың, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің құн балансы;

      26) тізілімге енгізу үшін өтінім берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап субъектіге берілген электрондық шот-фактуралардың деректері бойынша шикізат пен қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша айналым.

      13. Цифрлық верификация өтінім берілгеннен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

      Цифрлық верификация қорытындысы бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі өндірістік қызметтің төмен, орташа және жоғары көрсеткіші бар өтініш берушіні анықтайды.

      14. Өндірістік қызметтің көрсеткіші төмен болған кезде цифрлық верификация нәтижелері теріс болып есептеледі және веб-порталдағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар тізілімге енгізуден дәлелді бас тарту автоматты түрде жіберіледі.

      Өндірістік қызметтің орташа немесе жоғары көрсеткіші жағдайында цифрлық верификацияның нәтижелері оң болып саналады және өтінім өндірісті бағалауға жіберіледі.

3-параграф. Өндірісті бағалау

      15. Өндірісті бағалауды уәкілетті орган құрған, құрамына салалық мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері кіретін салалық комиссиялар жүзеге асырады.

      Салалық комиссиялардың құрамы мен ережелерін уәкілетті орган бекітеді.

      16. Өндірісті бағалауды жүзеге асыру мерзімі цифрлық верификация аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      17. Салалық комиссиялардың мүшелері тауарлар өндірісін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де құпиялылықты сақтайды.

      18. Салалық комиссиялар өндірісті бағалау кезінде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде, оның ішінде талдау жүргізу арқылы өндірістің, өндірістік және технологиялық операциялардың мәлімделген шарттарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады:

      1) цифрлық верификация нәтижелері;

      2) мәлімделген өндірістік және технологиялық операциялардың тауар өндірісінің мәлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістік және технологиялық операциялардың ең төменгі шегіне сәйкестігі;

      3) өндірісті оқшаулау деңгейі және елішілік құндылық үлесі;

      4) мәлімделген мәліметтерге сәйкес кәсіпорынның өндірістік қуаты.

      19. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес өндірістің, өндірістік және технологиялық операциялардың мәлімделген шарттарының орындалуын тексеру қорытындылары бойынша салалық комиссия өндірісті бағалаудың оң немесе теріс нәтижесі туралы шешім қабылдайды.

      20. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған жағдайда, салалық комиссиялар құрамында кемінде 3 (үш) салалық комиссия мүшесі бар көшпелі инспекцияны жүзеге асырады.

      21. Көшпелі инспекция жүргізу кезеңінде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген өндірісті бағалауды жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Көшпелі инспекцияға қатысу үшін салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін тарту ерікті сипатқа ие және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      22. Көшпелі инспекцияның қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшпелі инспекцияны жүзеге асырған салалық комиссия мүшелері қол қоятын өндірісті бағалау актісі жасалады.

      23. Салалық комиссиялардың шешімдері салалық комиссиялардың мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

      Көшпелі инспекция жағдайында Хаттама өндірісті бағалау актісінің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады, оны қарау қорытындысы бойынша салалық комиссия өндірісті бағалаудың оң немесе теріс нәтижесі туралы шешім қабылдайды.

4-параграф. Тізілімге енгізу туралы немесе тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдау

      24. Өндірісті бағалау нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) өндірісті бағалау оң нәтиже берген кезде өтініш беруші тізілімге енгізіледі;

      2) өндірісті бағалау теріс нәтиже берген кезде өтініш берушіге "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар дәлелді жауап жіберіледі.

5-параграф. Тізілім мониторингі

      25. Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімге енгізгеннен кейін уәкілетті орган тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей цифрлық верификация арқылы мониторингті жүзеге асырады.

      26. Қазақстандық тауар өндіруші веб-порталда тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тізілімге енгізу кезінде көзделген мәліметтерді өзектендіруді олар өзгерген кезде жүзеге асырады.

      27. Мониторинг қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, келесі мониторинг жүзеге асырылғанға дейін анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы веб-порталдағы пайдаланушының жеке кабинетіне автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

      28. Алдыңғы мониторинг нәтижелері бойынша белгіленген сәйкессіздіктер қайтадан жойылмаған жағдайда, өтініш берушіге тізілімнен шығару туралы хабарлама жіберіледі.

      29. Тізілімдегі қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушілерінің мониторингін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органды нәтижелері туралы хабардар ете отырып, тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырады.

      30. Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару веб-портал арқылы мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) тізілімге мониторинг жүргізу кезінде цифрлық верификация нәтижелері;

      2) бағдарламалық қамтылым өндірушілерінің мониторингі нәтижелері;

      3) қазақстандық тауар өндірушінің тізілімнен шығару туралы өтініші.

      Қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлға тізілімге қайта енгізу үшін өтінім береді.

      31. Қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімнен шығаруды уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның осындай қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушіні тізілімнен шығару туралы хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Қазақстандық бағдарламалық қамылымды өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шығару туралы хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға шағымдануға құқылы.

      32. Тізілімнен шығарылған қазақстандық тауар өндірушілердің Заңның 51-1-бабына сәйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқығы бар.

      Тізілімнен шығарылған қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушілер Заңның 51-2-бабына сәйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқылы.

      33. Цифрлық верификация арқылы мониторинг нәтижелері бойынша тізілімнен шығару бойынша қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтарын, шағымдарын қарау үшін уәкілетті орган апелляциялық комиссия құрады. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.

      34. Апелляциялық комиссияның шешімі уәкілетті органның орындауы үшін міндетті болып табылады.

  Қазақстандық тауар
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
№ 1-қосымша

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің нысаны

Өтінімнің тіркеу нөмірі

БСН/ЖСН

Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы

ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі (бірінші, екінші)

ӘАОЖ бойынша өңір

өндірістің нақты мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон

Өнім атауы

1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы

Өндірістік қуаты, жылына бірлік саны

10 таңба бойынша СЭҚ ТН

ЭҚТӨЖ

ТЖКБҰА

СҚҚК-3

ЕҚҮ%

Өндірістің жергіліктену деңгейі

Тізілімге енгізілген күні

8

9

10

11

12

13

14

15









  Қазақстандық тауар
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
№ 2-қосымша

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме

      20___жылғы "__"___________

      Тіркеу нөмірі № _______

      Тізілімге енгізілген күні: __________________________

      Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы: __________________________________

      БСН/ЖСН: ____________

      Заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі:

      ________________


Өндірілетін қазақстандық тауардың атауы

ЭҚЖЖ

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЭҚТӨЖ коды

ТЖК БҰ коды

СҚҚК-3 коды

Өндіріс қуаты, жылына бірлік саны

Өндірістіңжергіліктеу деңгейі

ЕҚҮ











  Қазақстандық тауар
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
№ 3-қосымша

Тауардағы елішілік құндылық үлесін есептеу

      Шет.мат.

      ЕІҚ = 100% ----------------- x 100%

      Тауардың өзінд.құны

      мұндағы,

      ЕҚҮ - тауардағы елішілік құндылық үлесі, %;

      Шет. мат. – шетелден шыққан шикізат пен материалдардың құны;

      Тауардың өзінд.құны– дайын өнімнің өзіндік құны.

      Ескертпе: дайын тауардың өзіндік құны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген) Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 11-тарауында көрсетілген шоттардан құралады.

      Дайын тауардың өзіндік құны қосылған құн салығы (ҚҚС) мен пайданы есепке алмай көрсетіледі.

  Қазақстандық тауар
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
№ 4-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында толығымен өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілер туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы

Өнімнің атауы

БСН

Тауарларды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыратын құжат / бағдарламалық қамтылымды сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама

Тауарларды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттың қолданулы мерзімі (қазақстандық бағдарламалық қамтылымды өндірушілерден басқа)







  Қазақстандық тауар
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
№ 5-қосымша

Өндірісті бағалау актісі

      Күні 20__ "__"____________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (кәсіпорынның атауын көрсетіңіз)

      _____________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан


Тексеріп-қарау өлшемшарттары

Жауап (+/-)

Ескертпе

1

Үй-жайдың болуы (қойма, әкімшілік, өндірістік)



2

Өндірістік объектінің орналасқан жерінің мекенжайының нақты сәйкестігі



3

Тауарларды өндіру кезінде мәлімделген технологиялық операцияларды орындауға арналған жабдықтың (технологиялық, зертханалық, қосалқы) болуы



4

Мәлімделген өндірістік және технологиялық операцияларды орындау



5

Мәлімделген өндірістік қуаттардың нақты сәйкестігі



      Арнайы белгілер: ________________________________________________


Өнеркәсіптік комиссия мүшелері:




(қолы)


(Т.А. Ә.)


(қолы)


(Т.А.Ә.)


(қолы)


(Т.А.Ә.)


(қолы)


(Т.А.Ә.)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады