Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39208 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 284 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Еңбек нарығының жай-күйі және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (индексі 2-Т (еңбек нарығы), мерзімділігі тоқсандық) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еңбек нарығының жай-күйі және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған Нысанда (индексі 2-Т (еңбек нарығы), мерзімділігі тоқсандық) (бұдан әрі – Нысан):

      кіріспенің жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ауданның, астананың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары.

      Ұсыну мерзімі: ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына ақпарат береді. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 12-күніне дейін ұсынады.";

      Нысанға қосымшада:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбек нарығы), мерзімділігі тоқсандық) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары деректері бойынша қалыптастырылады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) табысы аз адамдар (отбасылар) – "жан басына шаққандағы" орташа айлық табысы астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);".

      2. "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін республикалық деңгейде уәкілетті мемлекеттік орган, өңірлік деңгейде – аудандардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, еңбек мобильділігі орталықтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жұмыс берушілермен сауалнаманы жүргізу Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар бөлінісінде жүзеге асырылады.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жыл сайын 20 сәуірге дейін жергілікті атқарушы орган уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың білім басқармаларына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген "Жұмыс күшіне сұранысты болжау" әкімшілік деректердің нысанына сәйкес жұмыс күшіне сұраныс болжамын ұсынады.";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын әзірлеу;";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмерлері 37, 38 және 39-жолдардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      3. "Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтерді және тарифтердің шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Құрылтай және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші мансап орталығына Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары және ақы төлеуді көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру Қағидаларына
8-қосымша
Нысан

      ______________________________________________________________

      қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның мансап орталығының атауы".

      5. "Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      6. "Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілген қызметтерді аутсорингтеу туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Премьер-Министрдің орынбасарының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсететін қызметтерді аутсорингтеу туралы үлгілік шартта:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарт жасау орны ______________ 20___ жылғы "_____" _________

      "Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ___________ _ Еңбек мобильділігі орталығы

      (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың,

      бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) атынан негізінде әрекет ететін ________________________________________(жарғы,20____жылғы"____"

      __________№_______сенiмхат)_______________________________________________

      (қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      бір тараптан және жеке мансап орталығы ______________________________

      (атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі. "Өнім беруші" деп аталатын

      ____________________________________________ (заңды тұлғаның атауы,

      бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегі, аты, атынан әкісінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендiру нөмiрі)

      атынан әрекет ететін_______________________________________________

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, осы халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:";

      3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.".

      7. "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "еңбек мобильділігі орталығы тиісті өңірдің мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне ақпарат жолдау арқылы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның 1.2.-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      8. "Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын, мансап орталығының үлгілік ережесін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедеғы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33211 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орталық өз функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдар түрінде құрылатын мансап орталықтары арқылы жүзеге асырады.";

      15-тармақта:

      1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және еңбек ресурстарын дамыту орталығын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;

      2) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және өңірлік жұмыспен қамту картасының жобасы бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) ұлттық жобалар, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құруды есепке алуды жүзеге асырады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Электрондық еңбек биржасы Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) даму жоспарлары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда құрылатын жұмыс орындарының ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамы туралы жұмыс берушілер орналастыратын бос жұмыс орындарының есебін жүргізеді;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша аудандардың (астананың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мансап орталығының үлгілік ережесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Мансап орталығы" мемлекеттік мекемесінің филиалы______________ ауданның, астананың, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың" –(бұдан әрі – Мансап орталығы) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес заңды тұлға болып табылатын ______астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың "Еңбек мобильділігі орталығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – "Еңбек мобильділігі орталығы") бөлек құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Филиалды құратын заңды тұлғаның толық атауы:

      қазақ тілінде: "_________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) "Еңбек мобильділігі орталығы", БСН__________.

      орыс тілінде: "Центр трудовой мобильности___ области (столицы, города республиканского значения)", БИН__________.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мансап орталығының толық атауы:

      қазақ тілінде: "Ауданның, астананың, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың Мансап орталығы" мемлекеттік мекемесінің филиалы.

      орыс тілінде: Филиал государственного учреждения "Карьерный центр ______________ района, столицы, города областного и республиканского значения";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;

      "1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқаруша органдар құрады.

      2. Өңірлік комиссия қызметінің мақсаты облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Өңірлік комиссия облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен құрылады.

      4. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.";

      6-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

      2) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) мүдделі мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдардың өкілдері өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстарға шақырады және тыңдайды;

      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары мен консультанттарды (сарапшыларын) қорытынды беру үшін тартады;

      4) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардан оның функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өңірлік комиссияның құрамы облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және астана, облыс, республикалық маңызы бар қала өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі және астананың, тиісті облыстардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдары, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аудандық (қалалық) комиссияның құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, аудан деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, астананың, тиісті облыстардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.".

      9. "Жеке жұмыспен қамту картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жеке жұмыспен қамту картасы" нысанында (бұдан әрі – Нысан):

      кіріспенің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылады: аудан, қала, астана, облыстық және республикалық маңызы бар қала мансап орталықтарына";

      Жұмыспен қамтудың жеке картасындағы:

      16-тармақтың 4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      19-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      Нысанға қосымшаның он сегізінші бөлігінің бесінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке жұмыспен қамту картасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мансап орталығы (бұдан әрі – Орталық) – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;".

      10. "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33564 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың білім беру басқармалары мансап орталықтарына ұсынған ағымдағы жылғы түлектер тізімі;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін алдағы жылға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұйымдар ағымдағы жылғы түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, ағымдағы жылғы түлектер санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:";

      "5. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін алдағы жылға жұмыс орындарына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін алдағы жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мансап орталығына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.";

      тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мансап орталығына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.";

      тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мансап орталығына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.";

      тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.".

      11. "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 136 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету Қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар, қандастар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, қоныс аударушылар, босқындар;";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтармен, қандастармен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен, қоныс аударушылармен, босқындармен жұмысқа орналасу бөлігінде өзара іс-қимыл жасайды;".

  Тізбеге қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 183 бұйрығына
2-қосымша

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі

      1. Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі мыналарды құрайды:

      1) облыстық маңызы бар қалалардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген:

      бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден көп емес;

      екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      2) тиісті аудандық, облыс, ауданының маңызы бар қаланың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін:

      бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 (елу екі мың бес жүз) теңгеден көп емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады