Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 250-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39205 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлiгі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттiгiнің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 250-н/қ Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

– есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді);

     

– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтік қор қағидалары) сәйкес айқындалатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен және (немесе) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алғаны үшін тиісті есептік кезең үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жоспарлы шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);

     

– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) i-інші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, теңгемен/кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);

     

– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағатына жататын, есеп айырысу жылы үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйым сатқан электр энергия көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған нақты шығындары ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      , мұндағы

     

– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, ҚҚС-сыз теңгемен/кВт*сағ;

     

– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және (немесе) есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған, электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясының нақты көлемі теңгемен/кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде) шеккен нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

     


      , мұндағы

     

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы, теңгемен, 1 кВт*сағ;

     

– цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін, атаулы қолдау алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің тиісті сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, теңгемен (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленетін (жүзге дейін дөңгелектенеді), электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін күнтізбелік жылы жүзеге асыруына байланысты шығындарының айырмашылығы айырма күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      , мұндағы

     

– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдағы қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);

     


     

– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған электр энергиясының бір киловатт-сағатына шаққандағы есебінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты негізделген шығындары, теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);

     

– реттік нөмір 1-ден r-ге дейін өзгеретін i бойынша қосынды;

      r – тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.

     

– есепті кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жасыл тариф, теңге/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) i-інші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының жоспарлы көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген (түзетулерді ескере отырып) жасыл энергияның i-ші тұтынушысы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді).";

      4-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, ал қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      3. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      29-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, ал қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      34-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алу шарты жасалатын Қазақстан Республикасы Құрылыстық кодексі (бұдан әрі – Құрылыс кодексі) 18-тарауына сәйкес бекітілген ЖЭК пайдалану бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған кезде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалу кезінде – сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% (жетпіс пайыз) мөлшерінде:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі болатын күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде;";

      36-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

      Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткен кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні салу бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы (жетпіс пайыз) көлемінде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылатын болады, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;";

      46-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Жаңадан енгізілетін энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтары қолданылған кезде, тиісті ақпарат Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.";

      49-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған кезде, Құрылыстық кодексінің 18-тарауында сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген сатып алу шарты жасалатын адамға қатысты - сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігі ұсталған кезде - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ын (жетпіс пайыз) құрайды;";

      50-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) өзіне қатысты сатып алу шарты жасалатын Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін - қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде;";

      55-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, ал қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      67-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде БТ пайдалануға берілген және Құрылыстық кодекста белгіленген тәртіппен бекітілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;";

      73-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің, Құрылыс кодексі сәйкес бекітілген көшірмесін – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде.

      Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім егер ол аяқталғанға дейін Құрылыс кодексіне сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану объектісін салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70% (жетпіс пайыз) көлемінде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;";

      82-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін оған қатысты сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде сатып алу шарты жасалады:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары жел станциялары үшін – 48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

      Бұл ретте көрсетілген мерзімдер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін Құрылыс кодексіне сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіні салу бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;";

      88-тармақты жаңа редакцияда жазылсын:

      "88. Жаңадан енгізілетін энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтары қолданылған кезде, тиісті ақпарат Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.";

      90-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын Құрылыс кодексінің 18-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде-сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100%-ы (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұстап қалған кезде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70%-ы (жетпіс пайыз).";

      91-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Құрылыс кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде;".

      4. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      105-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "105. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.";

      5. "Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 375) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 250-н/қ
Тізбеге қосымша
Жаңартылатын энергия
көздерінің пайдаланылуына
және жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
бойынша жоспарланатын
объектілердің іске асырылуына
мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет –ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/activities/directions?lang=ru.

      Әкімшілік нысанның атауы: Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 ЖЭК нысан.

      Кезеңділік: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: ______ жылғы_______тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электрондық түрде.

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі_______________________________________________________________

      2. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы ____________________________

      3. ЖЭК пайдалану объектісінің мекенжайы ______________________

      4. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт)

      ________________________________________________________________

      5. Пайдаланатын ЖЭК түрі________________________________________

      6. Жинау нысаны (электрондық/қағаз)_________________________

      7. Жалпы жұмыс орындарының саны__________, оның ішінде:

      1) әйелдер ______

      2) ерлер ________

Көрсеткіштер

___тоқсан ішіндегі нақты өндіріс

___тоқсан ішіндегі болжамдық өндіріс


1

2

3

1

Электр энергиясын өндіру, мың киловатт сағат



2

Жылу энергиясын өндіру, гигакалория



3

Электр энергиясын босату, мың киловатт сағат



4

Жылу энергиясын босату, гигакалория



5

Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/киловатт сағат қосылған құн салығынсыз



6

Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/ гигакалория қосылған құн салығынсыз



      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы _______________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________

      қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________

      қолы

      _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе:

      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тың екі және одан көп

      түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

      Мөрдің орны:____________________________________.

  "Жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану
объектілерінің электр және
(немесе) жылу энергиясын
өндіру және босату туралы
ақпараты" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1 ЖЭК нысан, мерзімділігі: тоқсан сайын)

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1-тармақта ақпарат ұсынатын ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2-тармақта жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектісінің атауы көрсетіледі;

      3-тармақта ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі;

      4-тармақта ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі;

      5-тармақта ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станциясы, биогаз қондырғысы) көрсетіледі;

      6-тармақта энергия өндіруші ұйымдардың ақпаратты ұсыну нысаны көрсетіледі;

      7-тармақта объектіге қызмет көрсетуге тартылған жұмыскерлердің, оның ішінде әйелдер және ерлердің жалпы саны көрсетіледі.

      1-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      1-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің болжамды деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      3-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) электр желісіне босатылған электр энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      3-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) электр желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      4-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      4-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарланған жылу энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      5-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      5-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады