БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) газтүтіннен қорғау қызметі – тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, тыныс алуға жарамсыз ортада өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы қызмет;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өрт сөндіру есептобы – өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттерді орындау үшін, белгіленген нормаларға сәйкес жасақталған бір өрт техникасындағы өртке қарсы бөлімшенің жеке құрамы;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) саптық жазба – өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдардың жеке құрам саны, өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарағы мен жабдықтарының болуы және олардың дайындық дәрежесі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Аумақтық гарнизондардың өрт байланыс орталық пунктерінде телефон және радиокеліссөздерін жазу, сондай-ақ үлкен көлемді келіссөздер архивін сақтау қамтамасыз етіледі.";
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өз құзыреті шегінде гарнизонның лауазымды тұлғаларынан гарнизондағы жедел ахуалды қиындататын анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді және гарнизон бөлімшелері арасындағы радиоалмасудың дұрыс жүргізілуін, сондай-ақ осы Жарғыға 7-1-қосымшаға сәйкес фонетикалық әліпби бойынша әріптік белгілерді радиобайланыс арқылы берілуінің сақталуын бақылайды;";
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
"басшылықтың сұрауы бойынша осы Жарғыға 7-2 - қосымшаға сәйкес өрттердің хронометражын жасайды.";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ГТҚҚ бастығы:
ГТҚҚ-ға басшылық жасайды, оның қызметін бақылайды және талдайды, олардағы іс-шараларды көрсете отырып, оны жетілдіру жөніндегі шолулар мен ақпараттар әзірлейді;
аумақтық органның бөлімшелері мен газтүтіннен қорғаушылардың ТОЖҚҚ-да жұмыс істеуге даярлық деңгейі туралы ақпаратты біледі;
ГТҚҚ күштері мен құралдарының есепке алуды жүзеге асырады;
ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінің сенімді жұмысын, оқу-жаттығу кешендерінің (түтін камерасы, жылу түтін камерасы және басқалар) тұрақты әзірлігін, ТОЖҚҚ дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;
бөлімшелерге ГТҚҚ қызметін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
ТОЖҚҚ пайдалану және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
аумақтық орган мен қалалар және объектілердің авариялық-құтқару қызметтері (газдан құтқару, тау-кен құтқару және т.б.) арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастырады;
ГТҚҚ жарақтандыру үшін қосымша техникалық ресурстардың қажеттілігін айқындайды;
өрт сөндіру бөлімшелері оқу-жаттығу кешенін (түтін камера, жылу түтін камера және т.б.) пайдалану графигін әзірлейді, олардың оқуға даярлығына, сондай-ақ сабақ беру басшыларының оны өткізуге даярлығына тиісті бақылауды қамтамасыз етеді;
бөлімшелерде ГТҚҚ ұйымдастырылуын тексереді;
басқару органдары мен өрт сөндіру бөлімшелеріндегі ГТҚҚ жай-күйі жөнінде қажетті ақпаратты сұратады;
жұмыс ережесін бұзған газтүтіннен қорғаушыларды, сондай-ақ ТОЖҚҚ жұмыс істеуге рұқсаты жоқ адамдарды ТОЖҚҚ-дағы жұмыстан шеттетеді.
22. Техникалық қызмет бастығы:
бөлімшелердің жарақтануындағы өрт сөндіру техникасы мен оны пайдалану жөнінде нормативтік құжаттардың тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты біледі;
техникалық қызмет жұмысына басшылық етеді, өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ мен жабдықтарының, өрт сөндіру құралдарының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-әрекетті жүргізуге дайындығы бөлігінде гарнизон және қарауыл қызметін өткеруін бақылауды қамтамасыз етеді;
өрт сөндіру техникасының жұмысын талдайды, оның техникалық жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және оларды жүзеге асырады, оның ішінде өрт сөндіру техникаларын, ӨТЖ және жабдықтарын, бөлімшелердегі өрт сөндіру құралдарын сынаудан өткізуді бақылайды;
өрт сөндіру техникасының жол-көлік оқиғаларына шығады;
өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ мен жабдықтары, өрт сөндіру құралдарын техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК), жөндеу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруда бөлімшелердің бастықтарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;
лауазымды тұлғалардан техникалық қызмет бөлігінде осы Жарғының және өзге нормативтік актілер талаптарының орындалуын талап етеді;
аумақтық орган бөлімшелерінде техникалық қызметтің жағдайы туралы қажетті ақпаратты сұратады;
техникалық қызмет бөлігінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге өтінімді келіседі.
23. Байланыс қызметінің бастығы:
байланыс құралдарының әзірлігі мен оны пайдалану бөлігінде гарнизон және қарауыл қызметін өткеруін бақылауды қамтамасыз етеді және оның жұмысын талдайды;
қазіргі заманғы байланыс құралдарын игеру бойынша сабақтар ұйымдастырады және өзі өткізеді, байланыс қызметінің озық тәжірибелерін таратады;
бөлімшелердің байланыс құралдарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты біледі, ТҚ, байланыс құралдарын жөндеуді және пайдалануды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды;
гарнизонда радиоалмасудың орындалуын бақылайды;
аумақтық орган бөлімшелеріндегі байланыс қызметінің жай-күйі туралы қажетті ақпараттарды сұратады;
аумақтық органның құрылымдық бөлімшелері басшыларына байланыс жұмысын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
байланыс құралдарына және пайдалану-шығыс материалдарына өтінімдерді келіседі;
пилотсыз әуе кемелерін, ұялы және алып жүретін спутниктік терминалдарды (станцияларды) қолдануды ұйымдастырады, олардың сақталуын, жарамдылығын және пайдалануын бақылайды;
жедел ақпаратты командалықштабтық машиналар мен басқа байланыс құралдарын пайдаланып беруді ұйымдастырады;
жазатын құрылғылардың жарамдылығы мен жұмыс істеуін бақылайды.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қарауылдық қызметтің негізгі міндеттері:
кезекшілік кезінде қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
өртке қарсы сумен жабдықтаудың, шығу ауданына өту жолдарының жай-күйін есепке алу;
бөлімшенің шығу ауданында өртке қарсы сумен жабдықтаудың орналасқан жерлерін зерделеу, сондай-ақ жедел-тактикалық қатынастағы объектілерді деректерді су көздерінің планшетіне және жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларына енгізу арқылы зерделеу;
бөлімшелердің жеке құрамының тәртібін жоғары деңгейде ұстау;
қаланың (ауданның, объектінің) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен гарнизон бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұстап тұру үшін байланыс арналары мен құралдарының жай-күйін бақылау;
бөлімшенің үй-жайлары мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету, оларда қажет тәртіпті ұстап тұру, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қарауылдың жеке құрамы (кезекші ауысым) қарауылдық қызметін мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі күн тәртібіне сәйкес өткереді.
Бұл ретте:
арнайы-тактикалық дайындық, кәсіби қызметтік және дене даярлығы жоспарларына сәйкес қамтамасыз етіледі;
шығу ауданына жедел-тактикалық жағдайын зерделеу ұйымдастырылады;
тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен байланыстың болуын бақылау жүзеге асырылады;
жоғары шақыру нөмірі (рангі) бойынша өрт сөндіруге және ТЖ салдарын жоюға бөлімшенің қарауылдық қызметтен бос жеке құрамын (ауысым, қарауыл демалушыларынан) тарту іс-шаралары әзірленеді;
бөлімшелерде шаруашылық жұмыстары орындалады;
қарауылдық қызмет міндеттерін орындауға қажетті басқа да іс-шаралары жүзеге асырылады.";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қарауыл бастығы (аға инженер), өрт сөндіру кемесі (корабльдің) командирінің (капитан) көмекшісі;";
3-тараудың 3-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Қарауыл бастығы (аға инженер)
33. Қарауыл бастығы (аға инженер) қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және бөлімше басшысына бағынады.
34. Қарауыл бастығы (аға инженер):
жеке құрамның қарауылдық қызметін өткеруді бақылайды және ұйымдастырады, оның ішінде ішкі наряд адамдарының кезекшілікті өткеруін тексереді;
кезекшілік кезінде қарауылдың жеке құрамының дайындық жоспарын орындауын қамтамасыз етеді және сабақты өзі өткізеді;
өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ және жабдықтарды, өртсөндіргіш заттарды жедел ден қоюға әзірлеу бойынша іс-шараларды жүргізеді;
қарауылдың жеке құрамының ішінде тәртіптің сақталуын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауды қамтамасыз етеді;
ТОЖҚҚ ТҚ-ны (№ 1, 2-тексеру) және құжаттардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
күн тәртібінде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, түнгі объектілерде адамдардың болуы туралы деректер жинауды бақылайды;
осы Жарғының 77-тармағында көрсетілген, құқығы бар тұлғалардан басқа бөгде тұлғалар қызметтік үй-жайларға жіберілмейді;
қарауыл қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды әзірлейді және түзетеді;
өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына шығады және кезекші қарауылдың әрекеттеріне басшылық етеді;
өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, аса маңызды объектілердің (цехтардың) және су көздерінің орналасуын, сондай-ақ бөлімшедегі қолда бар өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарының сипаттамаларын біледі;
шығу ауданындағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты сұрайды, қарауылдық қызметті ұйымдастыру жөніндегі өкімдік және басқа құжаттармен танысады.
35. Қарауыл бастығына (аға инженерге):
осы Жарғыда көзделген жағдайлардан басқа бөлімшенің орналасқан жерінен кетуге;
қарауылдық қызметті өткерумен байланысты жағдайлардан басқа қарауыл құрамынан біреуді ауыстыруға, жіберуге;
осы Жарғыда көрсетілген жағдайлардан басқа өрт сөндіру автомобильдерін өрт сөндіру есептобынан шығаруға тыйым салынады.
36. Кемінде арнайы орта білімі көлемінде даярлығы, өрт сөндіру бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және ерекше жағдайларда бөлімшенің аса даярланған командиріне, қарауылды (кезекші ауысым) бастап өздігінше кезекшілік атқаруға жіберілген орта немесе жоғары басшы құрамның тұлғаларына ғана қарауыл бастығын (аға инженерді) ауыстыруға рұқсат етіледі.
37. Қарауыл бастығы (аға инженер) кенеттен ауырып қалған жағдайда, бөлімше басшысы (жедел кезекші), оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдайды. Қарауыл бастығының (аға инженердің) міндеті, бөлімше басшыларының біріне немесе басқа даярланған лауазымды тұлғаға жүктеледі.";
38-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бөлімшенің жеке құрамына оқыту жүргізеді және қарауыл бастығына (аға инженерге) кезекшілік кезінде даярлық жоспарын орындауға көмектеседі;";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қарауыл бастығына (аға инженерге) қарамағындағылардың аурулары, шағымдары мен оларға бекітілген ӨТҚ мен жабдықтардың жоғалуы немесе ақаулығы жөнінде өтініштері туралы баяндайды;";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"ӨТҚ мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.";
42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Бөлімнің байланыс пункті (бұдан әрі – ББП) диспетчері (радиотелефонис):
ББП барлық қолда бар техникалық байланыс және ақпаратты өңдеу құралдарына келіп түскен өрт, ТЖ туралы хабарламаларды қабылдауды, беруді және тіркеуді, шақыру орнына кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) уақытында жіберілуін жүргізеді;
кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) шығуы туралы Өрт байланыс орталық пункті (бұдан әрі – ӨБОП) және бөлімше басшылығына уақтылы баяндайды;
пайдалану және техникалық құжаттамаға сәйкес ББП техникалық құралдары мен жабдықтарының сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
43. ББП диспетчері (радиотелефонис):
бөлімшенің шығу ауданындағы жедел жағдайды;
ББП диспетчері (радиотелефонисі) жұмысты регламенттейтін, басшылыққа алатын құжаттарды, сондайақ ББПнің жеделқызметтік құжаттамасын жүргізу тәртібін;
бөлімшенің шығу ауданы, өрт және жарылыс қауіпті объектілер мен әлеуметтік маңызы бар объектілердің орналасқан жерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды, суы жоқ учаскелерді;
бірінші хабарлама жоғары ранг бойынша бөлімшелер жіберілетін объектілерді;
жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары жасалған объектілердің тізбесін;
бөлімшенің жарағындағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасын;
кезекші қарауылдардың өрт сөндіру машиналарындағы тактикалық мүмкіндіктерін;
байланыс техникалық құралдарының басқару элементтері мен ақпаратты өңдеу, сондай-ақ ББП-ға орнатылған басқа жабдықтардың техникалық сипаттамасын, жұмыс істеу қағидатын;
бөлімшелер мен басшы құрамның шақырту белгілерін;
жеке құрамды құлақтандыру және жинау схемаларын пайдалану тәртібін біледі.
44. ББП диспетчері (радиотелефонис):
1) кезекшілікке түскен кезде:
ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;
ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;
ауысатын диспетчерден (радиотелефонистен) ағымдағы шығулар, сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;
2) кезекшілік кезінде:
қарауыл бастығынан (аға инженерден) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;
байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс, ақпараттандыру, құлақтандыру құралдары мен пилотсыз әуе кемелерін қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;
тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен байланыс ұстайды және өрт немесе басқа да ТЖ аудандарына жібереді;
осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелердегі адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;
телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу "Өртке қарсы қызметі" деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: "диспетчер (радиотелефонис) Ахметова";
"101" желісі бойынша өзінің аумақтық гарнизон бастығының бұйрығымен бекітілген байланыс белгісін атайды, мысалы: "15-ші";
өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың басқа да өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу кезекші қарауылдың бастығына (аға инженерге), ӨБОП-қа баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;
қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, "Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонис) Ахметова" нысан бойынша баяндайды;
3) шақыруларды өңдеген кезде:
кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:
шақыру объектісінің мекенжайы;
объектінің атауы;
объектінің орналасқан жері туралы басқа да мәліметтерді;
не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);
нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;
ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);
адамдарға төнген қатердің болуы;
ӨБОП диспетчерінің тегін;
хабарлама алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;
ӨБОП аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды тарту жоспарымен жіберу туралы шешім қабылдайды;
шешім қабылданғаннан кейін бірден "Дабыл" сигналын береді;
қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе карточкасын қарауылдың бастығына (аға инженерге) береді;
4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:
өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстайды;
өрт немесе басқа ТЖ туралы ақпаратты нақтылайды, қарауыл бастығына (аға инженерге), ӨБОП аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін уақытты белгілеумен АЖО-да электрондық түрде тіркеуді жүзеге асырады, АЖО болмаған жағдайда осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшенің шығуын есепке алу журналына тіркейді.
45. ББП диспетчеріне (радиотелефонистке):
қызмет өткеруден алаңдауға және қарауыл бастығының (аға инженердің) рұқсатынсыз және ББП жұмысы үшін дайындалған және рұқсат етілген тұлғаның ауыстыруынсыз ББП-дан кетуге;
қарауылдың өртке немесе басқа ТЖ-ға шығуы кезінде демалуға, телефон бойынша негізгі қызметпен байланысты емес әңгімелерді жеке жүргізуге және оларға жол беруге, радиоалмасу тәртібін бұзуға;
ББП үй-жайына тексерушілерінен, гарнизонның лауазымды тұлғаларынан, бөлімше басшылығынан, қарауыл бастығынан (аға инженерден), қарауыл бойынша кезекшіден және байланыс құралдарының ТҚ көрсетуі үшін жауапты тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруіне рұқсат етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Газ-түтіннен қорғау қызметінің ұйымдастырылуы
48-1. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын тыныс алуға жарамсыз ортада жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы қызметтері бөлімшелерінде ГТҚҚ құрылады.
48-2. Жұмысқа қабілеттілігін сақтау және техникалық ақауларды дер кезінде анықтау мақсатында бөлімшелерде ТОЖҚҚ-ға ТҚК ұйымдастырылады.
48-3. ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобилінің кабинасында қауіпсіз тасымалдау шарттары қамтамасыз етіле отырып орналастырылады.
48-4. ТОЖҚҚ-тың үнемі әзірлігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде оларды күтіп-ұстау, сақтау және техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылатын ГТҚҚ бақылау бекеттері мен базалары қарастырылады.
48-5. Пайдалануды есепке алу және бақылау үшін бөлімшелерде ТОЖҚҚ бар-жоғын, оның жай-күйін және қолданылуын көрсететін қызметтік құжаттама жүргізіледі.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы өрт сөндіруді ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма бастығына бағынады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Өрт сөндіру бөлімінің (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) бастығы өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған жасақтың, өрт сөндіру бекетінің) тікелей бастығы болып табылады және:
қарамағындағылардың заңдылықты қатаң және сөзсіз сақтауына, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, жеке құрамның тәрбиесі мен тәртібіне;
арнайы-тактикалық даярлығына;
қарауыл қызметін ұйымдастыруға, бөлімшелердің өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігіне;
бөлімшенің шаруашылық қызметіне, өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ, байланыс құралдарының, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және қызметтік-тұрмыстық үй-жайларын күтіп ұстауға және пайдалануға;
түнгі уақытта қарауыл қызметінің өткерілуін айына кемінде екі рет тексерілуіне жауап береді.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қарауылдың жеке құрамы қарауыл қызметін өткеру кезінде бөлімшенің қарамағында болады. Қарауыл бастығы (аға инженер) қарауыл қызметін өткеруге байланысты тапсырмаларды орындау үшін ғана жеке құрамның бөлімшеден шығуына рұқсат береді.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Өрттен немесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулардан, сабақтардан қайтып оралған кезде қарауыл бастығының (аға инженердің) бақылауы және тікелей қатысуы арқылы кезекші қарауылды және техниканы 10 минут ішінде әзірлікке келтіру жүзеге асырылады. Бұл ретте:
жүргізушілер автомобильдерге ЖЖМ толық құяды (бөлімшеден тыс жанармай құйған кезде бөлімшенің барлық жеке құрамы шығады);
қарауылдың өрт сөндіру есептоптарының жеке құрамы, ӨТҚ және жабдықты, өрт сөндіру жеңдері мен жеке құрал-жабдықтарды ауыстырады, өрт сөндіру автомобильдерін өртсөндіргіш заттармен толықтырады;
қарауыл бастығы (аға инженер) техниканы өрт сөндіру есептобына қою және қарауылдың шығуға дайындығы туралы ӨБОП-ға баяндайды;
жүргізушілер мен жеке құрам өрт сөндіру техникасына ТҚ өткізеді, жеке гигиена шараларын жүзеге асырады.";
78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Бөлімге келген барлық адамдардан ішкі наряд немесе қарауыл бастығы (аға инженер) келу мақсатын анықтайды және бөлімшені (қарауылды) тексеру үшін келген адамдардан қызметтік куәлігін немесе тексеруге нұсқаманы көрсетуді талап етеді, одан кейін "қарауыл бастығы шығуға!", келушілерді бастыққа немесе оның орынбасарларына ертіп барады.
79. Қарауыл бастығы (аға инженер) күндізгі және кешкі уақытта "Қарауыл, тік тұр!" командасын береді, осыдан кейін қарауыл кезекшілігі туралы баяндама жасайды және келген тұлғаларды ертіп жүреді. Баяндама нысаны – "Майор мырза, бірінші қарауыл кезекшілік етеді, жеке құрам ... айналысуда (немен айналысып жатқанын, оқиғалар болған кезде сол туралы баяндайды). Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Сапаров" деп баяндама жасағаннан кейін келген тұлғаларды ертіп жүреді.";
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Тексеруші "Оқу дабылы!" командасын берген кезде қарауыл бастығы (аға инженер) кезекші қарауылдың жиналуын және шығуын ұйымдастырады. Нормативтің толық орындалғанына көз жеткізгеннен кейін өрт сөндіру автомобилінен түсіп, тексерушіге, мысалы: "Майор мырза, кезекші қарауыл "Оқу дабылы!" командасы бойынша 3 бөлімшенің құрамында шықты. Қарауыл бастығы (аға инженер) азаматтық қорғау лейтенанты Ахметов" деп баяндайды.";
85, 86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Ауысуға дайындық кезінде кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) бөлімше бастығынан немесе оны алмастыратын тұлғадан – нұсқама, ал ауысып жатқан қарауыл бастығынан (аға инженерден) – бөлімшенің шығу ауданындағы жедел жағдайдың өзгеруі туралы мәліметтер алады, содан кейін қызметке нарядты осы Жарғыға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт сөндіру бөлімінің қызмет кітабына жазба енгізеді.
86. Күн тәртібіне сәйкес кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) "Ауысымға!" командасын береді. Осы команда бойынша диспетчер үш қысқа сигнал береді. Кезекшілікке түсіп жатқан және ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымдардың) жеке құрамы жауынгерлік киімді және жарақтарды киеді (келіп түскен қарауыл қосымша ТОЖҚҚ киеді) және бөлімше бастығы белгілеген орындарда сапқа тұрады.
87. Қарауылға (кезекші ауысым) түскен жеке құрам №1 ТОЖҚҚ тексеруді қарауыл (кезекші ауысым) ауысымына дайындық кезеңінде, ТОЖҚҚ жеке бекітуі болған кезде қарауыл бастығының (аға инженердің) басшылығымен жүргізеді.
Ескертпе: ТОЖҚҚ бөлімшенің газ-түтіннен қорғаушыларына топтап бекіту кезінде №1 Тексеру бөлінгеннен кейін, кезекшілікті қабылдау кезеңінде қарауыл бастығының (аға инженердің) басшылығымен жүргізіледі.";
88-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Ауысуға дайындық кезінде кезекшілікке түсетін қарауыл бастығы (аға инженер):";
90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) қарауылдың ауысуға дайын екендігі туралы ауысып жатқан қарауыл бастығына (аға инженерге) хабарлайды.
91. Ауысып жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) жауынгерлік киімі мен жабдығы бар қарауылды кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл (кезекші ауысым) сапының алдына тұрғызады, содан кейін өз қарауыл сапының оң жақ қапталына барып тұрады.
Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) бөлімше бастығына және: "Майор мырза. Бірінші қарауыл кезекшілікке түсуге дайын. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Оспанов", - деп баяндап, содан кейін сапқа тұрады.
Бөлімше бастығы сапқа жақындаған кезде ауысып жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) "ТІК ТҰР", "ОРТАҒА түзе" командасын береді және "Майор мырза, төртінші қарауыл кезекшілікті тапсыруға дайын. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Жамбылов" деп баяндайды.
Бөлімше бастығы қарауылдар (кезекші ауысымдар) жеке құрамымен амандасады және "Еркін тұр!" деп команда береді, одан әрі кезекшілікке түсіп жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) дайындығын тексереді, ауысып жатқан қарауылдың қызметіне (кезекші ауысым) баға береді, қарауыл қызметін атқару жөнінде тапсырма береді, содан кейін "Қарауылдар, сап түзе" "Тік тұрыңдар!", "Кезекшілікті қабылдауға және тапсыруға таралыңдар!" деп команда береді. Осы команда бойынша қарауылдардың (кезекші ауысым) жеке құрамы кезекшілікті тапсыруға және қабылдауға кіріседі.
92. Кезекшілікке түсіп жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) жеке және бөлімше командирлері арқылы өрт сөндіру автомобильдерінің және ӨТЖ, байланыс құралдарының жарамдылығын, қызметтік үй-жайлардың және аумақтардың жағдайын тексереді, бөлімше қарауыл қызметінің қызметтік құжаттарын қабылдайды.
Ауысып жатқан қарауыл бастығы (аға инженер) қарауылдың қызметтік құжаттарын тапсырады және анықталған кемшіліктерді жоюға шара қабылдайды.";
94, 95, 96 және 97-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Өрт сөндірушілер мен жүргізушілер тапсыру және қабылдау қорытындысы туралы бөлімше командирлеріне, ал бөлімше командирі қарауыл бастығына (аға инженерге) баяндайды. Бекеттерден (шолғындардан) ауысқан өрт сөндірушілер, диспетчерлер (радиотелефонистер) және ішкі наряд тұлғалары өз қарауыл бастықтарына тікелей баяндайды. Мысалы: "Лейтенант мырза, техника, өрт-техникалық құралдары жарамды жағдайда және тізімдеме бойынша тапсырылды (қабылданды). Бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Смағұлов".
95. Қарауыл бастықтары (аға инженерлер) баяндамаларды қабылдап, қызмет кітабына қажет жазуларды жүзеге асырады. Қарауыл бастықтары (аға инженерлер) ауысқаны туралы бөлімше бастығына баяндайды. Мысалы: "Майор мырза, азаматтық қорғау капитаны Мұсаев кезекшілікті қабылдады (тапсырды)".
96. Қарауыл бастықтарынан (аға инженерлерден) кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндаманы қабылдап, бөлімше бастығы қызмет кітабындағы ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) жазуын тексереді, кезекшілікке түсіп жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) қызметтік наряд парағын бекітеді және "Жатыңдар" сигналын беру туралы бұйрық береді.
"Жатыңдар" сигналын беру туралы бұйрықты алған кезде диспетчер (радиотелефонист) екі қысқа сигнал береді. Ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысымның) ГТҚҚ буындарының жеке құрамы автомобильдерден бекітілген ТОЖҚҚ алады, ал кезекшілікке түсетіндер - өрт сөндіру есепке өзінің ТОЖҚҚ қояды. Осы сәттен бастап ауысып жатқан қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамы қызмет өткеруден босатылады деп саналады.
97. Қарауыл бастығы (аға инженер) кезекшілікке түскеннен кейін ӨБОП гарнизон бастығы белгілеген нысан бойынша қарауылдың (кезекші ауысым) құрамы туралы мәлімет береді.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Ішкі наряд тұлғаларының ауысу санын, дабыл бойынша қарауылдың (кезекші ауысым) шыққан уақытында бөлімшенің қызметтік үй-жайларын қорғау тәртібін бөлімше бастығы белгілейді. Ішкі наряд тұлғаларының ауысуын бақылауды қарауыл бастығы (аға инженер) немесе қарауыл бойынша кезекші жүзеге асырады.";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Қарауыл бойынша кезекшінің демалысы кезінде оның міндеттерін қарауыл бастығы (аға инженер) тағайындаған басқа лауазымды тұлға орындайды.";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қарауыл бастығының (аға инженердің) өкімімен жүргізушілерді және қарауылдың жеке құрамын бекітілген автомобильдерге қызметтік міндеттерін орындау үшін ғана жібереді;";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өрт сөндіру техникасында, жылу жүйесінде анықталған кемшіліктер және басқа да кемшіліктер туралы дереу қарауыл бастығына (аға инженерге) баяндайды.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтардың өрт (авариялар) туралы арыздарын қабылдайды және ол туралы қарауыл бастығына (аға инженерге) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды, үнемі көзге көрінетін жердегі жағдайды бақылап, өрт анықталған кезде ол жөнінде қарауыл бастығына (аға инженерге) және ББП диспетчеріне (радиотелефонистіне) хабарлайды;";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бөлімшеге келген барлық тұлғалардан ("Қасбеті алдындағы бекетші азаматтық қорғау кіші сержанты Алпысбаев" нысаны бойынша таныстырудан кейін"), олардың келу мақсатын сұрайды, содан кейін қарауыл (кезекші ауысым) лауазымды тұлғаларды шақырту сигналын қолдана отырып, қарауыл бастығын (аға инженерді), ал ол болмаған немесе демалыста болған кезінде – қарауыл бойынша (кезекші ауысым) кезекшіні шақыртады.";
көрсетілген Жарғының 5-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Жарғы осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылған 7-1 және 7-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген Жарғының 8-қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Жарғының 11-қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
20__жылғы "___"________ саптық жазба
Өрт сөндіру бөлімшелерінің, ұйымдардың атауы | ӨСБ (МӨСБ, ӨСП) штаты | Ж/қ тізімі бойынша қарауылда | Жеке құрамның шығысы бойынша | Газ-түтіннен қорғаушылар/ аппараттар | Жоқ | отын бензин/дизотын | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы | Есеп | Қарауыл бастығы | Бөлімше командирі | Жүргізушілер | Өрт сөндірушілер | Диспетчерлер (радиотелефонистер)) | Оқу демалысы/декрет | Ауру | Іссапар | Басқа себептер | ||||||||||||||||||||||||||||
1-ӨСБ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-ӨСБ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЖЭО-1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайнар а-лы ӨСП | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Есепте | Резервте | Жөндеуде | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Өртті сөндіру үшін пайдаланылатын өзге автомобильдің (техниканың) маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Өртті сөндіру үшін пайдаланылатын өзге автомобильдің (техниканың) маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Өртті сөндіру үшін пайдаланылатын өзге автомобильдің (техниканың) маркасы | ||||||||||||||||||||||||||||||
АЦ-7-40 | - | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АЦ-7-40 | АС-30 | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | |||||||||||||||||||||||||||||||||
автокөлік су тіркемесімен | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Есептегі автомобильдерде бар | Қоймадағы көбік түзгіш | Диспетчерлер (радиотелефонистер) | Қарауыл бастығы немесе оны ауыстыратын тұлғалар | бөлім бойынша жауапты | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жеңқұбырлар | ҰҰА | Спутниктік терминалдар | Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы |
"Пурга-30"/ | Тасымалы. р/ст | ТОК/Л-1 | Құтқару арқандары | көбік түзгіш есепте | ||||||||||||||||||||||||||||||
77мм | 66мм | 51мм | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-ӨСБ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-ӨСБ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЖЭО-1 КӨҚҚ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайнар а-лы ӨСП | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Гарнизон бойынша жауапты ____________________
ӨСКҚ кезекші ауысымы:
Жедел кезекші________________________________
Аға көмекші__________________________________
Көмекші_____________________________________
Аға диспетчер_________________________________
Диспетчер____________________________________
Диспетчер (радиотелефонис) ____________________
Ескертпе:
1) позициялар саны гарнизон бастығының шешімімен ұлғаюы мүмкін;
2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда саптық жазбалар журналына енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығына 2 қосымша Өртке қарсы қызмет жарғысына 7-1-қосымша |
Радиобайланыс арқылы әріптік белгілерді беру үшін қолданылатын фонетикалық әліпби
№ п/п | Әріп | Айтылуы |
1 | A | АЛЬФА |
2 | B | БРАВО |
3 | C | СИТИ |
4 | D | ДЕЛЬТА |
5 | E | ЕВРО |
6 | F | ФОКС |
7 | G | ГОЛЬФ |
8 | H | ХАЗАР |
9 | I | ИМИДЖ |
10 | J | ЖАЙНА |
11 | K | КАЙСАР |
12 | L | ЛОТОС |
13 | M | МЕЛОДИЯ |
14 | N | НЕЙТРОН |
15 | O | ОПЕРА |
16 | P | ПЛАНЕТА |
17 | Q | КВАРЦ |
18 | R | РАМА |
19 | S | СИМВОЛ |
20 | T | ТИТАН |
21 | U | ЮРТА |
22 | V | ВЕНЕРА |
23 | W | ДАБЛ-Ю |
24 | X | ИКС |
25 | Y | ИГРЕК |
26 | Z | ЗАМАН |
Ескертпе: мысалы, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі "015 UYD 02", ақпаратты беру кезінде былайша айтылады: "015 - нөл он бес, U - юрта, Y - игрек, D - дельта, 02 – нөл екі".
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығына 3-қосымша Өртке қарсы қызмет жарғысына 7-2-қосымша |
ХРОНОМЕТРАЖ _____ жылғы "__" ________ ____________ мекен жайындағы өрт фактісі бойынша
Оқиға уақыты | Кім хабарлады | Оқиғаның сипаттамасы |
05:32 | Орталық | Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне _______ мекенжайында жеке тұрғын үйдің жануы туралы хабарлама түсті |
05:33 | Орталық |
9-ӨСБ 2 бөлімшесі (1,2) АЦ-5-40, АЦ-2,5-40 |
05:34 | Орталық | Күштер мен құралдарды 1 – БИС рангі бойынша жіберу (хабарламалардың сипатына сүйене отырып) |
05:35 | Орталық | Өзара іс-қимыл қызметтерін хабарлау (102, 103, электр желісі, су құбыры қызметі, газ қызметі, АҚҚ) |
05:40 | "361" | 1-МӨСБ 2 АЦ өрт орнына келді. Үйдің шатырының ашық жануы орын алып жатыр |
05:42 | "361" | ГТҚҚ буыны жұмыс істеуде |
05:46 | "361" | АЦ ӨГ орнатылды, 30 метр қашықтықта |
05:50 | "361" | Электр желісі өрт орнында. 1 "Б" оқпаны шатырда жұмыс істеуде |
05:50 | ӨСКҚ | Өрт орнына келдім |
06:01 | ӨСКҚ | Өрт оқшауланды |
06:05 | ӨСКҚ | Объект 2 қабатты жертөле бөлмесі бар. Жертөле спортзалды орналастыру үшін қайта жабдықталған |
06:05 | ӨСКҚ | 25 ш.м. ауданында жойылды. Зардап шеккендер жоқ |
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығына 4-қосымша Өртке қарсы қызмет жарғысына 8-қосымша |
Байланыс, ақпараттандыру, құлақтандыру құралдары мен пилотсыз әуе кемелерін қабылдау-тапсыру журналы
р/с № | Күні мен уақыты | Құралдың атауы (моделі) | Сериялық номері | Жағдайы | Тапсырған тұлғаның ТАӘ және қолы | Қабылдаған тұлғаның ТАӘ және қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: журнал көлемі A4 форматындағы 200 беттен тұруы тиіс, альбомдық бағытта, әр бетте көрсетілген кесте орналастырылуы керек.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығына 5-қосымша Өртке қарсы қызмет жарғысына 11-қосымша |
