ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 309-НҚ Бұйрыққа қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33861 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ақпарат иеленушілердің ашық отырыстарына қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпарат иеленушілер – орталық атқарушы органдар және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орталық атқарушы органдар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстары жабық отырыстарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың отырыстарын қоспағанда, ашық және ақпарат пайдаланушыларға қолжетімді болып табылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ақпарат иеленуші техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып Интернет желісінде онлайн-трансляциялауды ұйымдастыра отырып, не қолжетімді цифрлық технологиялар пайдаланыла отырып ашық отырысқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.".
2. "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет порталында ақпаратты орналастыру қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Порталда астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді Порталда қолжеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бөлікте мемлекеттік органдар орналастырады.".
3. "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 94-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38097 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларында:
4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;
5) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.".
