Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 365/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39192 болып тіркелді

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 32-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 365/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 32-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биіктік есептеу жүйесі – жер беті нүктелерінің бастапқы деңгейлік бетіне қатысты биіктіктерін айқындауға арналған есептеу жүйесі

      2) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) геодезиялық негіз – жергілікті жерде бекітілген, бірыңғай координаттық есептеу жүйесіндегі геодезиялық өлшеулер негізінде айқындалған пункттердің жиынтығы.

      4) гравиметриялық есептеу жүйесі – ауырлық күші үдеуінің абсолютті немесе салыстырмалы өлшемдерін айқындауға арналған есептеу жүйесі;

      5) жергілікті координаттық есептеу жүйесі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасынан аспайтын шектеулі аумаққа қатысты белгіленетін проекцияның координаттық есептеу жүйесі;

      6) картографиялық проекция – Жер бетін бейнелеудің математикалық айқындалған тәсілі;

      7) координаттарды өзгерту – бірдей датумдарға негізделген бір координаттық есептеу жүйесінен басқа координаттық есептеу жүйесіне ауысу;

      8) координаттарды трансформациялау – бір датумға байланысты бір координаттық есептеу жүйесінен басқа датумы бар басқа координаттық есептеу жүйесіне ауысу;

      9) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      10) қорытынды – топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстарының материалдарын белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігін растайтын құжат;

      11) мемлекеттік есептеу жүйесі – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын, мемлекеттік координаттық, биіктік және гравиметриялық есептеу жүйелерінің жиынтығы.

      3. Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      4. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына жібереді.

2-тарау. Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      6. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      7. Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстарының материалдарын белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі тұрғысынан қарауға ұсыну далалық және камералдық жұмыстар аяқталғаннан кейін – мемлекеттік жер кадастрына, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына мәліметтер енгізілгенге дейін жүзеге асырылады.

      8. Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытындыны рәсімдеу және беру кезінде "Мемлекеттік есептеу жүйелерін және картографиялық проекцияларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 208 қаулысына сәйкес белгіленген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23) қолданылады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қорытынды алу туралы электрондық құжат нысанындағы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      10. Қорытынды беру туралы өтініштер, сондай-ақ оларға қоса тіркелген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын материалдар "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес қаралады.

      11. Қорытынды беру туралы өтініштер, сондай-ақ оларға қоса тіркелген таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын материалдар Қазақстан Республикасының таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қорғау туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш келіп түскен күні Тізбенің 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі ең жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған күннен бастап қорытынды беру мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері (бұдан әрі – жауапты қызметкер) өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігін тексереді.

      15. Материалдарды тексеру келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) ұсынылған материалдардың жиынтығын тексеру;

      2) метадеректер мен құжаттаманы талдау;

      3) қолданылған координаттық есептеу жүйесін тексеру;

      4) картографиялық проекция параметрлерін бақылау;

      5) координаттарды өзгертулерді талдау;

      6) координаттық байланыстыру дәлдігін бағалау.

      16. Координаттық деректерді тексеру келесі жолдармен жүргізіледі:

      1) атрибуттық ақпаратты талдау;

      2) бақылау және эталон деректерімен салыстыру;

      3) геодезиялық және кеңістіктік деректерді өңдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      17. Кеңістіктік деректердің QazTRF-23 мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігін бағалау эталондық ортофотоматериалдармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қалалар мен елді мекендер аумақтары үшін ажыратымдылығы 0,2 м ортофотожоспарлар, қалған аумақ үшін ажыратымдылығы 1 м ортофотомозаика пайдаланылады, жол берілетін шекті ауытқулар тиісті эталондық материал пикселі өлшемінің жартысынан аспауы тиіс (сәйкесінше 0,10 м және 0,50 м), ал сәйкестік туралы шешім көрсетілген ауытқулардың сандық талдауы негізінде, субъективті бағалауларды қолданбай қабылданады.

      18. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты қызметкер 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды беру туралы шешімнің жобасын немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешімнің жобасын қалыптастырады және оны келісу үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімнің жобасын қарайды және оған 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама абоненттік ұялы байланыс құрылғысының нөміріне не электрондық пошта мекенжайына, не хабарламаның жіберілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы жіберіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылығын оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады немесе білдіреді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қорытынды беру туралы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-ге сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен және (немесе) сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 365/НҚ
Топографиялық-геодезиялық,
картографиялық,
аэрофототүсірілім
жұмыстары материалдарының
белгіленген мемлекеттік немесе
жергілікті координаттық есептеу
жүйелеріне сәйкестігі туралы
қорытынды беру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады:
"Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталы" цифрлық жүйесі арқылы электрондық түрде;
көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның филиалының кеңсесі арқылы қағаз түрінде.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық/қағаз түрінде (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

8

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-дан бастап 17.00-ге дейін белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Цифрлық топографиялық карталар мен жоспарларды тексеру үшін:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) Векторлық қабаттар (GML (Geography Markup Language), SHP (Shapefile), GeoPackage немесе бекітілген формат);
3) Растрлық материалдар (бар болған жағдайда);
4) Рельефтің цифрлық моделі (жұмыстар құрамына кірсе);
5) "Геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша техникалық есептерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 611/НҚ бұйрығына сәйкес орындалған жұмыстар туралы техникалық есеп;
6) Геодезиялық негіз;
7) Дәлдікті бағалау ведомосты (орташа квадраттық қателік);
8) Шығыс және бақылау пунктерінің координаттары;
9) Құралдық өлшеу материалдары.
Құралдық өлшеу материалдарын тексеру үшін:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) RINEX форматындағы бақылау файлдары;
3) Бақылау әдістемесі туралы есеп;
4) Өңдеу және теңдестіру есептері;
5) Анықталған нүктелердің координаттары.
Ортофотожоспарлар мен аэрофототүсірілімнің нәтижелерін тексеру үшін:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) Ортофотожоспарлар (Georeferenced Tagged Image File Format немесе бекітілген формат);
3) Аэрофототүсірілім туралы есеп;
4) Фотограмметриялық өңдеу туралы есеп;
5) Сілтеме және бақылау нүктелерінің координаттары мен сипаттамасы;
6) Қолданылған рельефтің цифрлық моделі/биіктіктің цифрлық моделі туралы мәліметтер;
7) Сыртқы бағдарлау параметрлері.
Рельефтің цифрлық модельдерін/биіктіктің цифрлық модельдерін тексеру үшін:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) Модель файлдары (GRID, ASCII Grid, Georeferenced Tagged Image File Format, Triangulated Irregular Network немесе бекітілген формат);
3) Модельді жасау әдістемесі туралы есеп;
4) Шығу деректері туралы мәліметтер;
5) Бақылау биіктік нүктелерінің координаттары.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
5) топографиялық-геодезиялық, картографиялық және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкес келмеуі.

11

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішті қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
2) өтінішті қарау мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.moap@mdai.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік кәсіпорынның www.qazgeodesy.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 365/НҚ
Топографиялық-геодезиялық,
картографиялық,
аэрофототүсірілім
жұмыстары материалдарының
белгіленген мемлекеттік немесе
жергілікті координаттық есептеу
жүйелеріне сәйкестігі туралы
қорытынды беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық
даму министрлігінің "Ұлттық
геодезия
және кеңістіктік ақпарат
орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының
бас директорына
___________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты
(бар болса), тегі немесе
заңды тұлғаның толық атауы)

Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін ӨТІНІШ

      Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары

      материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу

      жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беруді сұраймын.

      1) Өтініш беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Ұйымның атауы/ Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________

      Заңды мекенжайы: ______________________________________________________________

      Байланыс тұлғасы: ______________________________________________________________

      Телефон нөмірі: ________________________________________________________________

      Электрондық пошта :____________________________________________________________

      Жұмыстарды орындау негізі (шарт, мемлекеттік тапсырыс және басқа): _________________

      2) Тексеріс түрі (қажеттісін Х белгісімен белгілеңіз):

      Цифрлық топографиялық карталар мен жоспарлар ___________________________________

      Құралдық өлшеу материалдары____________________________________________________

      Ортофотопландар және аэрофототүсірілімнің нәтижелері______________________________

      Рельефтің цифрлық модельдері (РЦМ)/биіктіктің цифрлық модельдері (БЦМ) ____________

      3) Тексеріс түріне байланысты толтыратын мәліметтер мен деректер:

      Цифрлық топографиялық карталар мен жоспарларға тексеріс жүргізу үшін:

      Объектінің атауы ________________________________________________________________

      Картаның/жоспардың масштабы ___________________________________________________

      Жұмыстар жүргізілетін аумақ (әкімшілік тиесілігі) ____________________________________

      Ауданы_________________________________________________________________________

      Қолданылатын координаттық есептеу жүйесі (QazTRF-23) _____________________________

      Координаттар дәуірі______________________________________________________________

      Биіктік есептеу жүйесі____________________________________________________________

      Қолданылған геоид моделі (бар болған жағдайда)_____________________________________

      Координаттарды анықтау әдісі_____________________________________________________

      Трансформациялау параметрлерінің болуы (қолданылған жағдайда)_____________________

      Материалдардың құрамында рельефтің цифрлық моделі болуы_________________________

      Құралдық өлшеу материалдарын тексеру үшін:

      Координаттық есептеу жүйесі (QazTRF-23) __________________________________________

      Координаттар дәуірі______________________________________________________________

      Биіктік есептеу жүйесі____________________________________________________________

      Қолданылған геоид моделі ________________________________________________________

      Қолданылған бақылау режимі _____________________________________________________

      Бақылау ұзақтығы _______________________________________________________________

      Өңдеу және теңестіру әдісі________________________________________________________

      Координаттарды трансформациялаудың болуы (бар болған жағдайда) ___________________

      Анықталған нүктелер саны________________________________________________________

      Ортофотопландар мен аэрофототүсірілімнің нәтижелерін тексеру үшін:

      Түсірілім аумағы мен ауданы______________________________________________________

      Координаттық есептеу жүйесі (QazTRF-23)__________________________________________

      Координаттар дәуірі _____________________________________________________________

      Биіктік есептеу жүйесі ___________________________________________________________

      Қолданылған рельефтің/биіктіктің цифрлық моделі___________________________________

      Қолданылған геоид моделі (GNSS қолданылған жағдайда)_____________________________

      Ажыратымдылық (GSD)__________________________________________________________

      Түсірілім күні___________________________________________________________________

      Түсірілім әдісі (басқарылатын авиация) _____________________________________________

      Сыртқы бағдарлау параметрлерінің болуы___________________________________________

      Рельефтің цифрлық модельдерін (РЦМ)/биіктіктің цифрлық модельдерін (БЦМ) тексеру үшін:

      Объектінің атауы________________________________________________________________

      Модель аумағы мен ауданы _______________________________________________________

      Координаттық есептеу жүйесі (QazTRF-23)__________________________________________

      Координаттар дәуірі _____________________________________________________________

      Биіктік есептеу жүйесі____________________________________________________________

      Қолданылған геоид моделі ________________________________________________________

      Бастапқы деректер көзі ___________________________________________________________

      Интерполяция параметрлері (бар болған жағдайда)____________________________________

      Координаттарды трансформациялаудың болуы (бар болған жағдайда)____________________

      4) Өтініш берушінің растауы:

      Осы арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын және қоса берілген материалдардың толықтығын растаймын.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      [Жасалған күні] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

     



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 365/НҚ
Топографиялық-геодезиялық,
картографиялық,
аэрофототүсірілім
жұмыстары материалдарының
белгіленген мемлекеттік немесе
жергілікті координаттық есептеу
жүйелеріне сәйкестігі туралы
қорытынды беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму
министрлiгiнің
"Ұлттық геодезия және
кеңістіктік ақпарат
орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны


Республиканское государственное
предприятие на праве
хозяйственного ведения
"Национальный центр геодезии
и пространственной информации"
Министерства искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

  Жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса),
тегі немесе заңды
тұлғаның толық атауы
__________________________

Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындының тіркеу нөмірі:_________


20___ жылғы "___" ______

      Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық

      геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы

      республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен берілді.

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_______________________________________________________

      Заңды мекенжайы:________________________________________________________________

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Ұйымның атауы / Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі / Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайы:_____________________________________________________________________

      Жұмыстарды орындау негізі (шарт, мемлекеттік тапсырыс және басқасы): ________________

      ________________________________________________________________________________

      Қорытынды 20___ж "____" ________________________________ өтініш негізінде берілді

      2. Жұмыс объектісі туралы мәліметтер:

      Объектінің атауы: ________________________________________________________________

      Орналасқан жері (әкімшілік бірлік): _________________________________________________

      Объектінің ауданы: ______________________________________________________________

      Орындалған жұмыстар түрі (қажетті жұмыс түрлері көрсетіледі):

      топографиялық-геодезиялық

      картографиялық

      аэрофототүсіру

      ортофотожоспар жасау

      рельефтің цифрлық модельдерін/биіктіктің цифрлық модельдерін жасау

      құралдардың өлшемдері

      Масштаб (бар болған жағдайда): ___________________________________________________

      3. Қорытынды:

      Жүргізілген тексеріс негізінде ұсынылған материалдар (сәйкестігі немесе сәйкес еместігі көрсетіледі):

      белгіленген мемлекеттік/жергілікті координаттық есептеу жүйесіне және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді.

      белгіленген мемлекеттік/жергілікті координаттық есептеу жүйесіне және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келмейді.

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (сәйкес келмеуі жағдайында негіз көрсетіледі)

      Ескертпе:

      Осы қорытынды материалдардың мемлекеттік немесе жергілікті координаталар жүйелеріне сәйкестігі бойынша тексеруге ұсынылған материалдарға қатысты жарамды болып табылады.

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

     



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 365/НҚ
Топографиялық-геодезиялық,
картографиялық,
аэрофототүсірілім
жұмыстары материалдарының
белгіленген мемлекеттік немесе
жергілікті координаттық есептеу
жүйелеріне сәйкестігі туралы
қорытынды беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлiгiнің
"Ұлттық геодезия және
кеңістіктік ақпарат орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны


Республиканское государственное
предприятие на праве
хозяйственного ведения
"Национальный центр геодезии
и пространственной информации"
Министерства искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі немесе
заңды тұлғаның толық атауы
__________________________

Дәлелді бас тарту

Нөмірі:_________


20___ жылғы "___" ______

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беруден мынадай себеппен бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]:

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады