"Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 179-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39122 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 73) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігі, 10-тармағының бірінші абзацы, 26-тармағының төртінші бөлігі және 30-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды "Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҰББД) есепке алуды қамтамасыз етеді.";

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелер (www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz) арқылы алынған мынадай құжаттардың болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      "Аталған құжаттарды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелер (www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:".

      "30. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды";

      Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 532 бұйрығына
қосымша

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 73) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалайтын, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген дене және (немесе) психикалық бұзылыстары бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілетін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені.

      3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) Құжаттарды қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастыратын ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін ұсынатын ұйымдарда (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) орналастырылады. Жұмыс органы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік тапсырысты орналастыру "Бірыңғай сатып алу платформасы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 12 бұйрық) сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 385 бұйрық) бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін жүзеге асырылады.

2-тарау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде берілген.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҰББД) есепке алуды қамтамасыз етеді.

      Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК) бұзылыстар санаты бөлінісінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны көрсетілген мәліметтерді конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өзінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тапсырыс орналастыру үшін конкурсты өткізу күнін, уақытын, орнын және мерзімдерін көрсете отырып, конкурстық рәсімді өткізу және мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

      Конкурстық рәсімді өткізу үшін Комиссия құрамы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия тақ саннан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адам болатын комиссия мүшелерінен құралады.

      Комиссия құрамы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің, арнайы білім беру немесе мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс саласында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен қалыптастырылады.

      Комиссия төрағасын Комиссия мүшелері жергілікті атқарушы органдар мен көрсетілетін қызметті беруші өкілдері арасынан сайлайды. Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге алмастырусыз қатысады.

      Комиссия отырыстарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия шешімдері тиісті хаттамамен рәсімделеді, оған төраға мен Комиссия мүшелері қол қояды.

      Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Комиссия құрамына жеке мүдделілігі бар тұлғалар, сондай-ақ туыстық байланыстары немесе өзге де мән-жайлары Комиссия шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін тұлғалар кіре алмайды.

      Мүдделер қақтығысы деп Комиссия құрамына кіретін тұлғалардың жеке мүдделері арасындағы қайшылық түсініледі, мұнда аталған тұлғалардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

      Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Комиссия мүшелерін шеттету тәртібі Комиссия төрағасын туындаған немесе туындауы мүмкін мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуді, Комиссия мүшесінің өзін шеттету немесе басқа Комиссия мүшесін шеттету рәсіміне бастама жасауды қамтиды.

      Мүдделер қақтығысы туындаған, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін жеке мүдделілігі бар Комиссия мүшесі дереу Комиссия төрағасына өзін-өзі шеттету туралы жазбаша өтініш береді.

      Егер комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаса, ол туралы ақпарат Комиссияның назарына жеткізілуі тиіс.

      Шеттету туралы шешім мүдделер қақтығысының туындауы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған жағдайда Комиссия отырысында қабылданады.

      Шеттету туралы шешім хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы, Комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.

      Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдері көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен кейін 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Конкурсқа қатысуға мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар көрсетілетін қызметті алушылар және:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық жіктелуге сәйкес балалардың дамуындағы бұзылыстар санаттары (есту, көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты, зердесі, сөйлеу тілі бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутистік спектрдің бұзылуы), күрделі (үйлескен) бұзылыстары) бойынша орындар санын;

      2) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайларды;

      3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайларды;

      4) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлауды (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);

      5) "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалуды;

      6) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнаулы жағдайларды, № 385 бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдарының 4-тарауына сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік ережелері бойынша арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;

      7) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

      8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

      9) "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес штат санымен;

      10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді қамтамасыз еткендер жіберіледі.

      9. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында қарастырылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы (www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz) мынадай құжаттардың болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және (немесе) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық көмек (медициналық қызмет) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда, медициналық қызметке лицензия;

      3) көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      4) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;

      5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат.

      11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және қарауды жүзеге асырады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттар түскен күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаудан бас тартуы оларды осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде қайтадан тапсыруға кедергі келтірмейді.

      Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін келесі 6 (алты) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушыға барғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келген жағдайда құжаттарды Комиссия отырысында қарау жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталғанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қойған растайтын құжаттарды ұсынады.

      Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыдан анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы құжаттарды алған күннен кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктердің жойылғанын тексеру үшін қайталап барады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші қайталап барғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Комиссияда қарауды жүзеге асырады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі қайта анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.

      15. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған көрсетілетін қызметті алушылар келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік тапсырысты осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттарды ұсынған, сондай-ақ балалардың 30%-дан астамында даму динамикасының болуын растайтын құжаттар болған жағдайда алады.

      16. Ұсынылған құжаттарды Комиссияда қарау және көрсетілетін қызметті алушыға бару нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы атауын, өтініш берген кездегі бос орындардың санын көрсете отырып сәйкестігі немесе көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келмейтіні туралы хаттама жасалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі туралы хаттама негізінде Тізбе қалыптастырылады. Тізбе және талаптарға сәйкес келмейтін көрсетілетін қызметті алушылар тізімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Комиссия шешіміне ӘРПК-мен қарастырылған тәртіпте шағым беруге болады.

      Тізбеге кірген көрсетілетін қызметті алушы нәтиже жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұзылыстар санаттарын ескеріп, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың түзету-дамыту бағдарламаларын көрсете отырып, ҰББД-да тіркелуді қамтамасыз етеді.

      17. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушылардың келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуына кедергі болмайды.

      18. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушылармен № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарын жасай отырып Тізбені ресми интернет-ресурста орналастырған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты көрсетілетін қызметті алушымен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде бір қаржы жылына жасалады.

      19. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы бос орындар туралы мәліметтерді 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпаратты интернет-ресурсында орналастырады.

      20. Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері бос орындар туралы мәліметтер негізінде ПМПК қорытындысымен көрсетілетін қызметті алушыға жүгініп, білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасады.

      Балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері шарт жасалғаннан кейін арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды алудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру балалардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жаңа шарт жасалғанға дейін тоқтатылады. Ағымдағы жылы баланы арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау алуға кезекке қайталап қоюға отбасы басқа ауданға, қалаға, облысқа көшкен немесе бала ұзақ уақыт науқастанған жағдайда жол беріледі. Даму динамикасын ескере отырып бала бір қаржы жылы ішінде арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды бір көрсетілетін қызметті алушыдан алады.

      Бос орын пайда болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұзылыс санатын көрсете отырып бос орындар туралы мәлеметтерді интернет-ресурста хабарландыру орналастыру және арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау алуды қажет ететін балалардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін хабардар ету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      21. Өткізілмеген жеке сабақтарды (науқастану, емделу, медициналық, санаторийлік-курорттық ұйымдарда сауықтырылуы мен оңалтылуы, ата-анасының бірінің немесе өзге де заңды өкілдерінің демалыста болуы себептері бойынша) өткізу үшін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші негізінде жеке кесте бойынша не қашықтықтан қосымша сабақтар ұйымдастырылады.

      22. Белгіленген бюджет шегінде мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру үшін көрсетілетін қызметті алушы әр ай сайын өткізілген сабақтарға табельді (электрондық), орындалған жұмыстар актісін, соның ішінде ата-ана немесе заңды өкіл қол қойған электрондық шот-фактураны ұсынады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүзеге асырылады:

      1) сабаққа нақты келетін;

      2) "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелген) бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасы және ПМПК қорытындысы бар;

      3) айына екі сабақта болмаған.

      24. Мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу кезінде жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

      Мемлекеттік тапсырыс көлемін есептеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) V – айына мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көлемі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      V = ∑ Nжалпы персонал

      N жалпы персонал – пәнаралық командалық және жеке бағалау қорытындылары бойынша бір балаға жеке көзделген айына мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың жиынтық нормативі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Nжалпы персонал =∑(N қызмет z * nz),

      мұнда:

      nz – пәнаралық командалық және жеке бағалау нәтижелерінің қорытындылары бойынша №385 бұйрықтың 4-тарауына сәйкес бір балаға көзделген сағат саны:

      1-топ – сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған (өз бетінше қозғалатын, зердесі сақталған), мінез-құлықтың бұзылыстары немесе қиындықтары бар, психикалық дамуы тежелген, нашар көретін, нашар еститін мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – ең аз:

      бір маманның (логопед немесе психолог немесе дефектолог) көмегі;

      көмектің ұзақтығы жылына 90 күннен бастап;

      2-топ – тірек-қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ зердесі сақталған), есту және көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, естімейтін), сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар, жеңіл және орташа зерде зақымдалуы бар, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутизм) мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – орташа:

      екі маманның (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) нұсқаушысының/ бейімделген дене шынықтыру (бұдан әрі – БДШ) мұғалімінің көмегі;

      көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен бастап;

      3-топ – күрделі (аралас) бұзылыстары бар, 2 немесе одан да көп бұзылыстары бар: көру және есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппараты мен зердесінің бұзылуы, зердесі мен есту қабілетінің бұзылуы, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутизм) және зердесінің бұзылуы және басқалары бар мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – жоғары:

      үш маманның көмегі (логопед, психолог және ЕДШ нұсқаушысының/БДШ мұғалімінің немесе дефектолог, логопед және психологтің);

      көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен 270 күнге дейін.

      2) N қызмет z – сабақтың түріне байланысты 1 (бір) қызметтің құны: жеке, кіші топтық, топтық, айына бір білім алушыға мынадай формула бойынша есептеледі:

      N қызмет z = Т z + S + А,

      мұнда:

      S – оқу шығыстарын қоса алғанда, сағатына бір балаға білім беру ұйымын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы – 0,03 АЕК құрайды;

      А – педагогтермен: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог қызмет көрсеткен кезде бір балаға арналған жабдықты амортизациялауға/сатып алуға арналған шығыстар нормасы – 0,032 АЕК;

      ЕДШ нұсқаушысы/ БДШ мұғалімі қызмет көрсеткен кезде – 0,052 АЕК;

      Z – педагог қызметін көрсететін индекс: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог, ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі;

      T – сағатына бір балаға есептегендегі психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымы персоналының еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т z = T нег z + Тжәрд z ,

      мұнда:

      T нег z = ((W z + W э/р z ) * sno + БЛА*( К Е z + К Е әбп +КЕ окп, қкп +R) * mp * mvz,

      Tжәрд z = (W z + Э жәрд z) * mvz / 12,

      мұнда:

      Tнег z – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, персоналдың еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры;

      Tжәрд z – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға жәрдемақы төлеуге арналған шығыстардың ай сайынғы көлемі;

      Wz – қызметкерлердің жалақысы мына формула бойынша есептеледі:

      W z = (ЛА z * kp + БЛА * f) * ks+БЛА * с + Қосымz,

      мұнда:

      ЛАz – айына бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы, ол БЛА-ны лауазымдық айлықақыны есептеу коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады:

      педагог-психолог – 4,25;

      мұғалім-логопед – 4,57;

      мұғалім-дефектолог – 4,68;

      тифлопедагог – 4,66;

      ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі – 4,19;

      олигофренопедагог – 4,81;

      сурдопедагог-мұғалім – 4,55;

      kp – педагогтің лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2022 жылға – 1,75;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 2;

      f - басқарушы персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:

      2022 жылға – 1,183;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,352;

      KS-мамандарға ауылдық жердегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті, 1,25 құрайды;

      қала мектептері үшін – 1,0;

      с – оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:

      2022 жылға – 0,540;

      2023 жылға – 0,636;

      2024 жылға – 0,751;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 0,878;

      Қосымz – персоналдың жалақысына қосымша ақының коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Қосым z = БЛА * (ЕЖҮz + ЕЖҮәбп + ЕЖҮокп, қкп +u z),

      мұнда:

      ЕЖҮz – педагогтердің ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:

Жыл

Психолог ЕЖҮ

Логопед ЕЖҮ

Дефектолог ЕЖҮ

Тифлопедагог ЕЖҮ

ЛФК ЕЖҮ

Олигофренопедагог ЕЖҮ

Сурдопедагог ЕЖҮ

2022 жыл

0,744

0,800

0,819

0,816

0,733

0,842

0,796

2023 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

2024 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

2025 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

      ЕЖҮәбп – әкімшілік-басқару персоналының ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:

      2022 жылға – 0,810;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,926;

      ЕЖҮ окп, қкп – оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті

      2022 жылға – 0,459;

      2023 жылға – 0,541;

      2024 жылға – 0,638;

      2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,746;

      uz – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      педагог-психолог – 1,70;

      мұғалім-логопед – 1,83;

      мұғалім-дефектолог – 1,87;

      тифлопедагог – 1,86;

      ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі – 1,68;

      олигофренопедагог – 1,92;

      мұғалім – сурдопедагог – 1,82;

      Wэ/р z – экология және радиация аймақтарында қосымша демалыс кезінде алмастырушы қызметкердің жалақы коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      W э/р z= Wz / 30 / 12 / * 9,

      мұнда:

      30 – күнтізбелік күндер саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      9 – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес демалысқа қосымша күндердің орташа саны;

      Sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      КЕz – педагогтер үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:

Жыл

КЕ психолог

КЕ логопед

КЕ дефектолог

КЕ тифлопедагог

КЕ ЕДШ

КЕ олигофренопедагог

КЕ сурдопедагог

2022 жыл

2,454

2,639

2,703

2,691

2,420

2,778

2,628

2023 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

2024 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

2025 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

      К Еәбп – әкімшілік-басқару персоналы үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2022 жылға – 2,674;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 3,056;

      КЕокп, қкп – оқу-көмекші персонал және қызмет көрсетуші персонал үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:

      2022 жылға – 1,514;

      2023 жылға – 1,785;

      2024 жылға – 2,105;

      2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2,462.

      Егер осы қосымша ақы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, КЕокп, қкп 0-ге тең болады;

      R – ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес радиациялық қатер аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер осы қосымша ақы ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда R 0-ге тең;

      mp – міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2022 жылға – 1,03;

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылға – 1,08;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті:

      жеке сабақтар үшін – 0,021;

      кіші топта орташа саны 3 бала болатын кіші топ сабақтары үшін – 0,007;

      орташа саны 7 бала болатын топтық сабақтар үшін – 0,003;

      Эжәрд z – экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қатысты қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эжәрд z = ЛА z * kp + БЛА * (f + с)

      егер осы қосымша ақы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, Эжәрд = 0.

      25. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көрсетілетін қызметті алушы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған сабақтан қалу себептері көрсетілген (қатысу табеліне электрондық түрде бекітілетін сабақтан қалу себебін растайтын құжаттардың болуы) электрондық табель, орындалған жұмыстардың электрондық актісі, соның ішінде ата-ана немесе заңды өкіл қол қойған электрондық шот-фактура ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.

      26. Орналасқан жері өзгерген жағдайда (басқа ғимаратқа/үй-жайға көшіру) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері өзгергенге дейін бір ай бұрын көшіру мерзімдерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушіге хабарлайды.

      Орналасқан жерінің өзгеруі туралы хабарлаған көрсетілетін қызметті алушы хабарлама тіркелген сәттен бастап бір ай мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушіні хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) басшының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл кнопкасын және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы.

      Аталған құжаттарды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер (www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және (немесе) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      2) көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      3) медициналық көмек (медициналық қызмет) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда медициналық қызметке лицензия.

      Ұсынылған құжаттарды Комиссияда қарау нәтижесі бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетіні/келмейтіні туралы хаттама жасалады. Өзектендірілген Тізбе көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      27. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі мен мөлшері жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалады:

      1) шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде балалар көрсетілетін қызметті алушыға бармайтын кезеңде;

      2) қабылданған, бірақ кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру (құжаттамалық растау болған кезде) жүргізілгендіктен жылына 2 (екі) айдан аспайтын уақыт көрсетілетін қызметті алушыға бармайтын балалар үшін.

      28. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік тапсырысты орналастыру келесі конкурстық рәсімге дейін тоқтатылады.

      29. Қағидалардың 26-тармағымен қарастырылған хабарлау тәртібі бұзылса көрсетілетін қызметті беруші орналасу орнының өзгергені анықталған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру келісім-шартын біржақты тәртіппен бұзады.

      30. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      31. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органға түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға рұқсат етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ
  Мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-
педагогикалық қолдауға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

25 (жиырма бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Комиссияның оң шешімі немесе дәлелді бас тарту

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері

Тегін

8.

 
Жұмыс кестесі

Құжаттарды қабылдау және қызмет нәтижесін беру уақыты демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;
3) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін алады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-
педагогикалық қолдауға
мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  (мемлекеттік орган атауы)
_______________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)

Өтініш

      Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта мекенжайы) конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      1. Осымен келесіні хабарлаймын:

      1) жаңа орындар саны (бұзылыс санаттары бойынша):

      __________________________________________________________________

      2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты контингенті:___бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ___ бала;

      3) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы___________________________. (орналастырылған/орналастырылмаған)

      2. Осы арқылы көрсетілетін қызметті алушы:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды көрсетілетін қызметті алушының нақты жобалық қуаты шегінде қабылдау бойынша талаптарды сақтауға;

      2) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген арнайы білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген ұйымдар қызметінің талаптарын сақтауға;

      3) ай сайын "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесінде өзінің:

      мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер туралы;

      педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратын толтыруға;

      4) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      5) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31505 болып тіркелген) бекітілген мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтауға кепілдік береді.

      3. Осы арқылы көрсетілетін қызметті алушы мынадай міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді:

      1) балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде қабылдау;

      2) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) және "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы _______________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні 20____жылғы "_____" ____________.

      Ескерту: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымның бланкісінде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
179-НҚ бұйрығына
2-қосымша
  Мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-
педагогикалық қолдауға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

25 (жиырма бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Комиссияның оң шешімі немесе дәлелді бас тарту

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері

Тегін

8.

 
Жұмыс кестесі

Құжаттарды қабылдау және қызмет нәтижесін беру уақыты демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;
3) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) мемлекеттік цифрлық жүйелерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін алады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ
Мүмкіндігі шектеулі
балаларды арнаулы
психологиялық-педагогикалық
қолдауға мемлекеттік білім
беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
3-қосымша

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      ___________________________________________________ мемлекеттік мекемесі (көрсетілетін қызметті беруші атауы) ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы атауы) келесі құжаттар қабылданды: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті берушінің телефоны: _____________________________ Көрсетілетін қызметті берушінің электронды пошта мекенжайы:

      ____________________________________________________________________ Құжаттар қабылданған күн: ____________________________________________ Құжатты қабылдаған: _________________________________________________. тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы Құжатты тапсырған: __________________________________________________ көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ бұйрыққа
3-қосымша
  Мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-
педагогикалық қолдауға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  (мемлекеттік орган атауы)
_______________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)

Өтініш

      Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды пошта мекенжайы) конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      1. Осымен келесіні хабарлаймын:

      1) жаңа орындар саны (бұзылыс санаттары бойынша): ___________________________________________________________________

      2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты контингенті:___бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ___ бала;

      3) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы___________________________. (орналастырылған/орналастырылмаған)

      2. Осы арқылы көрсетілетін қызметті алушы:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды көрсетілетін қызметті алушының нақты жобалық қуаты шегінде қабылдау бойынша талаптарды сақтауға;

      2) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген арнайы білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген ұйымдар қызметінің талаптарын сақтауға;

      3) ай сайын "Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесінде өзінің:

      мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер туралы;

      педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратын толтыруға;

      4) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      5) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31505 болып тіркелген) бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтауға кепілдік береді.

      3. Осы арқылы көрсетілетін қызметті алушы мынадай міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді:

      1) балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде қабылдау;

      2) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) және "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы _______________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні 20____жылғы "_____" ____________.

      Ескерту: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымның бланкісінде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ
Мүмкіндігі шектеулі
балаларды арнаулы
психологиялық-педагогикалық
қолдауға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
___________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
  ____________________________

___________________________
Ұйым атауы, мекенжайы

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

ХАБАРЛАМА

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, ______________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларымен қарастырылған құжаттардың толық ұсынылмауына және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың ұсынылуына байланысты "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тартады. Ұсынылмаған құжаттар тізімі: 1) ________________________________________; 2) ________________________________________; 3)_________________________________________.

      Орындаушы: _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Телефон:_______________________ Күні:____________________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 179-НҚ
Мүмкіндігі шектеулі
балаларды арнаулы
психологиялық-педагогикалық
қолдауға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
______________________________
____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________Ұйым атауы, мекенжайы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМА

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабын басшылыққа ала отырып, ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ___________________________________________________________ байланысты (бас тарту себебі) "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Орындаушы: _______________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Телефон:_______________________ Күні:____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады