"Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 шiлдеде № 39182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетел азаматы немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органға жазған жазбаша өтініші;

      3) пана іздеген адам – астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;

      4) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;

      5) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;

      6) уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Босқын мәртебесін алу үшін пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген күннен бастап өзі немесе Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ХЖҚЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар қоса беріледі.";

      7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Он сегіз жасқа толған шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, оған ХЖҚЖАО басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылады.

      Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетел азаматтың, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.";

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтініш беруші жүгінген күні "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Отбасын біріктіру мақсатындағы өтінішхатты қарау кезінде пана іздеген адам отбасылық қарым-қатынастарының бар екенін растайтын құжаттамалық дәлелдемелер ұсынады.

      Пана іздеген адаммен және отбасын біріктіру мақсатында оған келген шетел азаматымен немесе азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесу ұсынылған дәлелдемелердің тұпнұсқалығын айқындау не оларды алу үшін бөлек жүргізіледі.";

      23-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "пана іздеген адам ұсынған құжаттар мен материалдарға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың (мекемелердің) ақпаратына талдау жүргізеді, шетел азаматымен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижелерін бағалайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Есепке алу карточкасы пана іздеген адамның жеке ісінде сақталады. Кейіннен ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы есепке алу карточкасында (қағаз тасымалдағышта) осы шетел азаматына, азаматтығы жоқ адамға қатысты қабылданған барлық шешімдер туралы белгі қояды және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пана іздеген адам өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш берген кезде ХЖҚЖАО өтініш қабылданған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды. Өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін ХЖҚЖАО шетел азаматынан, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қояды және пана іздеген адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын бақылауды жүзеге асырады.";

      көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 281 бұйрығына қосымша
Босқын мәртебесін беру туралы
өтінішхатты тіркеу мен
қараудың қағидаларына
1-қосымша
Нысан
кімге______________________
(ХЖҚЖАО басшысының
лауазымы, тегі және аты-жөні)
__________________________
кімнен___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда))
___________________________
(қай мемлекеттің) ____________
азаматы уақытша болатын
адамның тұрақты тұрғылықты
жері ___________________
________________________
(мекенжайы)
отбасы құрамында ____ адам

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын

      мәртебесін беруді сұраймын.

      Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Туған күні және жері ____________________________________________

      Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ___________________________

      Ұлты (этникалық тиесілігі) ________________________________________

      Мынадай тілдерді білемін ______________________________________

      Қазақстан Республикасына келу күні _______________________________

      Заңды (заңсыз) келді ____________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын

      растайтын құжаттар

      _______________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















      Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы

      өтінішхатпен жүгіндіңіз бе? Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз

      __________________________________________________

      __________________________________________________ _____________________

      ____________________________ (өтініш беру күні) (пана іздеген адамның қолы)

      Өтінішхатты қабылдаған ХЖҚЖАО-ның қызметкері _________________

      _______________________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (күні)

      Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:

      Тіркелді ___________________________________________________________

      (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы) _______________________

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен

      міндеттермен таныстым. Менің және отбасы мүшелерімнің дербес деректерін

      жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

      _______________________________________________

      (қолы) (шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады