БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 30 маусымдағы № 249 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытудың оқу бағдарламасында:
3-тараудың 1-параграфында:
реттік нөмірі 64 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
64. | Азаматтық қорғау саласындағы заңдар. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғауды құрудың және оның жұмыс істеуінің негізгі міндеттері, ұйымдастырушылық принциптері | дәріс | 1 |
".
3-тараудың 2-параграфында:
реттік нөмірі 127 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
127. | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың эвакуациялық органдарының қызметкерлері | 21 |
".
2. "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмылдыру тапсырмасының (тапсырысының) және азаматтық қорғаныс бойынша санатының болуы немесе болмауы туралы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органынан алынған ақпарат;";
Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына 1-1-қосымшада 2, 3, 4, 5-тармақтарларға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережеде:
8-параграфтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды уақытша орналастыру, жылыту, тамақтандыру және заттай үлес беру пункттерін күзету;";
11-параграфтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың сауда қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.".
4. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықта:
74-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астанадан, облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін "Қазақстан" РТРК" АҚ және "Хабар" агенттігі" АҚ жылжымалы телевизиялық станциялары мен мобильді репортажды телевизиялық станцияларды пайдалануды;".
5. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10335 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"26) шомылуға тыйым салынған орын - астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары айқындаған, адамдарды шомылуға арналмаған су айдындарының ықтимал қауіпті учаскелері;";
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру, қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша экологиялық талаптарды және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді;";
7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктеріне су алуға, мал суаруға, шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарымен жүруге тыйым салынған орындар туралы және осындай ақпаратты берудің өзге де тәсілдері туралы жеке тұлғаларға ақпарат береді;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Су кодексі 65-бабының 4-тармағының екінші бөліміне сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Су айдынындағы бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы осы Қағидалардың талаптарын жеке тұлғалар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, осы Қағидалардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды көздейді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жеке тұлғалардың су айдындарындағы жүріс-тұрыс тәртібі";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
3-бөлімнің реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Жеке тұлғалардың су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары | 1 |
".
6. "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"АҚМЖ, оның кіші жүйелерінің және буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығы, аумақтық органдармен (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың департаменттерімен, облыстық маңызы бар қалалардың басқармаларымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерімен) келісу бойынша АҚМЖ түрлі деңгейдегі басшы органдары қабылдайды.".
7. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес растайтын материалдарды қоса бере отырып):
базасында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық органдарына;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және олардың базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық органдарының аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне) ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:
1) уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына;
2) орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.
Бұл ретте азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның жұмылдыру органдарымен ұйымдық түрде біріктірілуі мүмкін;
3) азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.";
1-қосымша осы тізбенің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларында:
10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтық қорғаудың медициналық құралымдары үшін - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары әзірлейді және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді.";
жол:
"
р/с № | Құралымдарың атауы | Құралымдар жеке құрамының саны | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана | Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала | Қалалық аудандар | Селолық аудандар |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
р/с № | Құралымдардың атауы | Құралымдардың жеке құрамының саны | Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар | Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала | Қалалық аудандар | Селолық аудандар |
".
9. "Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларында:
4-2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.".
10. "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат жария және ашық болып табылады және халыққа азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі.";
4-қосымшаның реттік нөмірі 3 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың эвакуациялық органдарының қызметкерлері | 3 жылда 1 рет |
";
реттік нөмірлері 8 және 9 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Аумақтың азаматтық қорғаныс бастығы айқындайтын тақырыптар бойынша кешенді оқу-жаттығулар (облыстарда, қалаларда және ауылдық жерлерде) | Азаматтық қорғаныс бастығы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның мүшелері, азаматтық қорғаныс қызметі, азаматтық қорғаныс құралымдары, ұйымдар, эвакуациялық органдар, тұрғындар |
3 жылда 1 рет | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | |
9. | Облыстардың, қалалардың және ауылдық аудандардың төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс туралы командалық-штабтық оқу-жаттығулары | Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық ішкі жүйелерінің басқару органдары | Жыл сайын | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | "Көктем", "Қыс", "Жер" және "Өрт" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде өткізуге рұқсат етіледі |
";
реттік нөмірі 11 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Арнайы-тактикалық- оқу-жаттығулар | Азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары, шұғыл ден қою жасақтары | Жыл сайын | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
".
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерімен ұсынылатын әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: базасында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының атауы: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-(АҚ).
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20__ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: базасында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде.
р/с № | Азаматтық қорғаныс іс-шаралары | Бар / орындалды | Жоқ / орындалмаған |
А | 1 | 2 | 3 |
1 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы | ||
2 | Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы | ||
3 | Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру | ||
4 | Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы құқықтық актінің болуы | ||
5 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | ||
6 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы | ||
7 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы | ||
8 | Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі |
Мекенжайы______________________________________________________
Телефоны________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________________
_____Кәсіпкерлік санаты ___________________________________________
(микро, кіші, орта, ірі)
Орындаушы ___________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: 2-(АҚ), кезеңділігі: жылдық)
1. 1-8-жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.
2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "бар/орындалды" қойылады.
3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "жоқ/орындалмаған" қойылады.
4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.
5. 1-8-жолдар міндетті түрде толтырылады.
6. 1, 2, 4, 6, 7 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, құқықтық актілердің, сертификаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдарымен ұсынылатын әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының атауы: Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-(АҚ).
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20__ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде.
р/с № | Азаматтық қорғаныс іс-шаралары | Бар / орындалды | Жоқ / орындалмаған |
А | 1 | 2 | 3 |
1 | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің (бұйрық, қаулы, шешім) болуы | ||
2 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы | ||
3 | Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы | ||
4 | Эвакуациялық комиссия құру туралы құқықтық актінің болуы (бұйрық, қаулы, шешім) | ||
5 | Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы | ||
6 | Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру | ||
7 | Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы ұйым басшысының құқықтық актісінің болуы | ||
8 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | ||
9 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы | ||
10 | Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің, оның ішінде локалды құлақтандыру жүйесінің болуы | ||
11 | Азаматтық қорғау бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жиынтығының және азаматтық қорғау бойынша бұрыштың болуы | ||
12 | Әрбір әкімшілік және өндірістік ғимаратта көп бейінді кабинеттің немесе бір-бірден азаматтық қорғау бұрышының болуы | ||
13 | Ұйым басшысы бекіткен оқу топтары, сабақ жетекшілері тізімінің және сабақ өткізу кестесінің болуы | ||
14 | Азаматтық қорғау саласында өткізілген сабақтарды есепке алу журналының болуы | ||
15 | Ұйым қызметкерлерінің азаматтық қорғау саласында оқытудан өткені туралы анықтамаларының болуы | ||
16 | "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 тіркелген) 81 тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы | ||
17 | Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі | ||
18 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болуы, оларды жұмысқа әзірлікте ұстау | ||
19 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы |
Мекенжайы______________________________________________________
Телефоны________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________________
Кәсіпкерлік санаты _______________________________________________
(микро, кіші, орта, ірі)
Орындаушы ___________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
| Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдар ұсынатын әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме" (индекс: 3-(АҚ), кезеңділігі: жылдық)
1. 1-19 жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.
2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "Бар/орындалды" қойылады.
3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "Жоқ/орындалмаған" қойылады.
4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.
5. 1-10, 13-17, 19 жолдар міндетті түрде толтырылады.
6. 1-7, 9, 13-16 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, сертификаттардың, тізімдердің, журналдардың, анықтамалардың, тауарларды босатуға арналған жүкқұжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
7. 11-жол қызметкерлер саны қоса алғанда 100 адамға дейінгі азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.
8. 12-жол қызметкерлер саны 100 адамнан асатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.
9. 18-жол ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастары болған кезде толтыруға міндетті.
