"Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 шiлдеде № 39172 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) цифрлық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;";

      6-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      11-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Өтінімдерді қабылдау және қарау бойынша цифрлық жүйе/интернет-ресурс болмаған/іркілістер болған кезде, өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) және (немесе) оның міндетін атқарушы адам қол қойған PDF форматындағы электрондық құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште ұсынылады. нөмірленген түрде.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:

      1) бірыңғай папкаға қалыптастырылады;

      2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;

      3) араб цифрларымен толассыз нөмірлеу;

      4) өтініш беруші мөрінің (бар болса) бедерімен әр парақтап куәландырылады.

      Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады:

      1) тіркелген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;

      2) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар/ақпарат (Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігі туралы Сертификат/Декларация, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің үзінді-көшірмесі);

      4) тарату процесінде болудың болмауы;

      5) кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 11-тармақты, 20-тармақты және қосымшаны қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев
     

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 29 маусымдағы
№ 338 бұйрығына
Қосымша
Өнеркәсіптік гранттар
беру қағидаларына
қосымша

      Өнеркәсіптік грант алуға өтінім

Өтініш берушінің атауы

Өнеркәсіптік грант алу үшін қажетті материалдар топтамасымен осы өтінішті жолдайды.

Жоба атауы:


Басым тауарлар тізбесіне сәйкес өнім атауы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды)


Өнеркәсіптік гранттың сұратылған сомасы, теңге (санмен және жазумен)


Толық жоба құны, теңге (санмен және жазумен)


      Өтініш беруші туралы ақпарат

Өтініш берушінің атауы:


Құрылған күні:


Тіркеу деректері:


Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)


Банктік деректемелер, есеп шоты, валюталық шоты, банктік жеке код


Алынған және өтелмеген теңге және валюталық кредиттерді қоса алғанда,


Телефон (мобильді, жұмыс)


Электрондық пошта мекенжайы


Ресми сайт


Өтініш беруші кәсіпорнының көлемі:


 
Шағын (100 жұмыскерге дейін және орташа жылдық табыс 300 мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес)


 
Орта (100 бастап 250 жұмыскерге дейін және орташа жылдық табыс 300 мыңнан 3 млн. айлық есептік көрсеткішке дейін)

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі (төрттаңбалы)


Жұмыскерлердің нақты саны, оның ішінде:


инженерлік-техникалық қызметкерлер


әкімшілік-басқарушы қызметкерлер


Басқа


Құрылтайшылар (қатысу үлесін көрсетумен (болған жағдайда):


Бірінші басшы туралы ақпарат:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________


Білімі/Ғылыми дәрежесі/берілген жылы


Телефон (мобильді, жұмыс)


Электрондық пошта мекенжайы


Лауазымы


Байланыс мекенжайы


Жауапты адам:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________


Телефон (мобильді, жұмыс)


Электрондық пошта мекенжайы


Лауазымы


Байланыс мекенжайы


      Жоба туралы қысқаша ақпарат

Жоба мақсаты:


Жоба міндеттері:


Жобаны іске асыру орны


Жобаны іске асыру мерзімі


Өткізу нарығы (ел, өңір)


Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:


 
Иә


 
Жоқ

"Иә" болса, қандай көлемде, бағдарлама атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет

Жоба командасының құрамы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жобадағы лауазымы/ Негізгі жұмысындағы лауазымы

Жұмыс тәжірибесі (жобаны іске асыру үшін қажетті)

Жобаға қатысуы (%)






Өнеркәсіптік грант туралы қандай көздерден білдіңіз?


 
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның сайты


 
өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының сайты


 
өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының таратуы


 
өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының семинарлары, конференциялары


 
теледидар


 
әлеуметтік желілер

      Осымен ұлттық институт, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып сараптамалық бағалау жүргізу кезінде осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ өтініш беруші туралы деректерді, барлық дереккөздерден кредиторлық берешектің бар (жоқ) екендігі туралы мәлеметтерді, оның ішінде корпоративтік кредиттік есеп жинауға өз келісімімді беремін.

      Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дәйексіз деректерді ұсыну фактілері анықталған кезде өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді. Дәйексіз ақпарат ұсынған кезде өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдердің және ілеспе құжаттаманың қолдануға және таратуға қандай да бір шектеулері жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтымайтынын растаймын.

      Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берген сәтте банкроттық сатысындағы не дәрменсіздік нәтижесінде таратылған, мүлкіне тыйым салынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе болған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, меншік иесі және бірінші басшысы болып табылмайтынымды растаймын.

      Осы арқылы сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары

      шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растаймын.

      Осымен өнеркәсіптік гранттар беру шарттарымен келісетінімді растаймын. Талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар парақта қоса беріледі.

      Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы: _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Ескертпе: өтініш ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе уәкілетті адам қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) өзгерген кезде Ұлттық институтты хабардар ету қажет.

Өтініш беруші атынан
қол қою өкілеттігі бар
тұлғаның лауазымы

__________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________ (қолы)

      Материалдарды және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі

      (Ұлттық институтпен толтырылады)

Алған күні:

20 __ жылғы "_____" ________________

Өтінімнің тіркеу нөмірі

№_____

Тіркеуші

__________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________ (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады