ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 462 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрілер және жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамсыз ету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келіп түсетін әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдарын) қабылдауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және көліктегі полиция департаменттері (бұдан әрі – (К)ПД), қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – (К)ҚАПО) (К)ПД бастықтарының бұйрықтарымен әкімшілік және азаматтық істер бойынша алынған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау және бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар (бұдан әрі- комиссия) құрылады.".
2. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 299) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (бұдан әрі – пиротехникалық заттар мен бұйымдар) сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңды тұлғалар қызмет көрсететін аумағында дайын пиротехникалық өнімдерді сату үшін арнайы жабдықталған үй-жай және (немесе) сақтау қоймасы орналасқан ішкі істер органына пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға рұқсатты алу үшін № 254 бұйрығымен бекітілген 14-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсынады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсат үш жылдық мерзімге беріледі.
Рұқсат беруден уәжді бас тарту рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Мынадай:
1) №254 бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көзделген негіздермен;
2) сақтау орны осы Қағидалардың 10-34-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қауіптілігі ІV сыныптық пиротехникалық заттар мен бұйымдар астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі Полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД, КПД) аумақтылығы бойынша сақтауға рұқсат берген орны бойынша қоймалардан басқа да заңды тұлғаларға сатылады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Ішкі істер министрлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес импортқа (экспортқа) арналған лицензияларды келіседі немесе импортқа (экспортқа) лицензияға келісуден бас тартады.".
3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының бұйрығына:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) азаматтық және қызметтік қаруды сату - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың, қару өндірумен айналысатын заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген лауазымды адамдардың, қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, аңшылық шаруашылығы ұйымдарының, спорттық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының, қаруды, оның ішінде жеткізіп беруші заңды тұлға арқылы немесе осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда оларсыз жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаларға қару немесе патрондарды сатуы;";
17-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) шетел азаматтарының;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Кеден органдарының тексерісінен өткеннен кейін аң аулауға, спорттық іс-шараларға қатысуға не оларды экспонаттау үшін жеткізілген оларға тиесілі қарулар мен патрондарды тиісті іс-шараларға қатысу үшін шақыруды рәсімдген заңды тұлғаларға береді.
Қару мен оның патрондарын беруді қару есепте тұрған ішкі істер органдарын хабарландырғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";
45-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) шетел азаматтары;";
63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсынылған құжаттардың дұрыс емес және (немесе) ондағы құжаттардың қолдан жасалғаны белгілері анықталған жағдайда, ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтердің біліктілік талаптары немесе рұқсат талаптарына сәйкестілігін дәлелдеу үшін болмағанда және рұқсат алу мүмкіндігін жоятын Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлар туындағанда "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасына 6, 7, 8, 10, 11 және 12-қосымшаларының 11-тармағына Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) белгіленген сәйкес рұқсат беруден бас тартылады.";
67, 68, 69, және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде газды тапаншалар мен револьверлерді сатып алады.
68. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қаруды, өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша рұқсат алмай сатып алады.
69.Туристік мақсатта, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтары азаматтық қаруды, өздері сол елдердің азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініштері бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететін жағдайда ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша жалпы негіздерде сатып алады.
70.Шетел азаматтарымен өздерi әкелген азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.";
94-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Одан әрі пайдалануға жарамсыз азаматтық, қызметтік немесе спорттық қару және оның патрондары одан әрі жою үшін астанының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД, КПД) арттехқару-жарақ қоймаларына ұйымдар тапсырады (осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда). Жою қағидаларын қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Түгендеуді бастар алдында комиссия мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының қару мен патрондар айналымы және оларға түгендеу жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын зерделейді;
2) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемелерінің, осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нөмірлік есепке алу тізімдемелерінің және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес қару мен патрондарды түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомостерінің бланкілерін дайындайды, оларды белгіленген тәртіппен тіркейді. Бұл ретте қару мен патрондардың қалдықтарын көрсетілген құжаттарға алдын ала енгізуге жол берілмейді;
3) пломба салу құралдарының және пломба салу материалдарының болуы салыстырып тексеріледі, олардың деректемелері қарудың сақталуына жауапты тұлғаларда немесе ұйым басшыларында бар пломба салу құралдарынан ерекшеленеді.";
135-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қалалық елді мекендерде (астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады;";
143-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтарына өздеріне тиесілі қаруды аң аулауды жүргізу орындарында, спорттық жарыс немесе оқу-жаттығу атыс өткізу кезінде пайдалануға жол беріледі.";
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"190. Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетел азаматтарына (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде аумақтық ішкі істер органдарына (қорытынды алу орны бойынша):
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру (ережені);
2) қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім);
3) әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат, атыс орны мен тирдің жұмыс істеуіне рұқсат) ұсынады.";
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"192. Шетел азаматтарына аңшылыққа қатысу үшін аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады, осы үшін олар:
1) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетел азаматымен (аңшымен) аң аулауға шарт жасайды;
2) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімін алады;
3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға арналған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт) шетел азаматтарынан (аңшылардан) алады.
Мүдделі аңшылық шаруашылығы ұйымының өтінішінде әкелінетін патрондар саны, шетел азаматының паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі.";
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"197. Шетел азаматына марапаттық қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болуы қажет.";
көрсетілген Қағидаларға 27 және 28-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4."Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қарумен оның патрондарын сатып алуға рұқсатты беру кезіндегі рұқсат талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
| Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 27-қосымша |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты №__________
__________ қаласы "___" __________ 20___ ж.
Осы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты бұдан әрі "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" деп аталатын ________ЖШС директоры ________атынан бір тараптан және бұдан әрі "Қару иесі" деп аталатын _________ екінші тараптан осы Келісімшартты оны аумақтық полиция органдарына "Азаматтық және қызметтік қаруын иемдену құқығына рұқсат алу" үшін жасасты.
1. Келісімшарт мәні
1.1. Тараптар болашақта осы келісімшарт жасау кезінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасауға міндеттенеді.
2. Келісімшарт шарттары
2.1. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_ұсынуға міндеттенеді.
2.2. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 134-тармағымен белгіленген талаптарына сәйкес жабдықталған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_____ ұсынуға міндеттенеді.
2.3. "Қару иесі" осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей негізгі келісімшартты жасауға міндеттенеді.
2.4. "Қару иесі" "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" ұсынған (резервтік) қаруды сақтау орнына бір орынға айына _______теңге есебінен төлеуді міндеттенеді. Мерзімі 3 күнтізбелік айынан кешіктірілмей.
2.5. "Қару иесімен" Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, төленген сома қайтарылмайды.
2.6. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен" Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, "Қару иесіне" төленген сома толық көлемде қайтарылады.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы келісімшарт тараптары жағынан келісімшарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісті үлгіде орындамағаны үшін кінәлары болғанда айтылғандары үшін жауапты болады.
3.2. Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамағны немесе тиісті орындамағаны үшін кінәлары болмағанда, міндеттерді бұзған тарап дәлелдейді.
4. Дауларды шешу тәртібі
4.1. Осы келісімшарттың шарттарын орындау кезінде туындауы мүмкін дауларды тараптар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібінде достық жолмен шешуге тырысады: келіссөздер жүргізу, хат алмасу, келісімшарттың шарттарын айқындау арқылы.
4.2. Өзара қабылдауға жарамды шешімдерге қол жеткізбеу жағдайында тараптар даулы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртіппен шешуге құқылы.
5. Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыру
5.1. Осы келісімшарт тараптармен олардың өзара келісу негізінде оның іс-әрекеті және тараптардың осындай әрекеттерін шақырған объективті себептердің болуы кезеңінде өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін.
5.2. Осы келесімшарттың өзгерістер және/немесе толықтыруларының салдарлары тараптардың өзара келісулерімен немесе келісімшарт тараптарының талабы бойынша сотпен анықталады.
5.3. Осы келесімшарттың шарттарын өзгерту және/немесе толықтыру бойынша тараптардың келісімдерінің егер олар жазбаша түрде ресімделу, келісімшарт тараптары қол қою және тараптардың мөрлерімен басу (болса) жағдайында күші бар.
6. Келісімшартты бұзу мүмкіндігі мен тәртібі
6.1. Осы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
7. Уақыт бойынша келісімшарттың іс-әрекеті
7.1. Осы келісімшарт тараптар қол қою күнінен бастап заң күшіне енеді және 105 (жүз бес) жұмыс күн жарамды.
7.2. Осы келісімшарттың іс-әрекетін тоқтату ол бойынша тараптардың міндеттерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ тараптарды егер осы келісімшартты жасау немесе орындау кезінде орын алған бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
Директоры: ________ /__________/ Қару иесі: _______/________/
*Ескертпе: 01.07.2019 жылғы ҚР ІІМ-нің № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, келісімшарттың бірінші данасы қарудың иесіне беріледі, екінші дананы қарудың (патрондардың) иесі қаруды болашақта тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына береді, үшінші дананы қаруды және оның патрондарын орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
| Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 28-қосымша |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау келісімшарты № __________
____________ қаласы "___" _________20____жылы
Бұдан әрі "Сақтаушы" деп аталатын ________ЖШС ("Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен") ________атынан Мемлекеттік тіркеу туралы 20__ жылғы "___" ______ БСН № ____________ куәлігі негізінде қолданылатын бір тараптан және бұдан әрі "Сақтауға тапсырушы" деп аталатын ______________________________________________________________________
(азаматтың жеке басын куәландыратын құжат атауы: нөмірі, кім және қашан берді, тұрғылықты мекенжайы)
екінші тараптан осы Келісімшартын (бұдан әрі "Келісімшарт") төмендегілер туралы жасасты.
1. Келісімшарт мәні
1.1. Сақтауға тапсырушыға (бұдан әрі "Қару") тиесілі және 20___ж. "___" _________ № _____ Қабылдау актісіне сәйкес Сақтаушыға сақтауға берілген азаматтық, қызметтік қару мен/немесе оның патрондарын сақтау бойынша қызметі болып табылады.
2. Тараптардың міндеттері
2.1. Сақтаушы оған Сақтауға тапсырушы берген Қаруды сақтауға және көрсетілген Қаруды сақтап, қайтаруға, сондай-ақ Сақтауға тапсырушыға сақтаумен байланысты қосымша қызметтерді (осындай қызметтердің құрамы мен бағасы Келісімшартқа жеке қосымшасымен ресімделеді) көрсетуге міндеттенеді.
2.2. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының талабы бойынша қабылданған Қаруды талап бергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде (сағат 09-00-ден сағат 19-00-ге дейін уақыт аралығында), бұл ретте Беру актісін ресімдеп, беруге немесе қайтаруға міндетті.
2.3. Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға сақтауға берілген сол Қаруды беруге немесе қайтаруға міндетті.
2.4. Сақтаушы оған берілген Қарудың сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының" 134-тармағымен көзделген міндеттерді, шараларды қабылдауға міндеттенеді.
2.5. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының келусінсіз оған беріген Қаруды пайдаланбауға, оны үшінші тұлғаларға пайдалану мүмкіндігін ұсынбауға міндеттенеді.
2.6. Келісімшартпен негізделген сақтау мерзімі өтуі бойынша Сақтауға тапсырушы бір жұмыс күні ішінде Келісімшартты ұзарту, не болмаса сақтауға берілген Қаруды алып кетуге міндетті. Егер Сақтауға тапсырушы белгінген мерзімде өз Қаруды алып кетпесе, Сақтаушы бір жұмыс күні өтуі бойынша бұл туралы полиция органдарына осы қаруды аумақтық полиция органдарына жауапты сақтауға, полиция органдарының рұқсатымен Қаруды қоймада уақытша сақтауға тапсыру (шешім қабылданға дейін) туралы хабарлайды. Сақтауға тапсырушы Келісімшарттың 3-бөлімінде белгіленген бағаларға сәйкес қосымша сақтау мерзімін толық төлеуге міндетті.
2.7. Сақтауға тапсырушы қаруды Сақтаушыға таза және майлы күйінде – Қаруды сақтау кезеңінде консервациялау үшін жарамды түрінде ұсынуға міндетті.
2.8. Сақтауға тапсырушы сақтауға тазаланбаған және майланбаған Қаруды және осы тот өзгерістерінен пайда болған қарудың негізгі және құрамды бөліктерін тапсыру кезінде Сақтаушы жауапты болмайды.
2.9. Сақтауға тапсырушының талабы бойынша Сақтаушы құрал-саймандарды және шығын материалдарды: бидай шүберек, бейтарап, әмбебап және Сақтаушымен бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес ақы үшін ұсынылатын басқа да майлау түрлерін не болмаса Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес қаруды тазалау мен майлауды қоспағанда, қаруды тазалау және майлау үшін тегін орын (шеберүстел) ұсынуға міндетті.
2.10. Сақтауға тапсырушы сақтауға құрғақ және таза күйінде қапталған түрінде (картонды, пластикалық немесе металдық қораптар) Патрондарды ұсынуға міндетті.
2.11. Сақтауға тапсырушы сақтағаны үшін Сақтаушыға осы Келісімшартпен көзделген шарттардағы көлемінде сыйақыны төлеуге міндетті.
3. Келісімшарт сомасы және есеп тәртібі
3.1. Осы келісімшарт бойынша сақтағаны үшін сыйақы Келісімшартқа Қабылдап алу актісі негізінде айқындалады, мұнда сақтауға тиесілі қарудың бірлік саны көрсетіледі және айына бір сақтау орын үшін ________ теңге құрайды. Егер сақтау мерзімі бір айдан аз болса, төлем бүкіл айға алынады. Сақтау орны осы Келісімшарт мақсатында 1 (бір) бірлік қару немесе 60см(ұзындығы) х30см(ені) х50см(биіктігі) өлшемдерімен оқ-дәрілерді сақтау алаңы болып табылады.
3.2. Сақтағаны үшін сыйақы Сақтаушыға Келісімшарт жасағанда төленеді.
3.3. Бағаға Сақтауға тапсырушы жеке Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес төленетін Қаруын қоймаға/қоймадан жеткізу бойынша қызметтер құны енгізілмеген.
3.4. Сақтау ____ ай, ____ бірлік қару (патрондар орны) төлеу сумасы ___ (жоғарыда көрсетілген сандарды сөзбен жазу керек).
4. Тараптардың жауапкершілігі және форс-мажорлық жағдайлар
4.1. Сақтаушы егер жоғалып кету, жетіспеушілік немесе бүлдіру күштің салдарынан болуын дәлелдемесе, Қарудың жоғалып кетуіне, жетіспеушілігіне немесе бүлдіруіне жауап береді.
4.2. Қарудың жоғалып кетуімен, Сақтауға тапсырушыға келтірілген залалдарды Сақтаушы Қарудың қалған бағасы көлемінде тараптардың келісу бойынша анықталатын оны тапсыру жай-күйін ескере отыра, өтейді.
4.3. Егер Қарудың жоғалып кету немесе бүлдіру қаупін қоюға қажетті сақтау жағдайлары өзгерсе, Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға хабарламай, сақтау орнын өзгертуге құқылы.
4.4. Сақтауға тапсырушының өтінші бойынша Келісімшартпен белгіленген мерзімі өтуіне дейін сақтау тоқтатылса, Сақтаушы толық сома көлемінде сыйақыны қалдыруға құқылы.
4.5. Егер Сақтаушы жауап беретін сақтау мән-жайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылса, ол сыйақының сомасын Сақтауға тапсырушыға қайтаруға міндетті.
4.6. Келісімшарт бойынша оның шарттарын орындау кезінде, егер міндеттерді тиісті орындау күштің салдарынан (форс-мажор) болғанын дәлелдемесе, өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті үлгіде орындамаған тараптар жауапты болады.
5. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі
5.1. Осы Келісімшарт 20___ж. "___" _____ 20___ж. "___" ______ аралығындағы мерзімге жасалған және Келісімшарт жасау күнінен бастап күшіне енеді.
5.2. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі полиция органдары Сақтауға тапсырушыға берген азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс.
6. Өзге де жағдайлар
6.1. Осы Келісімшартпен көзделмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
6.2. Осы Келісімшарт бойынша даулар туындау жағдайында тараптар оларды келіссөз жүргізу арқылы шешуге барлық шаралар қабылдайды. Егер тараптар келісімге келе алмаса, келіссөздер арқылы дауларды шешпесе, осы дау сот органдарында қарауға жатады.
ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
Сақтаушы: ________ /__________/ Сақтауға тапсырушы: _______/________/
*Ескертпе: 01.07.2019 жылғы ҚР ІІМ-нің № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, келісімшарттың бірінші данасы қарудың иесіне беріледі, екінші дананы қарудың (патрондардың) иесі қаруды тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына береді, үшінші дананы қаруды және оның патрондарын орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.
