БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
__________________________
2026 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
__________________________
2026 жылғы "___"_________
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
19-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдар астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың терроризмге қарсы комиссиясы үйлестіруімен тұрақты негізде ұйымдастырады. Бұл ретте терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының террористік сипаттағы өзекті қатерлер туралы хабардар болуын арттыру және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қаупін азайту) жағдайлар жасау жөніндегі, сондай-ақ ықтимал террористік қатерлерден болатын салдарды барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін сабақтар өткізу арқылы олардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді.;
2) республикалық, астаналық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) және терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы басшылығының шешімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің директорларымен және персоналымен, объектілерді күзетуді жүзеге асыратын МКҚ бөлімшелерінің полиция нарядтарымен эксперименттер жүргізу арқылы жүзеге асырылады";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Паспорттың жобасы объектілердің басшыларының немесе оларды ауыстыратын адамдар объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарлама алған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады."
3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 324 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
4. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 458 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37192 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген 5-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
