ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) есеп – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысын көрсететін уәкілетті органның, жұмылдыру тапсырмалары бар мемлекеттік органдардың, сақтау пункттерінің және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымдар есеп беру құжаттамасының нысаны;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – шарт негізінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) мемлекеттік орган – жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе одан жұмылдыру тапсырмасы алынған орталық атқарушы орган, не болмаса Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган;";
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есепті дайындау кезінде осы Қағидалардың 5–10-тармақтарына сәйкес сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымдар жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына жыл сайын түгендеу жүргізеді.
14. Түгендеу тізімдемесінің негізінде сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырмасы белгіленген ұйымдар жыл сайын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есепті 4 (төрт) дана етіп жасайды, оның бір данасы сақтау пунктінде немесе жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымда қалады, екінші данасы - мемлекеттік органға ұсынылады, үшінші данасы ведомствоға, төртінші данасы - жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға 10 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Түгендеу тізімдемесінің негізінде ведомстволық бағынысты ұйым немесе жұмылдыру тапсырмасы белгіленген ұйым жартыжылдық негізде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 шілдедегі және 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есепті 3 (үш) дана жасайды, оның бір данасы ведомстволық бағынысты ұйымда немесе жұмылдыру тапсырмасы белгіленген ұйымда қалады, екінші данасы ведомствоға, үшінші данасы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Есепке 5-қосымшаға сәйкес сақтау пункттерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда және жұмылдыру тапсырмасы белгіленген ұйымдарда сақтауда тұрған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат көрсетілген түсіндірме жазба қоса беріледі. Есепке басшы, бас бухгалтер және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының сақталуына жауапты адам қол қояды.
15. Ведомство сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйым ұсынған есептердің негізінде жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының есептік деректеріне талдау және салыстырып тексеру жүргізеді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы жиынтық есеп жасайды, оған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының ақшалай түрдегі бар-жоғы және қозғалысы мен сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымның есептілігі туралы мәліметтер қамтылған жиынтық кестелер қоса тіркеледі. Жиынтық есепке жұмылдыру резервінің тұтастай алғанда және жеке салалар бойынша жай-күйін көрсететін түсіндірме жазба, ағымдағы проблемалар мен жұмылдыру резерві саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қоса беріледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
____________________________
(толтыру бойынша құпиялылық белгісі)
____________________________________________________________
(жұмылдыру тапсырыстары белгіленген сақтау пунктінің немесе ведомстволық
бағынысты ұйымның және ұйымның атауы)
Түгендеу тізімдемесі (салыстыру ведомосы) № ____ 20 ____ жылғы "___"
Комиссия құрамында
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы "___" _____ бұйрықтың негізінде ______________болуын тексерді
Тексеру орны _______________________________________________________
Материалдық жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі___________________________
жол № | материалдық құндылықтардың атауы | тексеру кезінде іс жүзінде шыққаны | ||||
номенклатуралық (түгендеу нөмірі) | өлшем бірлігі | бағасы | саны | сомасы | ||
Жиыны... | ||||||
Кестенің жалғасы
бухгалтерлік есеп деректері бойынша | түгендеу нәтижелері | Жаңартуда тұрған материалдық құндылықтар | ескертпе | |||||
саны | сомасы, теңге | кем шыққаны | артық шыққаны | |||||
саны | сомасы, теңге | саны | сомасы, теңге | жаңартылудағы көлем | жұмылдыру резервіне кері салу күні | |||
Жиыны:
1) реттік нөмірлері ___________________________________________________
(жазумен)
2) бірліктердің жалпы саны, іс жүзінде __________________________________
(жазумен)
3) сомасына, теңге ____________________________________________________
(жазумен)
Комиссия төрағасы ______________ _______________ ________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ______________ _______________ _______________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
______________ _______________ _______________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
______________ _______________ _______________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Осы түгендеу тізімдемесінде аталған №__ - №___ аралығындағы барлық материалдық құндылықтарды түгендеу комиссиясы менің (біздің) қатысуыммен/қатысуымызбен заттай түрде тексерді және олар тізімдемеге енгізілді, осыған байланысты тіркеу комиссиясына наразылығым (наразылығымыз) жоқ.
Тізімдемеде санамаланған материалдық құндылықтар менің (біздің) жауапты сақтауымда (сақтауымызда).
Материалдық жауапты адам (адамдар)__________ "___" ____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Осы тізімдемеде көрсетілген деректерді және есептемелерді
________________________________ тексерді "____" _________________
(лауазымы)(қолы) (Т.А.Ә.)
Жіберіледі ………………………………………………………………………
(алушының атауы мен мекенжайы)
Сақтау пункті және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымдар"
……………………………………………………………… (атауы)
Министрлік (ведомство) _______________________________
Сақтау пункті және жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымның мекенжайы
___________________________
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы
туралы 20 жыл бойынша есеп
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлш. бірл. | Бекітілген номенклатураларға сәйкес жинақтау көлемі | Салынған жылы | Жыл басында | |||||
Броньнан шығарылған | Броньнан шығарылмаған | Барлық жиналғаны | ||||||||
саны | сомасы | саны | сомасы | саны | сомасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы
Жыл аяғында | Жетіспеушілік | Ескертпе | ||||||
Броньнан шығарылған | Броньнан шығарылмаған | Барлық жинағы | ||||||
саны | сомасы | саны | сомасы | саны | сомасы | саны | сомасы | |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Мөрдің орны (болған жағдайда) Кәсіпорын басшысы ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас есепші __________________________(қолы) (Т.А.Ә.)
Жұмылдыру қызметкері/жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының
сақталуына жауапты адам __________________________(қолы) (Т.А.Ә.)
| Бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
____20__ жылғы жағдай бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының болуы және қозғалысы туралы есепке түсіндірме жазба
1. Сақтау пунктінің немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымның атауы.
2. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бекітілген номенклатурасына сәйкес өлшем бірліктеріндегі материалдық құндылықтардың атауы.
3. Жұмылдыру резервінің бекітілген номенклатурасына сәйкес материалдық құндылықтарды жинақтау көлемі
4. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын салу жылы.
5. Бухгалтерлік есептің нақты деректерін көрсете отырып, есепті жылдың басындағы материалдық құндылықтардың болуы (саны және сомасы мың теңгемен).
6. Есепті кезеңдегі материалдық құндылықтардың қозғалысы:
1) броньнан шығарылған – саны мен сомасы мың теңгемен (растайтын құжаттардың деректемелері көрсетіледі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының, уәкілетті органның бұйрығының, нарядтың, қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні және т.б.);
2) броньнан шығарылмаған — саны мен сомасы мың теңгемен;
3) барлығы жинақталған — есептік деректермен расталған саны мен сомасы мың теңгемен.
7. Есепті кезеңнің соңында материалдық құндылықтардың болуы:
1) броньнан шығарылған – саны мен сомасы мың теңгемен;
2) броньнан шығарылмаған – саны мен сомасы мың теңгемен;
3) барлығы жинақталған – есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қорытынды болуы.
8. Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі – нақты болуы мен есептік деректердің (заттай көрсеткіштерде және сомада, мың теңге) арасындағы анықталған алшақтықтар, сондай-ақ оларды жою бойынша қабылданған шаралар көрсетіледі.
9. Ескертпелер – жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алу және олардың қозғалысының нәтижелеріне әсер ететін қосымша мәліметтер көрсетіледі (мысалы, сақтау мерзімін өзгерту, қайта пысықтау, бүліну, қайта бағалау, есептен шығару және т.б.).
10. Қорытынды – есепті күндегі жағдай бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын есепке алу және сақтау жай-күйі туралы қорытынды жасалады.
Сақтау пунктінің немесе филиал басшысының қолы.
Сақтау пунктінің немесе филиал бас бухгалтерінің қолы.
