"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 243-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39146 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 32078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      12-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "объектінің ақпараттық желілерін қорғауды ұйымдастыруға, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге;";

      70-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "70. Эксперименттер жүргізу эксперименттерге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тараптармен алдын ала келісілген террористік қатер туындаған кезде объектінің қауіпсіздігін және терроризмге қарсы қорғанысын бірінші кезектегі іс-қимылдарға қамтамасыз ететін, тексерілетін объектіде террористік тұрғыдан осал, объектінің меншік иелерінің, басшылары мен лауазымды адамдарының, қауіпсіздік, күзет және өзге де ұйымдардың персоналдарының дайындығы, террористік тұрғыдан осал болып табылатын күзет-режим шараларын бағалау мақсатында терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіз жедел штабының қамқорлығымен жүзеге асырылады.";

      89-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "89. Паспорттың жобасы объектінің меншік иесі, иесі, басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарлама алған сәттен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады (жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша өзге де объектінің күрделілігін ескере отырып, паспорт жасау мерзімдері 15 күнге ұзартылады).";

      116-тармақтың тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "бейне аналитика жүйесі (бетті тануды, объектілер мен ахуалдарды анықтауды қамтамасыз ететін интеллектуалды цифрлық жүйелер);";

      123 және 124-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "123. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазаны № 69-қе бұйрығымен (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      124. Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар "Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бұйрығында көзделген бейнебақылау жүйелерінің төменгі техникалық шарттарына сәйкес келеді.";

      180-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "180. Хабарлау дабылын жеткізу "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 123-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

123

Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазаны № 69-қе бұйрығымен (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады





  ";

      реттік нөмірі 180-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

180

Хабарлау дабылын жеткізу "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес жүзеге асырылады





  ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағы үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады