"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 24 маусымдағы № 241 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.
2. Ақшалай өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 44-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекет есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін әскери қызметшілердің тамақтануға жұмсаған шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі.
Әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында қабылдау орнына дейін және кері қарай жол жүрген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іссапарда болған жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.
3. Ақшалай өтемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге асырылмайтын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрліктің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті тарапынан қалыптастырылады.
5. Ақшалай өтемақы төлеу келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қызмет атқаратын әскери бөлім командирі бұйрығының тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айға шаққандағы ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.
6. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде әскери бөлім кадр қызметінің әскери бөлімнің қаржы бөлімшесіне ұсынатын деректері негізінде жүзеге асырылады. Аталған деректер келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің заңнадамада көзделген көзделген жағдайларда мемлекет есебінен тамақпен қамтамасыз етлуіне негіз болатын әскери қызмет міндеттерін ақаруын растайды.
7. Өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.
8. Өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.
9. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге бір мемлекеттік мекемеден басқасына қызмет бабында ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орнына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тамақтандыру ұйымдастырылмайтын әскери бөлімдер мен бөлімшелер тізбесі
р/с | Әскери бөлім атауы | Бөлімше атауы |
