БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12675 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары Еңбек кодексінің 16-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес бекітілген нормаларға (бұдан әрі – Нормалар) сай беріледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер беру тәртібі";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері жұмыскерлерге өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша кәсіптік аурулар мен уланудың алдын алу, олардың денсаулығын нығайту мақсатында беріледі.
5. Сүтті бірдей тамақ өнімдерімен жұмыскердің және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерімен алмастыруға жұмыскерлердің келісімімен жол беріледі және ұжымдық шарттың шешімімен немесе жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.";
7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде және ұйымның медициналық-санитариялық бөлімінің келісімімен түскі ас кезінде беріледі. Жоғары қысым жағдайында (кессондарда, барокамераларда, суда жүзетін жұмыстарда) жұмыс істейтін жұмыскерлерге диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері шлюзға өткеннен кейін беріледі.
8. Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, сондай-ақ, толық жұмыс күнін құрылыс, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу және іске қосу баптау жұмыстарында өткізетін жұмыскерлерге, негізгі жұмыскерлерге, жөндеу персоналына диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері белгіленген ерекше зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін өндірістердегі жабдықтарды тазалауды жүргізетін, жөндеу және консервацияға дайындайтын жұмыскерлерге беріледі.
9. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері:
1) жұмыс істемейтін күндері;
2) демалыс күндері;
3) қызметтік іссапар күндері;
4) өндірістен қол үзіп оқу күндері;
5) сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері көзделмеген басқа жерлердегі жұмыстарды орындаған күндері;
6) еңбек қабілетінен уақытша айрылған кезеңде берілмейді.
10. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер өткен уақытқа немесе бірнеше ауысымға алдын ала беруге, сондай-ақ өз уақытында алынбаған сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері үшін өтемақы төлеуге рұқсат етілмейді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Еңбек жағдайының ерекше зияндылығына байланысты жұмыс берушінің есебінен диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін алатын жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген басқа да азық-түлік берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
