ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші абзацтарын, 3-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он жетінші, он сегізінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 26 маусымдағы № 85 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 12, 12-1 және 12-2-қосымшаларға сәйкес жүргізілетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу және электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату және (немесе) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъектілерді қоспағанда, Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізу жөніндегі Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін жөніндегі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, контейнелермен, контрейлерлік жөнелтімдермен, жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.";
13-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
15-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
| "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына 15-қосымша". |
2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару", "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" және "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) конкурстық құжаттама – конкурстық өтінімді дайындау үшін электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде табиғи монополия субъектісі орналастыратын, конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар топтамасы;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – портал) – табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын портал.";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жүгінеді.";
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, бұдан әрі қорытындылар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің көліктік қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісуін алу туралы өтінішхат;
2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;
3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесін;
4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесін ұсынады.";
37-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37-2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";
41-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы қабылдайды және қабылданған хабарламалар тізілімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына және өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды.";
48-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"48-1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейік-келісімшарттар жасасу энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның цифрлық сатып алу платформасында жүзеге асырылады.";
50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50-1. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі (Бірыңғай сатып алу платформасы) арқылы жүзеге асырады.";
129-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы конкурстың нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 142-тармағында көзделген біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін бір өтінім ұсынылған жағдайда, мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, мәліметтері мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде);";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) өтінім берілген күнге әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін жалпы белгіленген салық салу режимін қолдану туралы мәліметтер.";
152-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшамен толықтырылсын:
"11) әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрады;
12) әлеуетті өнім берушіде қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзіндісінің болмауы.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде расталатын мәліметтер (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған жағдайда).";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) баға ұсынысын беру күніне мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін әлеуетті өнім берушінің жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолдануы туралы мәліметтер.";
178-15 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) конкурсты өтпеді деп тануға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде – осы конкурс бойынша құжат:
конкурстық комиссияны бекіту туралы бұйрық;
конкурстық құжаттама;
конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы; конкурс қорытындылары туралы хаттама;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері;
табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында не электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру;";
194-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда – уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына оның интернет-ресурсында орналастыру үшін берумен, сондай-ақ Заңның 25-бабы 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде орналастырумен және (немесе) өзектілендірумен;";
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"199. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1, 3, 4 және 5-нысандар бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша құрылыс объектілерін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беруге сәулет және қала құрылысы органының өтінішін қарау нәтижесін қабылдауды және беруді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскері тұтынушының жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады және өтінішке "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын осы Қағидалардың 216-тармағының 1) тармақшасында, 223-тармағының 1) тармақшасында, 261-тармағының 1) тармақшасында, 272-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар туралы мәліметтерді қоса береді.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілген кезде тұтынушы осы Қағидалардың 216, 223, 261 және 272-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін береді.";
201-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"201. Осы Қағидалардың 205-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түсетін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады.";
261-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалды түрде расталған келісімі (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға жергілікті атқарушы органдардан өтініш осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша;";
284-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"284-1. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде:";
1-1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-2-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-3-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаның 3-нысаны осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақтың 30-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30-1) жаңғыртуды сатып алудың цифрлық платформасы – цифрлық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуға, "кілтпен" келісімшарттар жасасуға, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы бөлігінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге арналған цифрлық платформасы;";
3-тармақтың 164) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"164) экономикалық ресурстар – өндірістік-шаруашылық қызметте пайдаланылатын, табиғи (шикізат, геофизикалық), еңбек (адам капиталы), күрделі (физикалық капитал – негізгі құралдар), айналым қаражаты (материалдар), цифрлық ресурстар, қаржы (ақша капиталы) ресурстары болып бөлінетін көздердің, құралдардың жиынтығы;";
15-тармақтың 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1) Заңның 25-бабының 6-2-тармақшасына сәйкес цифрлық объектілерден алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;";
208-36 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, инвестициялық бағдарлама жобасының тиімділігін есептеу, оның ішінде субъектінің технологиялық процесін басқарудың цифрлық жүйелерін енгізу және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу көзделетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша субъектінің инвестициялық бағдарламасы жобасының тиімділік көрсеткіштері;";
208-85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"208-85. Субъект тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.";
247-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар – үшінші топ.";
269-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар – үшінші топ.";
341-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іске асырылатын технологиялық және и техникалық іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, оның ішінде субъектінің технологиялық процестерін басқарудың цифрлық жүйелерін енгізуді және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (болған кезде) енгізуді көрсете отырып, оның ішінде инвестициялық бағдарлама жобасының тиімділік есебін көздейтін осы Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша субъектінің инвестициялық бағдарламасы жобасының тиімділік көрсеткіштері;";
343-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Субъектінің технологиялық процесті басқарудың цифрлық жүйелерін енгізу және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;";
374-3-тармақтың 5-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарау қорытындылары жаңғыртуды сатып алудың цифрлық платформасында көрсетіледі.".
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын саралауды ескере отырып, жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:
тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;
тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;
тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар.
4. Босату тарифі мыналар үшін қолданылады:
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушыларға;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына және оның ведомстволарына;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілеріне.
Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі
5. Тұтынушылар бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаны есептеу тұтынушылардың бірінші тобына арналған электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады, уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мынадай формула бойынша айқындайды:
Бсарал1 = Zқолд. * k, теңге / кВтсағ (ҚҚС-сыз), мұндағы:
Zқолд. – бірінші топқа арналған қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
k –тұтынушылардың бірінші тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:
1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;
2) инфляцияға ықпалын;
3) өнеркәсіптік өндірісті дамыту деңгейін;
4) энергия үнемдеу үшін ынталандырулар жасауды ескере отырып айқындайтын электр энергиясының шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
6. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:
Zi – тұтынушылардың топтары бойынша саралаусыз шекті баға;
Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарланған жылдық көлемі, кВт.сағ.;
V1 –тұтынушылар бірінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
V2 –тұтынушылардың екінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
7. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда, үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:
V3 – тұтынушылардың үшінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
8. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).
Тұтынушылар топтары бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеудің бақылау мысалы
Мысал:
Бастапқы деректер:
Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)
Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)
k = 1,07
Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде:
V1 = 750,8 млн.кВтсағ.
VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ.
Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:
VII = 800,0 млн.кВтсағ.
VIII = 827,0 млн.кВтсағ.
Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).
1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал I = Zқолд. * k, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98
2. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)
Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).
3. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:
Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ.
Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)
Бсарал3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI) – (Бсарал2 * V2))/ V3.
Бсарал3 = ((16,50 * 2377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).
Ескертпе:
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) Барлық кіші түрлері бойынша. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу немесе шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Тіркелімге енгізу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. economy. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат _______________________(мәміле мәні)
1. Негіздеме:
Себептер | Мақсаттар | Міндеттер | Экономикалық орындылықты есептеу |
(экономикалық орындылығын есептеуді көрсете отырып, мәмілені жасаудың себептері, мақсаттары мен міндеттері)
2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3. Мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын мәліметтер
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделген | Мәмілені ескере отырып тарифтік сметаның жобасы | Ауытқу | |
Мың тенге | % | ||||
4. Мүлікті бағалау туралы мәліметтер
Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының атауы | Мүлікті бағалауға мемлекеттік лицензия туралы мәліметтер (нөмірі және берілген күні) | Табиғи монополия субъектісінің мүлкін бағалау туралы есепті жасау күні және нөмірі | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) атауы | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) қалдық құны | Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) нарықтық құны | Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының қорытындысы |
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ______________
20___ жылғы "____" ___________ (қолы).
Уәкілетті органның келісімін алу туралы қолдаухат
__________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет атауы)
Табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру (тарату) қажеттігінің негіздемесі
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Жаңадан пайда болатын әрбір заңды тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтер
(қайта ұйымдастырылған жағдайда)
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін _____________________________________________
20___ жылғы "____" ___________ (қолы).
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісуін алу туралы өтінішхат; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) тарифті жоғарылату; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. economy. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) Барлық кіші түрлері бойынша. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісуін алу туралы өтінішхат; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) тарифті жоғарылату; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. economy. gov. kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
"Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) тарифті жоғарылату; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Конкурсқа қатысуға өтінім
Конкурстың атауы мен нөмірі:________________________________________________.
Жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің
атауы мен саны (көлемі):_____________________________________________
Жеткізілетін тауарлардың сипаттамасы мен функционалдық, техникалық, сапалық және
пайдалану сипаттамалары: ___________________________________________.
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен орны:
__________________________________________________________.
Тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды
қоса алғанда, қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауардың, жұмыстың және қызметтің
бір бірлігі үшін теңгемен баға:
__________________________________________________________.
Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты
шығыстар енгізілген қосылған құн салығын есепке алмағандағы тауарлардың, жұмыстардың,
қызметтердің теңгемен жалпы бағасы:
_________________________________________________________
Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын егжей-тегжейлі ашатын сметалық есеп
немесе құнның калькуляциясы:____________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды
орындау, қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға)
берілуі мүмкін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі: ______________________________.
Өтінім берілген күнге әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу
жүргізілетін жалпы белгіленген салық салу режимін қолдану туралы мәліметтер____________________________________________.
Осы өтініммен оның тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіремін.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы (қолы, күні)
