ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ТСОБТ) – тіркеу және есепке алу субъектісі енгізетін мемлекеттік бақылау нысандары туралы мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ электрондық форматта олардың тіркелуі жүзеге асырылатын цифрлық жүйе;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау актілері уәкілетті органда тіркеледі.";
6-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік кодекстің 148-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдері ұзартылған кезде тіркеу және есепке алу субъектісі тексерілетін субъектіні (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті тұлғасын, жеке тұлғаны) ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тіркеу және есепке алу субъектілері Кәсіпкерлік кодекстің 129-бабының 16-тармағында көзделген бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеруді, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүргізу нәтижелері туралы уәкілетті органды олар аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде № 1-П карточкасын ТСОБТ-ға нәтижелер туралы талонды ұсыну жолымен хабардар етеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тіркеу және есепке алу субъектілері уәкілетті органды тексеру басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталғаны және мемлекеттік бақылауды жүргізу нәтижелері туралы № 1-П карточканы, талон-хабарламаны және нәтижелер туралы талонды ол аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде, сондай-ақ комиссия жұмысы басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде аварияның тергеп-тексерілгені туралы ТСОБТ-ға ұсыну жолымен хабардар етеді.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мемлекеттік бақылау немесе олардың нәтижелері жарамсыз деп танылған және (немесе) олардың күші жойылған, есептен шығарылған жағдайда, тіркеу және есепке алу субъектісі осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген тәртіппен ТСОБТ-ға тиісті талонды жіберіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ТСОБТ-ға қол жеткізудің болмауына әкеп соқтырған техникалық ақау (электрмен қоректендіруді және байланыс желілерін ажырату/зақымдау, цифрлық жүйе жұмысының ақауы) (бұдан әрі – техникалық ақау) жағдайында тіркеу және есепке алу субъектісі қағаз жүзінде "Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тіркеу журналында" тіркеу үшін уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз форматта бақылау актілерін жібереді.
Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті", осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акті" қағаз нысанда осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тексеруді тағайындау туралы, профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актілерді, профилактикалық бақылау және (немесе) тексерулер мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тіркеу туралы мөртабанды" қою арқылы тіркеледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тіркеу және есепке алу субъектісі талон-хабарламаны мынадай жағдайларда:
1) шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен тексеруге қатысатын тұлғалар құрамының өзгеруі кезінде;
2) профилактикалық бақылау және (немесе) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі мен шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау кезінде.
Бұл ретте Салық кодексінің 163-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, профилактикалық бақылау және (немесе) тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау себептерін көрсету қажет;
3) Кәсіпкерлік кодекстің 148-бабында көзделген жағдайларда профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған кезінде қойылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Профилактикалық бақылау мен тексеру мерзімі аяқталған кезде тіркеу және есепке алу субъектісі (нақты аяқталу мерзімінен кешіктірмей) ТСОБТ-де профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы талон толтырады, оның мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (банктік құпия) тексеру нәтижелері туралы актіні қоспағанда, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тексеру нәтижелері туралы акт" және осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама" электрондық түрде автоматты қалыптастырылады.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайларда тіркеу және есепке алу субъектісі профилактикалық бақылау және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеру нәтижелерін қоспағанда, осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тексеру нәтижелері туралы актіні", осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес анықталған "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы" қоса тіркей отырып, профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы талонды уәкілетті органға ұсынады.";
20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1. Профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру және (немесе) жүргізу нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда тіркеу және есепке алу субъектілері жедел ден қою шараларын немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шараларын қолданады.
Тіркеу және есепке алу субъектілері жедел ден қою шараларын немесе ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шараларын қолданған сәттен бастап үш сағат ішінде уәкілетті органды ТСОБТ-ға нәтижелер туралы талон толтыру арқылы хабардар етеді.
Жедел ден қою шараларын немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шараларын қабылдау туралы қадағалау актісі жарамсыз деп танылған және (немесе) оның күшін жойған жағдайда, субъект тіркеуде және есепке алуда осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген тәртіппен ТСОБТ нәтижелері туралы талонның мәліметтеріне түзету енгізіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тексерулерді жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау тәртібі және мерзімдерінің ерекшеліктері, бақылау актілерін, нәтижелерін рәсімдеу және тексерулердің аяқталуы:
мемлекеттік кірістер органдары үшін Салық кодексімен;
кеден органдары үшін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен;
бәсекелестікті қорғау саласындағы органдар үшін Кәсіпкерлік кодекстің 20-тарауымен;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдесіндегі № 6-НҚ Нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген);
мемлекеттiк реттеу, бақылау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалауды жүзеге асыратын органдар үшін "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
прокуратура органдары үшін "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен және "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен балалардың тамақтануына, тұруына, медициналық көмекке, білім алуына, тәрбиесіне және сауықтырылуына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне);
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен балалардың тамақтануына, тұруына, медициналық көмекке, білім алуына, тәрбиесіне және сауықтырылуына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын баланың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне);
өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ТСОБТ-да профилактикалық бақылау мен тексерулерді тіркеу мен есепке алудың электрондық форматы жүзеге асырылады.
Тіркеу және есепке алу субъектілері профилактикалық бақылау мен тексерулердің есепке алуға қалыптастыруға және жүргізуге, мәліметтерді ТСОБТ-ға енгізу арқылы тәуекелдерді басқару процестерін электрондық форматта автоматтандыруға қатысады.
ТСОБТ-ны қалыптастыру және цифрлық жүйелердің өзара іс-қимылы тексерілетін тексеру субъектілерінің (объектілерінің), сондай-ақ тіркеу және есепке алу субъектісінің электрондық форматта болуының аумақтық қағидатына сәйкес техникалық даярлығына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
ТСОБТ-ға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын, тұтастығын, объективтілігін және уақтылығын қамтамасыз ету тіркеу және есепке алу субъектісінің бірінші басшысына, сондай-ақ профилактикалық бақылау мен тексеруді жүргізуге жауапты тұлғаға жүктеледі.
1-П карточкасының және талон-хабарламаның деректемелерін тексеруді жүргізуге жауапты тұлға толтыруға тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы талонның деректемелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізген (жүргізгендер) лауазымды тұлға (тұлғалар) толтыруға тиіс.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ға қол қоюға өкілеттігі бар адам ол арқылы куәландырған электрондық форматтағы бақылау актілері, қағаз жеткізгіштегі бақылау актілерімен тең.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшасы алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 18-1-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 19-қосымша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, он үшінші, он төртінші, қырқыншы, қырық үшінші, қырық жетінші, қырық сегізінші, елуінші, елу бірінші, елу екінші және елу төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының міндетін атқарушы |
Ж. Умиралиев |
Мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы талон
1. Мемлекеттік бақылауды тағайындаған мемлекеттік органның атауы: (органның коды бойынша сөздік деректеме)
2. Мемлекеттік бақылау актісінің нөмірі: (нөмір)
3. Уәкілетті органда тіркеудің реттік нөмірі: (нөмір)
3. 1. Актіні тіркеу күні: (күні)
4. Мемлекеттік бақылаудың нақты басталған күні: (күні)
5. Мемлекеттік бақылаудың нақты аяқталған күні: (күні)
6. Мемлекеттік бақылаудың нәтижелері: (1 – бұзушылықтар анықталмады; 2 – бұзушылықтар анықталды; 3 – бақылауды жалғастыру; 4 – бақылаудың күшін жою)
7. Заңнама саласында бұзушылықтар анықталды: (Мемлекеттік бақылау кезінде талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілер тізімі)
8. Тексеру жүргізу арқылы құқықтары мен мүдделері қорғалды: (1 – жеке тұлғаның; 2 – заңды тұлғаның; 3 – жеке кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2 – шағын кәсіпкерлік, 3-3 – орта кәсіпкерлік, 3-4 – ірі кәсіпкерлік; 4 - мемлекеттік ұйымның, оның ішінде: 4-1 – мемлекеттік органның; 4-2 – мемлекеттік кәсіпорынның; 4-3 – мемлекеттік мекеменің; 5 – коммерциялық емес ұйымның)
9. Қабылданған шаралар: (1 – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 2 –нұсқама енгізілді, 3 – өзге шара қолданды, 4 – жедел ден қою шарасы немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шарасы қолданды).
9.1. Жедел ден қою шарасының немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шарасының түрі: (деректеме)
10. Әкімшілік хаттаманың нөмірі: (нөмір)
11. Мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша жауаптылыққа тартылды: (1 – жеке тұлға; 2 – заңды тұлға; 3 – жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-2 – шағын кәсіпкерлік, 3-3 – орта кәсіпкерлік, 3-4 – ірі кәсіпкерлік; 4 –мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 4-1 – мемлекеттік орган; 4-2 – мемлекеттік кәсіпорындар; 4-3 – мемлекеттік мекемелер; 5 – коммерциялық емес ұйымдар)
12. Анықталған залал сомасы: (сомасы)
13. Оның ішінде мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде өндірілді: (сомасы)
14. Оның ішінде мемлекет пайдасына: (сомасы)
15. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен рәсімдік бұзушылықтар сомасы анықталды: (сомасы)
16. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану сомасы анықталды: (сомасы)
17. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен басқа да бұзушылық сомасы анықталды: (сомасы)
18. Материалдар сотқа мәжбүрлеп әрекет ету үшін жіберілді: (1 – қызметті тоқтата тұру; 2 – лицензияны тоқтата тұру; 3 – қызметке тыйым салу)
19. Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді: (органның коды бойынша сөздік деректеме)
20. Жіберілген күні: (күні)
21. Құқық қорғау органының Ақпаратты есепке алу кітабында (Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі) тіркелді: (нөмір)
22. Тіркеу күні: (күні)
Бақылау мен қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісі) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акті
№_______
20____жылғы "____" _________
1. Мемлекеттік органның атауы ___________________________________________________
2. Профилактикалық бақылау, тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның лауазымы______________________________________
3. Профилактикалық бақылау, тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар туралы мәлімет_________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (профилактикалық бақылау, тексеру жүргізу тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақтың учаскесі_____________________
_________________________________________________________________________________
5. Тағайындалған профилактикалық бақылау, тексеру нысаны__________________________________________________________________________
6. Профилактикалық бақылау, тексеру жүргізудің мерзімі 20__ жылғы "___" __________
20__жылғы "___" ___________
7. Профилактикалық бақылау, тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің профилактикалық бақылауға, тексеруге жататын міндетті талаптары _________________________________________________________________________________
8. Тексерілетін кезең 20___ жылғы "___" _____ 20 ____ жылғы "___" ____аралығында
9. Актіге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)_ _________________________________________________________________________________
10. QR-код
11. Заңды тұлға басшысының немесе оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы____________________________
Ескертпе: осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.

***штрих-код ТСОБТ-дан алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 155-бабында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері көзделеді.

Тексерудің негізділігін "Qamqor" ұялы қосымшасын жүктеу немесе qamqor.gov.kz сілтемесіне кіру арқылы тексере аласыз
Бақылау мен қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісі) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акті
№_____ 20____жылғы "___" __________
1. Мемлекеттік органның атауы____________________________________________________
2. Тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
кезде) және оның лауазымы________________________________________________________
3. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар
туралы мәліметтер________________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының
және (немесе) өкілдігінің атауы, оған қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақтың учаскесі ________________________________
5. Тағайындалған тексерудің нысанасы______________________________________________
6. Тексеру жүргізу мерзімі 20__ жылғы "___" ___________ 20__ жылғы "___" ____________ аралығы.
7. Тексеру жүргізу мерзімі 20__ жылғы "__" ________ 20__ жылғы "__" __________
аралығында ұзартылды.
8. Тексеру мерзімін ұзартудың құқықтық негіздері____________________________________
9. Актіге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
________________________________________________________________________________
10. QR-код
Ескертпе: осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына
сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.

***штрих-код ТСОБТ-дан алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
Профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру тағайындау туралы актіні, профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы қорытынды
№_____ 20____жылғы "____"_________ Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін және (немесе) тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы, профилактикалық бақылау мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні және (немесе) тексерілетін субъектінің (объектінің) тексеруін (бұдан әрі – акт) қарағаннан кейін_________________________________________________________________, (бақылау және қадағалау және (немесе) тексерілетін субъектінің, объектінің атауы) ұсынған_________________________________________________________________________ (тіркеу және есепке алу субъектінің атауы) 20__жылғы "___"_______№________ жоғарыда көрсетілген актіні тіркеуден мынадай негіздер бойынша бас тартылғанын хабарлаймыз:____________________________________ (бас тарту негіздемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме) ________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитететінің аумақтық және оған теңестірілген органының бірінші басшысының____________________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) _________________ (қолы) QR-код
Ескертпе: осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.

***штрих-код ТСОБТ-дан алынған жзәне актіге қол қоюға уәкілдің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
Профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акті тіркеудің күшін жою туралы қорытындысы
№_____ 20____жылғы "____"_________ _________________________________________________________________________________, (бақылаушы органның атауы) қатысты профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру материалдарын зерттеу _________________________________________________________________________________, (бақылау және қадағалау және (немесе) тексерілетін субъектінің, объектінің атауы) ұсынған__________________________________________________________________________ (тіркеу және есепке алу субъектінің атауы) анықтады, 202__жылғы "___" _______ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті___________________ ____________________________________тіркелген____________________________________ (актінің атауы) тіркеу үшін 202__жылғы "___" ______ №__ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 5-тармағы ___) тармақшасының негізінде. Зерттеу_____________________________________________________________ көрсетті, тіркеу (өтініш, сот актісі және т.б.) туралы шешім_____________________________________________________________________ (актінің атауы) _________________________________________________ мынадай негіздер бойынша заңсыз болып табылады:_________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (күшін жою негізі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме) _________________________________________________________________________________. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну Қағидаларының 23-тармағын, 23-1-тармағының __) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген (тіркеу нөмірі 21964) _________________________________________________________________________________ (бақылаушы органның атауы) тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданды________________________________________ _________________________________________________________________________________ (актінің атауы) 202____жылғы "____"_________ тіркеу үшін №___________ қатысты _________________________________________________________________________________. (бақылау және қадағалау және (немесе) тексерілетін субъектінің, объектінің атауы) Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабардар ету. _________________________________________________________________________________ (уәкілетті органның лауазымды тұлғаның (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)) QR-коды
Ескертпе: осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.

***штрих-код ТСОБТ-дан алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
"Мемлекеттік бақылау нысандарын тіркеу және есепке алу туралы" № 1-П нысанды есеп
Атауы | Сызық | Барлығы | Мемлекеттік меншік | 2-бағаннан | Жеке меншік | Жеке кәсіпкерлік субъектілері | 6-бағаннан | жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар | |||||||
мемлекеттік мекеме | мемлекеттік кәсіпорын | оның ішінде шағын кәсіпкерлік объектілері | олардың ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі | оның ішінде орта кәсіпкерлік объектілері | оның ішінде ірі кәсіпкерлік объектілері | Өзге де | |||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||
Есепті кезеңнің соңында қалған аяқталмаған тексерулер | 1 | ||||||||||||||
оның ішінде | тоқтатылғаны | 2 | |||||||||||||
жұмыс барысында | 3 | ||||||||||||||
Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны | 4 | ||||||||||||||
4-жолдан | талаптарға сәйкестендіруге | 5 | |||||||||||||
жоспардан тыс | 6 | ||||||||||||||
6 жолдан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес | 5-тармақтың 1) тармақшасы | 7 | |||||||||||||
5-тармақтың 2) тармақшасы | 8 | ||||||||||||||
5-тармақтың 2-1) тармақшасы | 9 | ||||||||||||||
5-тармақтың 3) тармақшасы | 10 | ||||||||||||||
5-тармақтың 4) тармақшасы | 11 | ||||||||||||||
5-тармақтың 5) тармақшасы | 12 | ||||||||||||||
5-тармақтың 5-1) тармақшасы | 13 | ||||||||||||||
5-тармақтың 5-2) тармақшасы | 14 | ||||||||||||||
5-тармақтың 6) тармақшасы | 15 | ||||||||||||||
5-тармақтың 7) тармақшасы | 16 | ||||||||||||||
5-тармақтың 8) тармақшасы | 17 | ||||||||||||||
8- тармақ | 18 | ||||||||||||||
9- тармақ | 19 | ||||||||||||||
10- тармақ | 20 | ||||||||||||||
Салықтық тексерулер | 21 | ||||||||||||||
Өзге тексерулер (жалпы тәртіптен алынған) | 22 | ||||||||||||||
Тексеруге ұшыраған объектілердің саны | 23 | ||||||||||||||
Аяқталған тексерулердің саны | 24 | ||||||||||||||
оның ішінде | Бұзушылықтар анықталды | 25 | |||||||||||||
Бұзушылықтар анықталмады | 26 | ||||||||||||||
Жүргізілмеген тексерулердің саны (есептен шығарылған) | 27 | ||||||||||||||
Заңсыз тексерулер саны | 28 | ||||||||||||||
Тексеруді тағайындау туралы актіні шығарусыз және оны тіркеусіз | 29 | ||||||||||||||
оның ішінде | прокуратурамен | 30 | |||||||||||||
құқықтық статистика органымен | 31 | ||||||||||||||
сотпен | 32 | ||||||||||||||
мемлекеттік органның бастамасымен | 33 | ||||||||||||||
Тексеру жүргізу тәртібі бұзылған | 34 | ||||||||||||||
оның ішінде | прокуратурамен | 35 | |||||||||||||
құқықтық статистика органымен | 36 | ||||||||||||||
сотпен | 37 | ||||||||||||||
мемлекеттік органның бастамасымен | 38 | ||||||||||||||
Профилактикалық бақылау | 39 | ||||||||||||||
Қағидалардың 8-тармағында көзделген бақылаудың өзге де нысандары | 40 | ||||||||||||||
Тіркеуден бас тартылған тексерулер мен профилактикалық бақылау тағайындау туралы актілердің (қосымша актілердің) саны | 41 | ||||||||||||||
оның ішінде Қағиданың 16-тармағы бойынша: | 1) тармақшасы бойынша | 42 | |||||||||||||
2) тармақшасы бойынша | 43 | ||||||||||||||
3) тармақшасы бойынша | 44 | ||||||||||||||
4) тармақшасы бойынша | 45 | ||||||||||||||
5) тармақшасы бойынша | 46 | ||||||||||||||
6) тармақшасы бойынша | 47 | ||||||||||||||
7) тармақшасы бойынша | 48 | ||||||||||||||
8) тармақшасы бойынша | 49 | ||||||||||||||
9) тармақшасы бойынша | 50 | ||||||||||||||
10) тармақшасы бойынша | 51 | ||||||||||||||
11) тармақшасы бойынша | 52 | ||||||||||||||
12) тармақшасы бойынша | 53 | ||||||||||||||
