"Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39111 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ОМО жергілікті уәкілетті органдар (бұдан әрі – ЖУО) ұсынған өтінішхаттарды Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес олар электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қор қаражатын ЖУО-ның тиісті шоттарына аударуды ОМО мемлекеттік қазынашылық органдарына РБК шешімімен және мақұлданған Тізбемен қоса төлеуге берілетін шот ұсыну жолымен "Қазынашылық-клиент" цифрлық жүйесі арқылы жүргізеді.

      19. ОМО және (немесе) ЖУО шотынан қаражат "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 (бұдан әрі – № 328 Рәсімдері) бұйрығына сәйкес жұмсалады.

      20. Қор қаражатын ОМО және (немесе) ЖУО шоттарынан пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Бюджет кодексінің 110-бабының 3-тармағына және № 328 Рәсімдерінің 6-тарауының 7, 8, 9, 10 және 11-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қор шотын және ОМО және (немесе) ЖУО шоттарын ашу және жабу тәртібі № 328 Рәсімдерінің 4-тарауының 3 және 4-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ай сайын 25-ші күнге дейін мемлекеттік қазынашылық органдарының "Қазынашылық-клиент" цифрлық жүйесі арқылы Қор шотына қаражат түсімдерінің мониторингін жүргізеді.";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қазынашылық Қор қаражатын пайдалану мониторингі шеңберінде деректерді салыстыру үшін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қор қаражатының ОМО және ЖАО арнаулы шоттарында қалдықтарының болуы туралы ақпарат береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан бірінші күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он сегізінші абзацтарын қоспағанда, сондай-ақ 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші, алтыншы, сегізінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 432 бұйрығына
1-қосымша
Арнаулы мемлекеттік қор
қаражатын пайдалану және
мониторингтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Жобаға әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхат

      Орталық мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан әрі – Қор) қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жобаға

      ____________________________________________________________________

      (әлеуметтік және экономикалық жобалардың атауын көрсету)

      тізбесін енгізуді сұрайды

      Әлеуметтік/экономикалық жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:

      1) сметалық құны _____________ мың теңге;

      2) _______________ № __________ жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) және инвестициялық ұсыныстың, техникалық-экономикалық негіздеменің және қаржылық-экономикалық негіздеменің оң экономикалық қорытындысы;

      3) жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны _____ мың теңге;

      4) жобалық қуаттылығы _____________орын;

      5) қабаты ____;

      6) ауданы (жалпы, кабинеттер) _________ шаршы метр;

      7) орналасқан жері (мекенжайы) __________________________________;

      8) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ________________________;

      9) жер учаскесінің ауданы__________________________________.

      Инвестициялық жоба бойынша Қордан қаржыландырудың талап етілетін

      сомасы _____________________________ (сандармен және жазумен) мың теңге.

      Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      жаңа объектілерді салуға арналған кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) және инвестициялық ұсыныстың, техникалық-экономикалық негіздеменің және қаржылық-экономикалық негіздеменің оң экономикалық қорытындысы.

      Қосымша: ______________ парақта.

      Орталық мемлекеттік орган басшысы / астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі

      ___________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөр орны

  2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 432 бұйрығына
2-қосымша
Арнаулы мемлекеттік қор
қаражатын пайдалану және
мониторингтеу қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға/тиісті саланың орталық мемлекеттік органына

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-АМҚ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: _______тоқсан _______жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті саланың орталық мемлекеттік органы/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы үшін-есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20-ші қаңтарына дейінгі мерзімде;

      тиісті саланың орталық мемлекеттік органы үшін-есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ші күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25-ші қаңтарына дейінгі мерзімде.

      Бизнес сәйкестендіру нөмер:














      Жинау әдісі: электрондық түрде

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Код

Орталық мемлекеттік органның/ жергілікті уәкілетті органның атауы

Жобаның атауы

Сметалық құны (жобаның смета құжаты бойынша)

Жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны

Шарттың күні мен нөмірі

Бірлесіп қаржыландыру:

республикалық бюджеттен

жергілікті бюджеттен

1

2

3

4

5

6

7

8

















      кестенің жалғасы

Жыл басындағы пайдаланылмаған қалдық

Арнайы шотқа аударылды

Пайдаланылды

Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қалдық

Үнемдеу сомасы

Арнаулы мемлекеттік қорға қайтару сомасы

Қол жеткізілген нәтиже/қол жеткізбеу себептері

9

10

11

12

13

14

15















      Атауы: ________________________________________________________

      Мекенжайы:____________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Телефоны: ______________________

      Электрондық пошта мекенжайы: __________________

      Орындаушы: _______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Орталық мемлекеттік органның басшысы / астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі

      __________ _____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөр орны

      Ескертпе: "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанына қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Арнаулы мемлекеттік қордан
бөлінген қаражаттың
пайдаланылуы туралы есеп"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-АМҚ, тоқсан сайын, жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанды толтыру бойынша тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдары жасауға және ұсынуға арналған.

      2. Нысанды орталық мемлекеттік органның басшысы/ астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. 1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі.

      5. 2-бағанда орталық мемлекеттік органның/жергілікті уәкілетті органның атауы көрсетіледі.

      6. 3-бағанда инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі.

      7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі.

      8. 5-бағанда жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі.

      9. 6-бағанда өнім берушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

      10. 7-бағанда республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға бөлінген қаражаттың көлемі көрсетіледі.

      11. 8-бағанда жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға бөлінген қаражаттың көлемі көрсетіледі.

      12. 9-бағанда жыл басындағы Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының/бюджет қаражатының пайдаланылмаған қалдығы көрсетіледі.

      13. 10-бағанда арнайы шотқа аударылған Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының сомасы көрсетіледі.

      14. 11-бағанда Арнаулы мемлекеттік қордың пайдаланылған қаражаттың сомасы көрсетіледі.

      15. 12-бағанда есепті кезеңнің соңында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы көрсетіледі.

      16. 13-бағанда Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының үнемдеу сомасы көрсетіледі.

      17. 14-бағанда Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару сомасы көрсетіледі (Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалардың 23 және 25-тармақтарына сәйкес).

      18. 15-бағанда қол жеткізілген нәтиже не қол жеткізбеу себептері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады