ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17973 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйелері арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтініш беруші ұсынған құжаттардағы мәліметтерді тексеру және өтініш берушінің рұқсат беру талаптарын сақтауын тексеру барысында рұқсат беру органы цифрлық жүйелерді пайдаланады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санаттағы рұқсат иесінің тіркеуіне қойылады.";
көрсетілген бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
20____ жылғы "___" ______ бастап 20_____ жылғы "___" _____ дейінгі кезеңде өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп
Р/с № | Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының атауы, техникалық зерттеу бойынша қорытындының нөмірі және күні | Өткізу үшін негіз (келісімшарттың (шарттың) нөмірі, жасалу және орындау мерзімі, өткізуге шарт жасалған ұйымның заңды және нақты мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (болса), байланыс телефондары) | Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
_______________________________________________________________
басшының лауазымы, қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
М.О. (ол болған жағдайда) ______________________ қойылған күні
Ескертпе: | өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп DOC форматтағы 2-санатты рұқсаты бар уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санаттағы рұқсат иесінің тіркеуіне қойылады. |
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге)
рұқсат беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ құжат(тар)қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші рұқсатты беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының толық атауы)
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге)
рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________ (пошталық
индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факс ________________________________________________________
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) _________ құжат(тар) қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші рұқсатты беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы _________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
