Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39073 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 23 маусымдағы
№ 266
Бұйрықпен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32649 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;".

      2. "Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      11) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      12-1-тармақтың он бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      49-1-тармақтың 8) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      Білім беру ұйымындағы кәсіптік оқыту бойынша № _____ әлеуметтік келісімшарттың нысанында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі № ____ әлеуметтік келісімшарт

      ________________________________ ___________________ Жасалған орны Күні

      Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын

      __________________ облыстың (астананың, республикалық маңызы бар

      қаланың) еңбек мобильділігі орталығы атынан _______________________ (ереже, жарғы және т.б)

      негізінде әрекет ететін ______________________________________________, (директордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын ________________________________ (ереже. жарғы және т.б)

      негізінде әрекет ететін _______________________________________________ (жұмыс берушінің толық атауы)

      атынан _____________________________________, бұдан әрі "Білім алушы" (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      деп аталатын жұмыссыз _____________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      және бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын кәсіптік оқытуды өткізетін

      білім беру ұйымы ___________________________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы)

      атынан ______________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже, жарғы және т.б)

      __________________________________________________________________, (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және ___________________________ ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:";

      1.2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:

      Жұмыс берушідегі жұмыс орнында оқыту бойынша № _____ әлеуметтік келісімшарттың нысанында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту бойынша № _______ әлеуметтік келісімшарт

      ________________________________ _____________________ Жасалған орны Күні

      Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын ______________ облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) еңбек мобильділігі орталығы атынан ________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже, жарғы және т.б)

      __________________________________________________________________, (директордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын ________________________________ (ереже. жарғы және т.б)

      негізінде әрекет ететін _______________________________________________ (жұмыс берушінің толық атауы)

      атынан ______________________________________, бұдан әрі "Білім алушы" (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      деп аталатын жұмыссыз _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және ___________________________ ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:";

      1.2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      3. "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастаманы қолдауға жәрдемдесу шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;";

      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік масс-медиа өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қала, астана, республикалық маңызы бар қала деңгейінде комиссия құрады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Еңбек мобильділігі орталығы шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушға тіркелген дара кәсіпкердің ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың салық органына береді.

      Грант қаражатын пайдалану тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.";

      38-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      44-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамында 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен мәслихат депутаттарынан тұратын астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      4. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      6-тармақтың 8) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері үшін:

      астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалаларда қызметін жүзеге асыратындар үшін 1-ден 10 жұмыс орнына дейін;

      облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде қызметін жүзеге асыратындар үшін 1-ден 5 жұмыс орнына дейін;";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы № _____ шарттың нысанында:

      1.2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады