ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өрттен болған материалдық шығын – жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне, өзге де негізгі қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкіне келтірілген залалды қоса алғанда, егер олар өртке тікелей байланысты туындаған болса, жойылған және бүлінген материалдық құндылықтардың құндық мәні;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) тұтану – жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекет мүдделеріне материалдық нұқсан келтірмеген, бақыланбайтын жану;";
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.";
21-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялар нәтижесінде зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы, медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу бойынша мәліметтерді салыстыра тексеруді жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
