БҰЙЫРАМЫН
1. "Балқаш – Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36022 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал 247+700 км –2151+000 км (KAZ01) республикалық маңызы бар I-Б санатты Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жол жүру республикалық маңызы бар "Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз", облыстық маңызы бар "Аягөз – Тансық – Ақтоғай – Лепсі – Матай – Мұлалы – Үштөбе", республикалық маңызы бар "Көктал – Шонжы – Көкпек – Алматы – Құрты – Қонаев", облыстық маңызы бар "Құрты – Бақанас – Топар – Қаншеңгел" баламалы автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 247+700 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 2151+000 км";
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 645,64 км";
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрықты жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысу және түйісу мекенжайлары км + метр | Белгіленген қиылысу және түйісу бойынша елді мекендердің атауы |
Қарағанды облысы | |
Бұқар жырау ауданы | |
км 247+000 | Сарыарқа ауылы |
км 247+000 | Атамекен ауылы |
км 252+000 | Курминка ауылы |
км 257+000 | Жұмабек ауылы |
км 265+000 | Спасск ауылы |
Шет ауданы | |
км 293+000 | Ақбастау ауылы |
км 305+000 | Қызылқой ауылы |
км 322+000 | Нұраталды ауылы |
км 326+000 | Ақсу ауылы |
км 357+000 | Ақсу-Аюлы кенті |
км 398 +000 | Батыстау ауылы |
км 451+000 | Ақшатау кенті |
км 475+000 | Ақжал кенті |
км 497+000 | Машақ-Болыс ауылы |
Ақтоғай ауданы | |
км 544+000 | Бетау-ата кенті |
км 652+000 | Гүлшат ауылы |
км 698+000 | Тасарал ауылы |
Балқаш қаласы | |
км 591+000 | Балқаш қаласы |
км 612+000 | Торанғалық ауылы |
км 617+000 | Шұбартүбек ауылы |
км 631+000 | "Гольфстрим" демалыс аймағы |
Жамбыл облысы | |
Мойынқұм ауданы | |
км 2035+608 | Қашқантеңіз стансасы |
км 2081+510 | Мынарал кенті |
км 2124+465 | Үлкен кенті |
км 2128+285 | Шығанақ ауылы |
км 2151+620 | Бұрылбайтал ауылы |
| 2Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 23 маусымдағы № 157 бұйрығына 2 – қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Қарағанды - Балқаш – Бұрылбайтал 247+700 км - 2151+000 км учаскесі (KAZ01) Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске))
АЕК:
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар | ||||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | км 247+700 - км 258+000 (10,3 км) | 0,0086 | 0,0075 | 0,0219 | 0,0187 | 0,0432 | 0,0368 | 0,0648 | 0,0550 | 0,0869 | 0,0740 | 0,1082 | 0,0921 |
2 | км 258+000 - км 289+000 (31 км) | 0,0260 | 0,0225 | 0,0658 | 0,0563 | 0,1300 | 0,1109 | 0,1949 | 0,1655 | 0,2616 | 0,2227 | 0,3258 | 0,2772 |
3 | км 289+000 - км 321+000 (32 км) | 0,0268 | 0,0233 | 0,0680 | 0,0581 | 0,1341 | 0,1145 | 0,2012 | 0,1708 | 0,2701 | 0,2298 | 0,3363 | 0,2862 |
4 | км 321+000 – км 356+300 (35,3 км) | 0,0296 | 0,0257 | 0,0750 | 0,0641 | 0,1480 | 0,1263 | 0,2220 | 0,1884 | 0,2979 | 0,2535 | 0,3709 | 0,3157 |
5 | км 356+300 - км 404+800 (48,5 км) | 0,0407 | 0,0352 | 0,1030 | 0,0881 | 0,2033 | 0,1735 | 0,3050 | 0,2589 | 0,4093 | 0,3484 | 0,5097 | 0,4337 |
6 | км 404+800 - км 453+800 (49 км) | 0,0411 | 0,0356 | 0,1041 | 0,0890 | 0,2054 | 0,1753 | 0,3081 | 0,2616 | 0,4136 | 0,3519 | 0,5149 | 0,4382 |
7 | км 453+800 - км 499+800 (46 км) | 0,0386 | 0,0334 | 0,0977 | 0,0836 | 0,1928 | 0,1646 | 0,2893 | 0,2455 | 0,3882 | 0,3304 | 0,4834 | 0,4114 |
8 | км 499+800 - км 545+800 (46 км) | 0,0386 | 0,0334 | 0,0977 | 0,0836 | 0,1928 | 0,1646 | 0,2893 | 0,2455 | 0,3882 | 0,3304 | 0,4834 | 0,4114 |
9 | км 545+800 - км 606+700 (60,9 км) | 0,0511 | 0,0443 | 0,1294 | 0,1106 | 0,2553 | 0,2179 | 0,3830 | 0,3251 | 0,5140 | 0,4374 | 0,6400 | 0,5446 |
10 | км 606+700 - км 1869+760 (5,4 км) | 0,0045 | 0,0039 | 0,0115 | 0,0098 | 0,0226 | 0,0193 | 0,0340 | 0,0288 | 0,0456 | 0,0388 | 0,0567 | 0,0483 |
11 | км 1869+760 - км 1888+000 (18,24 км) | 0,0153 | 0,0133 | 0,0387 | 0,0331 | 0,0765 | 0,0652 | 0,1147 | 0,0974 | 0,1539 | 0,1310 | 0,1917 | 0,1631 |
12 | км 1888+000 - км 1911+950 (23,95 км) | 0,0201 | 0,0174 | 0,0509 | 0,0435 | 0,1004 | 0,0857 | 0,1506 | 0,1278 | 0,2021 | 0,1720 | 0,2517 | 0,2142 |
13 | км 1911+950 - км 1954+500 (42,55 км) | 0,0357 | 0,0309 | 0,0904 | 0,0773 | 0,1784 | 0,1522 | 0,2676 | 0,2271 | 0,3591 | 0,3056 | 0,4471 | 0,3805 |
14 | км 1954+500 - км 1989+150 (34,65 км) | 0,0291 | 0,0252 | 0,0736 | 0,0629 | 0,1453 | 0,1240 | 0,2179 | 0,1850 | 0,2925 | 0,2489 | 0,3641 | 0,3099 |
15 | км 1989+150 - км 2035+800 (46,65 км) | 0,0391 | 0,0339 | 0,0991 | 0,0847 | 0,1956 | 0,1669 | 0,2933 | 0,2490 | 0,3937 | 0,3351 | 0,4902 | 0,4172 |
16 | км 2035+800 - км 2063+000 (27,2 км) | 0,0228 | 0,0198 | 0,0578 | 0,0494 | 0,1140 | 0,0973 | 0,1710 | 0,1452 | 0,2296 | 0,1954 | 0,2858 | 0,2433 |
17 | км 2063+000 - км 2104+800 (41,8 км) | 0,0350 | 0,0304 | 0,0888 | 0,0759 | 0,1752 | 0,1495 | 0,2628 | 0,2231 | 0,3528 | 0,3002 | 0,4392 | 0,3738 |
18 | км 2104+800 - км 2151+000 (46,2 км) | 0,0387 | 0,0336 | 0,0981 | 0,0839 | 0,1937 | 0,1653 | 0,2905 | 0,2466 | 0,3899 | 0,3318 | 0,4855 | 0,4132 |
Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (645,64 км) | 0,5413 | 0,4691 | 1,3714 | 1,1729 | 2,7066 | 2,3096 | 4,0599 | 3,4464 | 5,4493 | 4,6373 | 6,7846 | 5,7741 | |
1) абоненттік төлем – бұл жергілікті автокөлік үшін абонемент түріндегі белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті автокөлік – ақылы учаскеге іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен бір ауданнан тысқары жерлерге көшкен кезде тіркелген автокөлік құралы.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
км – километр;
м – метр;
т – тонна.
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Қарағанды облысы | |
Балқаш қаласы | |
1 | Торанғалық ауылы |
2 | Шұбартүбек ауылы |
3 | "Гольфстрим" демалыс аймағы |
Ақтоғай ауданы | |
4 | Гүлшат ауылы |
5 | Тасарал ауылы |
6 | Сарышаған ауылы |
7 | Приозерск қаласы |
Жамбыл облысы | |
Мойынқұм ауданы | |
1 | Қашқантеңіз стансасы |
2 | Мынарал кенті |
3 | Үлкен кенті |
4 | Шығанақ ауылы |
5 | Бұрылбайтал ауылы |
